Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 7805 |
|
|
|
Тоныкөк
Сабақтың тақырыбы: Тоныкөк
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоныкөк туралы мәлімет беру, жыр мазмұнымен, нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Деңгейлік тапсырмаларға жауап беру.
ІІІ Жаңа сабақ
Орхон жазба ескерткіштері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. «Тоныкөк» жыры 313 өлең жолдынан тұрады. Тоныкөк екінші шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлес қосқан кемеңгер.
«Тоныкөк» жырынан үзінді:
Білге Тоныкөк, мен өзім, табғаш елінде тәрбиелендім.
Түркі халқы табғаштарға бағынышты еді.
Түркі халқы, ханы болмай,
Табғаштардан ажырады, хандық құрды.
Хандығын тастап,
Табғашқа қайта бағынды.
Тәңірі былай деген екен
Хан бердім,
Ханыңды тастап, бағындың
Бағынғаның үшін
Тәңірі өлімші етті,
Түркі халқы қырылды.
Әлсіреді, жойылды.
Ойда, қырда қалғаны
Жиылып, жеті жүз болды.
Екі бөлігі атты еді,
Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісіні ерткен
Ұлығы шад еді.
- Ілесіңдер – деді.
Ілескен мен едім –
«Бес жолды өлең»
1.Зат есім- Тоныкөк
2.Сын есім- ақыл-парасатты, дана, көреген.
3.Етістік – ақылшы болды, адал қызмет етті,
4.Сөйлем – Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болды.
5.Синоним – уәзір, ақылшы.
ІV Сабақты пысықтау
Білге Тоныкөк кім болды?
Оның ақыл иесі, сөз иесі екендігін жырға сүйене отырып дәлелдеңдер.
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Төнікөк жырын оқу, мазмұнын баяндау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |