Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 7767 |
|
|
|
Сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі
Сабақтың тақырыбы: Сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі оның нәтижесі туралы білім беру, сұраным мен ұсыныс қисықтарын графикте құруды үйренту, таныстыру; аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы нарық мәдениетінің негізі туралы оқушыларға түсінік беру; өзінің шешіміне экономикалық тұрғыдан сауатты жауап бере алатын тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, бірлескен ұжымдық әрекет.
/актив студио бағдарламасы көмегімен/
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, есептер, суреттер, түсті жетондар, смайликтер
Негізгі түсініктер: Тепе-теңдік, артық тауарлар жағдайы, тапшылық.
Практикалық жұмыс:
- есептер;
- проблемалық тапсырмалар;
- графиктер;
- сурет-ассоциация;
- іскерлік ойын
СЛАЙД1 Оқушылар бүгін сіздер сабақтың барысында «Өмірде экономикалық білім қажет (қажет емес)» деген мәселе бойынша нақты жауап беруге дайындалу керексіңдер. (Менің ойымша...)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі Нарық еліне саяхат
Оқушылар екі топқа бөлінеді: сатушылар, сатып алушылар
2. І –тур: «Білгенге маржан, бімегенге арзан» СЛАЙД2 Үй тапсырмасын сұрау
А) Тест орындайды /7 сұрақ/ тестировшик құрылғысымен тест орындайды.
/жауабы бірден шығарылады/
СЛАЙД3: Біз ерін далабын шығарумен айналыспаймыз,
Тұтынушыларды сатып алумен айналысамыз.
Фабрикада опа-далап жасасақ, дүкенде үміт сенімін сатамыз
Ч.Ревлон, «Ревлон косметикс» корпорациясы
Не туралы айтылып тұр деп ойлайсыздар? /ұсыныс/
ә) терминологиялық сергіту: «Білім тірегі» СЛАЙД 4
фигураның астында жасырылған терминдердің анықтамасын айту керек.
- сұраныс
- сұраныс өлшемі
- сұраныс заңы
- сұранысқа бағадан басқа әсер етуші факторлар
- субститутты тауарлар
- комплементарлық тауарлар
- ұсыныс
- ұсыныс өлшемі
- ұсыныс заңы
- ұсынысқа бағадан басқа әсер етуші факторлар
б) «Сұраным. Ұсыныс» тақырыбы бойынша жағдайды талдау: СЛАЙД 5
Фронтальді жұмыс:
1) Магнитофондар нарығы. Кассетаның бағасы өсті. Магнитофонға деген сұраныс қалай өзгереді? Бұл қандай тауарлар?
2) Қой етінің бағасы өсті. Сиыр етіне сұраным қалай өзгереді?
3) Үстелге даген баға өсті. Орындықтардың ұсынысы туралы не айтуға болады?
4) Құрымның бағасы өскендіктен, аяқ киім сататын дүкендердің басшылары, сатушылардың бір бөлігін жұмыстан шығарды. Неге?
5) Тұрғындардың табыстары өзгергенде тұзға деген сұраным қалай өзгереді?
6) Ал тұзға деген сұраныс қисығын не өзгерте алады?
7) Минералды тынайтқыштардың бағасы өсті. Бидайдың ұсынысы қалай өзгереді?
8) Болат өндірісі. Мәселен болат өндірісінде шығындарды үнемдейтін жаңа технология енгізілді. Нарықта болат ұсынысы өзгере ме?
9) Жаңа жыл мерекесінің алдында сұранысқа байланысты шампанское сусынының бағасы шарықтайтыны белгілі. Қазан-қараша айларында шампанское сусынын өндірушілерге не істеуге болады?
3. Мұғалім: Оқушылар, енді 1630ж. Голландияда болған қиялғажайып оқиға назар аударайық. Бұл тарихи оқиға «Ессіз қызғалдақ»деп аталды. СЛАЙД6
Оқушылардың сөйлеуі / «ессіз қызғалдақ» туралы/ Нүргүл
3.1 Жаңа тақырыпты түсіндіру. «Сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі»
Іскерлік ойын: «Тұтынушы- сатушы».СЛАЙД7
Оқушылар топқа бөлінеді: тұтынушылар, сатушылар, сауда жүпгізушісі
Тапсырма: Сауда ұйымдастыру. Сұраным ұсыныспен қалай «келісетінін» анықтау, жауап беру.Екі жақтың іс-әрекетінен кейін қандай баға қалыптасады?
Тақтада кесте: СЛАЙД8
тұтынушылар қымбат болмау керек сатушылар арзан болмау керек
А1 3000 В1 1000
А2 2800 В2 1100
А3 2600 В3 1500
А4 2400 В4 1700
А5 2200 В5 2000
А6 2100 В6 2150
А7 2000 В7 2500
А8 1800 В8 2600
А9 1700
А10 1500
Сауда жүргізушісі:
Демалыстың таң сәрісімен N қаласының сауда алаңында бір топ адамдар жиналды. Сүйікті «Кешю» тобының компакт-дискісін алу үмітімен біреулері (10 адам) қалың қалтамен, бірақ бос қолдарымен, ал екіншілері (8 адам) осы компкт- дискіні сатуға келді.
Тұтынушылар да сатушылар да осы келісімнен барынша көп пайда табуға тырысады. Сауда екі жаққа да тиімді болуы шарт.
Мұғалім: Мұндай жағдайда компакт-дискінің бағасы қалай тағайындалады?
Сауда жүргізушісі: Назар аударыныз! Нарық ашық! Сауда басталды.
К-дискінің бастапқы бағасы 1300 теңге. Нарықта қандай жағдай болады?
В1және В2 сатушылар: Біздер таңдау үстіндеміз.Егер тауарды қазір сатсақ, онда біз аз пайда табамыз. Біздер әзірге сатпаймыз.
Сауда жүргізушісі: тұтынушылар уайымдап бастап жатыр.Олар ұсынылған бағаға дискіні алуға бәрі дайын, бірақ сатушылар пайдалы келісім үшін дискіні ұстап отыр. Кім көбірек береді?
Тұтынушылар: Ал, біздер өзіміздің қызығушылығымызға қайшы келетін болса да, жоғары баға тағайындаймыз-1600 теңге.
Сауда жүргізушісі: к-дискінің бағасының өсуі неге алып келеді?
Оқушылар: -Нарықта бағалардың бәскелестігі, кейбір тұтынушыларды ығыстырып шығарады. 1600 теңгеде А10, тек 3 сатушы аз ғана табысқа қанағаттана алар еді, бірақ олар топтың жанкүйерлерінің саны көп болғандықтан, күтуде. Баға-1800 теңге-А9, 2000теңге-А8. Сауда жалғасуда. Дискті алам деушілер /тұтынушылар/саны-7. ал 2000 тг. бағасына ұсынушылар саны-5
Алина: Сатушылар өздерін қалай ұстайды?
Сатушы/Айнара/: бағаның өсуі, біздің тауарды сатуға мүмкіндігімізді күшейтеді: 1500тг. бағасы сатушы В3 тиімді,1700тг. -В4, 2000тг.- жоғары В5 пайдалы.
Ойынның соныңда тепе-теңдік баға 2100бен 2150 теңге арасында тағайындалатыны анықталады, пайда тапқан ойыншылар А1,А2,А3,А4және сатушылар В1,В2,В3,В4.
3.2. Оқушының сөзі: «А.Маршаллдың қайшысы» /Айнара/СЛАЙД9
3.3 Мұғалім: Оқушылар нарықтық тепе-теңдік қалай қалыптасатының көру үшін мына кестедегі мысалға назар аударайық.
Апта ішіндегі шабдалы шырынына сұраныс пен ұсыныс шәкілі СЛАЙД10
P, баға, теңге/л Qd,л
Сұраныс шамасы Qs,л
Ұсыныс шамасы Qd-ның Qs,л-ден асып кетуі Нарықтағы жағдай
100 400 80 Qd Qs(320л) Тапшылық
110 360 120 Qd Qs(240л) Тапшылық
120 320 160 Qd Qs(160л) Тапшылық
130 280 200 Qd Qs(80л) Тапшылық
140 240 240 Тең Тепе-теңдік
150 200 280 Qd Qs(80л) Артылып қалу
160 160 320 Qd Qs(160л) Артылып қалу
170 120 360 Qd Qs(240л) Артылып қалу
180 80 400 Qd Qs(320л) Артылып қалу
190 40 440 Qd Qs(400л) Артылып қалу
200 0 480 Qd Qs(480л) Артылып қалу
/Графикті көрсетем/
СЛАЙД11 Тапшылық дегеніміз сол нарықтағы сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан асып кететін нарықтық жағдай: Qd Qs
СЛАЙД12 Артылып қалу дегеніміз сол нарықтағы ұсыныс шамасы сұраныс шамасынан асып кететін нарықтық жағдай: Qs Qd.
СЛАЙД13 Нарықтағы тепе-теңдік дегеніміз нарықтық жағдай, мұнда:
1) сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық мүддесі теңеседі, демек сұраныс пен ұсыныс көлемі өзара тең: Qe= Qd = Qs
2)Нарықта тепе-тең баға (Ре) қалыптасады,бұл кезде сатушылар ұсынған тауарлар саны мен тұтынушылар сатып алатын тауарлар саны өзара сәйкес келеді.
3.4 СЛАЙД14 Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді графикте таба аламыз, сонымен қатар 2-жолы бар: Айталық шабдалы шырынына сұраныстың функциясы Qd = 800-4p формуласымен берілді, ал ұсыныс функциясы Qs= 4P -320 формуласымен берілді дейік.
Шешімі: Нарықта тепе-теңдік қалыптасқан жағдайда сұраныс пен ұсыныс функциялары тең болғандығынан екі функцияны өзара теңестіру арқылы тепе-тең баға мәнін табамыз:
Qd=Qs = 800-4P= 4P- 320; Pо=140.
Тепе-теңдік мөлшерін табу үшін (Qо) функциялардың кез-келгеніне нарықтың тепе-теңдігі жағдайында сұраныс пен ұсыныс бағасына тең тепе-тең баға мәнін (Ро= 140) қоямыз:
Qo= 800-4*140 не Qo= 4*140-320; Qo =240 Сөйтіп шабдалы нарығынды сұраныс пен ұсыныс функциялары берілген жағдайда баға 140 теңге/л болып,240 л сатылатын және сатып алынатын кезде нарық тепе-теңдік жағдайға келетін болады.
4. Бекіту:
4.1 Проблемалық сұрақ.СЛАЙД15
Тұтынушыларға сұрақ
Сіздер үшін нарықтағы тапшылық жағдайыны несімен жаман? Осындай жағдайға мысал келтіріңдер
Сатушыларға сұрақ
Сіздер үшін нарықтағы артық жағдай несімен жаман? Осындай жағдайға мысал келтіріңдер
4.2 Мұғалім: Нарықтағы тепе-теңдік жағдай – бірсәттік б/т. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылу себептері қандай?
«Есептей білгеннің есесі кетпейді, есептей білмеген қыр басына жетпейді» СЛАЙД16
Есеп № 1 «Қызанақтар нарығындағы жағдайды зертте»
Баға, 1кг. (тг) Сұраныс өлшемі,кг Ұсыныс өлшемі,кг.
100 10 3
120 9 4
140 8 5
160 7 6
180 6 7
200 5 8
Табу керек:
А) қызанақтар үшін сұраныс, ұсыныс қисықтарын сыз және тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді тап.
Б) 120 теңге; 200 теңге бағасында нарықта қандай жағдай орын алады: тапшылық па әлде дефицит пе?
В) Денсаулық сақтау Министрлігі қызанақтан көзі қызарып, терісіне зиян келетінін ескертті, енді осы жағдайдан кейін т-т көлем мен т-т баға қалай өзгереді?
4.3 Есеп №2 СЛАЙД17
Банан жемісінің сұраныс функциясы: Qd= 2400-100P, ал ұсыныс функциясы
Qs= 1000+250P , мұндағы Q бананың мөлшері,кг., Р-баға, 1кг.банан (жүз.тг.)
Табу керек:- банан нарығындағы т-т көлем мент-т бағаны тап,
- егер баға 300 теңге болған жағдайда қанша банан сатылады?
4.4 Сіздің ассоциацияныз қандай?СЛАЙД18
Слайдта бірнеше суреттер, түсініктер, есімдер көрсетілген, сіздер өзініздің ассоциацияларыңды келтіру керексіздер.
- маятник («нарық»3 жағдай)
- карета /арба/ (төлейалу мүмкіндігі бар сұраныс туралы Адам Смиттің сөзі)
- қайшы (А.Маршаллдың нарықтың тепе-теңдік графигі)
- тотықұс («экономистердің әзілі»)
4.5 СЛАЙД 19 Ал енді 2 топқа тапсырмалар Сұраным және ұсыныс сөздеріне синквейндер құрастыру
Мысалы: Сұраным
Тұтынушылар, төмен баға, өзгермелі, өседі ,түседі,
Ұсыныс
Сатушылар, жоғары баға,
Смайликтермен жұмыс СЛАЙД20
Смайлик «Өзіңді бағала»
Сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі /смайлик таңда/
Тапшылық /смайлик таңда/
Артылып қалу / смайлик таңда/
Барлығын графикте орналастыру
Рефлексия С21
Оқушыларға сабақтың басында берілген проблеманы талдау, дәлелдеу қажет. «Өмірде экономикалық білім қажет (қажет емес)» деген проблеманы талқылау (Менің ойымша...)
Үйге тапсырма: «Ақшаны жинау-батылдық, сақтау-данышпандық, ал оны шебер жұмсау-өнер» (Б.Ауэрбах) тақырыбында эссе жазу. /С22/
«Сұраныс пен ұсыныс» тақырыбы бойынша бақылау жұмысына дайындық.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |