Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ тілінен бақылау диктанты


Қазақ тілінен бақылау диктанты

Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып
ІІІ тоқсанның қорытындысы
Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау,  сауаттылықтарын тексеру.
Міндеттер:  Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде  меңгергендерін тексеру.
• Етістік
• Көптік жалғаулары
• Буын түрлері
• Септік жалғаулар
• Фонетика
• Сөздік қорын анықтау
• Есте сақтау
Астана
   Біздің Республикамыз – тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстанның жері - кең,байтақ.  Еліміз Азияда орналасқан. 
  Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Қазақстан еліміздегі ең әдемі қала. Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған. Астана Есіл өзеңінің бойында орналасқан. Қала халқы жылдан жылға өсуде. Қалада көп ұлттар тұрады. Көптеген жаңа әдемі ғимараттар, биік үйлер салынды. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар.Астана – болашағы үлкен қала. (59 сөз)

Тапсырмалар.
І нұсқа
ІІІ деңгей
4. Етістіктерді теріп жаз .
5. Мына сөзді септе: қала.
6. Ашық  буынды сөздерді теріп жаз.
ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
4. Етістіктерді теріп жаз.
5. Мына сөзді септе: Астана
6. Ашық буынды сөздерді теріп жаз

ІІ деңгей.
І нұсқа
1.Сөз құрамына қарай талда: көшесінде, 
2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:
ІІ нұсқа
1. Сөз құрамына қарай талда: Астананың
2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:

І деңгей
І нұсқа
1. Қазақстан туралы диалог құрастыр
2. Отан туралы мақал жаз

ІІ нұсқа  
1. Ауыл туралы диалог құрастыр.
2. Отан туралы мақал жаз
Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:
Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса – «3» (50%)
Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса -  «3» (75%)
Үш тапсырма да қатесіз орындалса  - «5» (100 %)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астана. Көмекші есімдер.
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Сөйлем мүшелері
Екі дос. Септік жалғаулары
Астана – Бәйтерек
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5145 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык