Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.


Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев  «Толағай» әдеби ертегісі.

Сабақтың мақсаты:
А/Ә.Тәжібаев туралы қысқаша мағұлмат беру. «Толағай» әдеби ертегісімен таныстыру.
Б/Мәнерлеп оқуға машықтандыру.Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету.
В/Оқушыларды қайырымды болуға,жанашыр болуға тәрбиелеуОтанға деген сүіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі:Әдеби ертегіні талдау,мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:Оқушылырмен амандасып,назарларын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасы:
Зымыран сұрақтар.
/Өткен тақырыптар бойынша қайталау./
1/Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2/Қойдың пірі қалай аталады?
3/Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не?
4/Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетінешарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар кім?
5/  «Аяз би» ертегісіндегі адамның жаманы,құстың жаманы,шөптің жаанын тауып әкелуге бұйрық берген кім?
6/Жерұйықты іздеген кім?
7/Ер төстіктің мінген тұлпары?
8/Құранды толық меңгерген адады қалай атайды?
9/Мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндір?
10/Құранда неше сүре бар?
11/Аңыз дегеніміз не?
 III.Жаңа сабақ:/Ә.Тәжібаев өмірі мен әдеби ертегі туралы қысқаша мәлімет беру,оқушыларға оқыта отырып,ертегі мазмұнымен таныстыру./
Ә.Тәжібаев-туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.Әбділдә әкесінен жастай жетім қалып,бірыңғай ана тәрбиесінде болған.Ауылда оқып хат таныған.Ә.Тәжібаевтың «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер»атты дастандар жазумен бірге,лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға үлес қосты.Әдебиетті зерттеумен де айналысты.Балалар тақырыбына да қалам тартты.Соның бірі «Толағай»атты әдеби ертегі.
Қазақ әдебиетіміздегі ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер.Әдеби ертегінің авторы болғындықтан оны әдеби ертегі деп атайды.Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме,аңыздардың негізінде туады.Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілер де туған елін сүюді,еңбек адамын қадірлеуді,адамгершілікті,шыншыл,әділетті болуға уағыздайды.
«Толағай»әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауын картадан көрсету.
Толағай тауы-Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы..Қалбатауының бір бөлігі.Биіктігі шамамен 700 метрдей. «Толағай»тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады.
 IY.Топпен жұмыс:
I топ:«Толағай»әдеби ертегісінің екі бөліміне ат қою.Ертегінің тақырыбы мен идеясын ашу.
I бөлім.
Ерекше болып өскен Толағай.
II бөлім.
Ел үшін құрбан болған Толағай.
Ертегінің тақырыбы:Ерлік туралы.
Ертегінің идеясы:Отан үшін,ел үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек,ниет.
II топ:Ертегіні композициялық құрылымына талдау.
Ертегінің композициялық құрылымы:
Басталуы:Саржан атты мергеннің ұлды болуы.
Дамуы:Толағайдың ер жетуі.
Шиеленісуі:Толағайдың халқын ойлап күйзелуі.
Шарықтау шегі:Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп,жаңбыр жауғызуы.
Шешімі:Толағай-елі үшін құрбан болды.
Y.Топтастыру:
Топтастыру стратегиясы бойынша Толағайға мінездеме беру.Толағйдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.
                                                                  күшті
 
    жанашыр                                                                          алып
 
 
                    мерген                                                    батыр
 
                                                рақымшыл                                                                                 
YI.Дәптермен жұмыс:
I топ:Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін табу.
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері:Тәтті ұйқы,көзін тікті,ат арытып.
II топ:Мәтіннен синонимдерді теріп жазу.
Жас бөбек,балғын бөбек.Тұлға,пішін.Айналды,толғанды.
YII.Бекіту сұрақтары:
1/Әдеби ертегі дегеніміз не?
2/ «Толағай»ертегісі әдеби ертегіге жата ма?
3/ «Толағай»әдеби ертегісінің авторы кім?
4/Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?
5/Толағайдың  3-4 жастағы бейнесі қандай болды?
6/Толағайдың күштілігін қай жерден көреміз?
7/Толағай кімге жақсылық жасады?
YII.Үйге тапсырма:Ертегіні оқып мазмұндау.Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
YIII.Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағала

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қарабатыр" ертегісі 4 сынып
Қазақ әдебиеті пәнінен тест тапсырмалары
Мен өсіп келемін
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі
Ә. Тәжібаевтың «Толағай» дастаны
«Толағай» жырындағы кейіпкерлерге мінездеме
Әбділда Тәжібаев. «Толағай»
Ертегі еліне саяхат
Әдеби ертегілер.Ә.Тәжібаев.Толағай
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9175 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык