Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас ұландар - мақтанышы елімнің!


Жас ұландар - мақтанышы елімнің!

Жас ұландар -  мақтанышы елімнің!

Мұғалімнің аты-жөні: Бейбитова Тулпан Мараткызы

Туған жылы, айы, күні: 1977 жыл, 24 тамыз.

Мамандығы:   Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі:   19 жыл

Біліктілік санаты:   I санатты

Жұмыс орны:   Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін  мектебі

Теректі ауданы, БҚО

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жас ұландар -  мақтанышы елімнің!

Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер, портрет, сынып бөлмесін мерекеге сай безендіру.

Барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ.Кіріспе.

Сарбаздар жыры

Жас ұланбыз жаны жарқын,

Қайрат-күші құрыш мығым,

Тамылжыған жаны алтын,

Қорғаймыз ел тыныштығын.

Сарбаздармыз саптағы біз,

Қатарымыз сөгілмеген.

Туған елдің мақтанымыз,

Адымдаймыз сенімменен.

Желбіреген жалауымыз,

Ұлы Отанның ұланымыз.

Бейбітшілік қалауымыз,

Асқақтаған жыр-әніміз.

7-мамыр –ҚР Қарулы күштерінің Отанды қорғау күні.

Құрлықтағы әскери топтар;

Әскери әуе күштері;

Әскери теңіз флоты;

Ұлан тобы.

Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы –Н.Ә.Назарбаев.

18 жасқа толған әр ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.

36-бапта «ҚР-сын қорғау   - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» деп

көрсетілген.

Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі

мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»

М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».

М.Әуезов: « Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп,Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы».

Сайысқа қош келдіңіз, бәріңіз де,

Дос, тума, ұстаз, ата-ана, кәріңіз де.

Елімнің жас ұланы алдыңызда

Тамашалап қол соғып көріңіздер!

Сайыс кезеңдері:

1.Мен атамның жалғасымын... (Таныстыру)

2. Күш-білімде... (Сұрақтар)

1) Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен?

2) Атақты билерді ата.

3) Жігіттің жұрты нешеу? Ата.

4) Тыйым сөздерді айтып көр.

 5)Ұлттық ойындарды ата.

6) Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айт.

7) Отан туралы өлең айтып бер.

Қазақстан мемлекеті тәуелсіздікті қашан алды?

Отанымыздың рәміздерін ата

7 мамыр қандай мереке?

Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

Батыс Қазақстан облысының әкімі кім?

Шығыстың қос шынары атанған кімдер?

Ұлы Отан соғысының батырларын ата.

3. Өнерлі өрге жүзер...

4.Эссе. «Мен елімнің ертеңімін...»

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Енді ортаға сымбатты, өнерлі, ақылды, білімді жас ұландарымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!

І. Таныстыру.Сәлемдесу.

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

ІІ. 2. Күш-білімде... (Сұрақтар)

Білімменен бүгін міне, ән қосты,

Сұрақпенен жауаптарды талдасты.

Алғырлығын тағы бізге дәлелдер,

Ортамызға шақырайық жас досты.

ІІІ. Өнерлі өрге жүзер...

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Шеберлік жарыста бүгінгі

Өзіндік менің үнім бар-дегендей, әр ұлан өзінің өнерін көрсетеді.

Шығармашылық тапсырма орындалады.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Берілген сұрақтарға қолдарыңыздағы әріптен басталатын сөздер айтып жауап бересіздер.

( Б, С, Д, Ж, Н, О, Қ, А, М)

1. Сіздің есіміңіз кім?

2. Сіз неше жастасыз?

3. Қандай ойынды ұнатасыз?

4. Сіздің сүйікті тағамыңыз?

5. Сіздің досыңыз кім?

6. Сізге қай әнші ұнайды?

7. Мерекелік тілегіңіз...

Қорытынды.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Ұлым!

Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,

Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.

Сан шыңға шыдай біл,

Тек төзе көрме

Жала сөз айтса біреу ел туралы!

Тасқынның қабаттаса толқындары

Мүмкін ғой жартасында солқылдауы.

Сен ерсің!

Ерлерше сүй Отаныңды,

Жаман сөз естімейін сен туралы...

Ән: «Солдат болам мен ертең!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?
Жұлдызды сәт
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
Әскер – әліміз, армия- абройымыз!
Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер.
Мақалдар жинағы.
Бастауышым балбұлақ, Лаулап жансын шамшырақ
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
Елбасы - ел мақтанышы
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7609 | Қосты: Тулпан Бейбитова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык