Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 8964 |
|
|
|
Сары жапырақтар жауғанда
Сабақтың тақырыбы: Сары жапырақтар жауғанда
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Оқушыларды күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, күздің ерекшеліктерін жылдың басқа мезгілдерін ажырата, айыра білуге үйрету.
2.Дамытушылық мақсаты:Оқушыларды әртүрлі ойын ойнату арқылы өлеңдер,тақпақтар айтқызу,жұмбақтар шешкізу арқылы, сурет бойынша әңгіме құрауға, өз ойын еркін жеткізуге, сөйлену дағдарысы мен іскерлігін қалыптастыруға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды кузгі мақсат ерекшелігіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Күз мезгілі бейнеленген суреттер, күзгі жапырақтар,гербаршілер,топтастыру стратегиясы.
Сабақтың типі:Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі:Сұрақ жауап,түсіндіру,әңгімелеу,суретпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,айналамен таныстыру,бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
-Қазір,балалар,көркем әдебиет сабағы.
ІІ. Психологиялық дайындық,
Көжектерім тұршы,
Шашыңды тарашы
Киімінді киші
Мектепке қарай жүрші
Сабағынды оқышы
-Балалар көңіл-күйіміз қалай?
Көңіл-күйіміз өте жақсы
-Бүгінгі күннің ауа райы қалай?
Өте жақсы
ІІІ.-Олай болса,мен сіздерге мына өлеңді оқып берейін,жақсылап тыңдап отырыңыздар
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Бөбертерім,айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
-Күзде
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Күз мезгілі жайлы айтылған екен
ІV.Олай болса,мына сұрақтарға жауап беріңдерші?
-Балалар,жылдың неше мезілі бар?
-Жылдың 4 мезгілі бар.Жыл мезгілдерін атап беріңдер.
-Олар: Қыс,көктем,жаз,күз.
-Қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар
-Күз мезгілі?
-Күз айлары: Қыркүйек,қазан,қараша.
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Кім айтады?
Күзде күн суыта бастайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ағаштардың жапырақтары сарғайып,түседі,құрайды.Жапырақ жиі жауады.Күн қысқарады,түседі,құрайды.Жаңбыр жиі жауады.Күн қысқарады,түн ұзарады.
Балалар,күзде адамдардың еңбектері де ерекше.
-Қандай еңбекпен айналысады?
-Егін орады,бау-бақшаларды,жемістер мен көкөністер жинайды.
V.Сонымен күзде (схеманы көрсету)топтастару.
Бау-бақшаларды Жаңбыр жие жауады
жинаймыз. Күн суытады
Егінді жинаймыз
Күн қысқарады
Ағаштардың
жапырақтары Құстар жылы жаққа ұшады
сарғайып түсед. Таң ұзарады
VІ. Жаңа сабаққа кіріспе:
-Балалар,мен сіздерге жұмбақ жасырайын,сендер дұрыстан тыңдандар.
Жұмбақ шешу.Ағайынды бәрі
Шықса -жасыл,түссе-сары
Ол не?(жапырақ)
-Неліктен күзде ағаштардың сабақтары сап-сары болады?
-Себебі күзде ағаштардың қорегі азаяды.
-Өсімдіктер тіршілігі жыл мезгіліне байланысты неліктен өзгріске ұшырайды?
Жарық азаяды
Жылу азаяды
Жапырақтар сарғайып
қурайды
топырақтар Қорек азаяды
тоңазиды
Мұғалім
-Балалар,күз неше кезеңге бөлінеді?
-«Ерте Күз», «Алтын Күз», «Қара Күз»
Ерте Күз-жапырақтардың бәрі сарғайып,алтындай сары күйге түседі.
(Қазан айы)
Қара күз-деп атайтын себебіміз ағаштардағы жапырақтардың барлығы түсіп,шөптердің бәрі қурап.жер қараяды.Сондықтан «Қара күз »деп атаймыз.
(Қараша айы)
VII. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар,бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Сары жапырақтар жауғанда».
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шарықтан
Тамшы жерге секірді
VIII.(Гербарийлермен жұмыс)
Гербарий дегеніміз-кептірілген жапырақ.
IX. «Жапырағын таны» ойыны:
Ойынның шарты:(Үстелдің үстіне жаздағы ағаштардың жасыл жапырағын тастаймын)
X.Оқушылардан тақпақтарын сұрау:
1-оқушы
Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ,сары алтын
Айналаның,бәрі алтын.
2-оқушы
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденген халқымыз.
3-оқушы
Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді.
4-оқушы
Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толып ен далам
Дариядай шалқыған.
5-оқушы
Аспанда қаптаған
Бұлт тыным таппаған
Жөңкіліп көшеді
Суық жел еседі.
6-оқушы
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатам күзді мен.
7-оқушы
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
-Балалар,күз мезгілі туралы тақпақтарды өте жақсы білесіңдер,жақсы айттыңдар.
XI.Сергіту сәті.
Алтын,сары,қызыл,көк.
(Балалар қолдарын біртіндеп санайды)
Алуан-алуан жапырақ
(Қолдарын жоғары кқтеріп,дөңгелек жасайды)
Күзгі бақта күлімдеп
(Балалардың жүзінде күлу)
Көз тартады ажырап
(Қолдарын сүйеп,көздерін көлегейлеп, алысқа қарайды)
Ой,алақай тамаша!
(Орындарына тұрып,секіріп,алақандарын соғады)
Шашу шашты жапырақ
(Балалар шашу шашады)
XII. «Тыйым сөздерді айту »
Мен-табиғатты сүйеміни
Табиғатсыз-өмір жоқ
Суды -ластамайық
Орманға-от жақпа
Құстарды- қорғаймын
Гүлді-жақсы көремін
Табиғатты- қорғаймын.
XIII.Балалар жапырақтардан әртүрлі заттар істеуге болады.
«Көбелек»гүл,құстарды бейнелеуге болады.
XIV.Күзгі ағаштардың жапырағын салу.
XV.Сабақты қорытындылау.
1.Бүгінгісабақта қандай тақырыппен таныстық?
2. «Сары жарырақтар жауғанда»
3.Неге сары жапырақтар жауғанда деп айтамыз?
4.Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып,қурап түседі.
5.Үйден күзгі жапырақтарды теріп жинаймыз.
XVI.Оқушыларды бағалау.
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Жаңақоныс орта мектебі
МАД тобының тәрбиешісі
Балымбет Айнагул Айжарыққызы
Көркем әдебиет
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |