Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем


Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 25.02.2013ж

Сыныбы:

Сабақ саны: №44

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Білімділігі: Құрмалас салалас  сөйлем  жайында  түсініктерін кеңейте  отырып , қарсылықты салалас құрмаласты тереңірек  ұғындыру . Синтаксистік  талдау  дағдыларын  жетілдіру .

Тәрбиелілігі : Берілген тапсырмалар арқылы оқушыларды   отанын , елін , туған  жерін  құрметтеуге   тәрбиелеу

Дамытушылығы:Құрмалас  сөйлем түрлерінен алған  теориялық  білімдерін  шығармашылық  тұрғыда  талдау  арқылы  оқушыларды  еркін  сөйлеуге , ойларын ашық  айтуға , тіл  мәдениетін  дамытуға  үйрету .

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың  әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Көрнекілігі: Семантикалық карта, сызба қағаздар, мақал-мәтелдер жазылған плакат.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй  тапсырмасын  шолу.

ІІІ. Жаңа сабақ. 

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой, екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салалстың түрі.  Қарсылықты салалас құрмаластың құрмындағы жай сөйлемдер жалғаулықпен де, жалғаулықсыз да салаласып, екіге бөлінеді.

Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сонда да мен  еліміздің биіктей  беретіне  сенемін.

Жалғаулықты қарсылықты салалас

Бірақ, дегенмен, сонда да, сөйткенмен, әйтпесе, солай бола тұрса да    

Жалғаулықсыз   қарсылықты  салалас

Семантикалық картамен жұмыс.

ІІІ. Шығармашылық жұмыс.

Төменгі деңгей. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Ортаңғы деңгей:  Ауысқан  өлең жоларын орнына қойып, өлеңнің дұрыс    нұсқасын табу. 

Жоғарғы деңгей: Видео бойынша мәтін құрау.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

   Жаттығу  жұмысы.

Ү. Әдебиетпен байланыс. Мына үзінді кімнің қай шығармасынан алынған?

1. «Мұның амалын Лұқман деген кісі табар еді, бірақ ендігі өліп қалған шыар»,-дейді.

2.Итті суға бір апта салсаң  да, күннен –күнге кір болуын қоймайды.

3.Күнннен көркем нәрсе жоқ, -күндіз бар да түн де жоқ.

4.Жарасбайға биылғы жыл қай жағынан болса да, шарасынан шыққан жыл боп тұр.

ҮІ. Мақал-мәтел жарысы.

ҮІІ. Қорытындылау.                            

ҮІІІ.Үйге тапсырма.      

ІХ.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Түсіндірмелі салалас
Салалас құрмалас сөйлем, Ыңғайлас салалас
Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5209 | Қосты: Рита Камзаева Гарифуллаевана | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык