Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біздің отбасымыз


Біздің отбасымыз

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Отбасы тақырыбын, септік жалғауларын қайталау, алған білімдерін тәжірбиеде қолдану. 
2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу, ойлау қабілетін тапсырмалар арқылы арттыру. Сөйлеу, сөйлем құрау дағдыларын дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. 
3. Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін сыйлауға, ата-анаға құрметпен қарауға баулу, қазақ халқының саз өнері жайлы дүниетанымын арттыру, ұлт мәдениетін тануға,музыкалық талғамын қалыптастыруға баулу.
Көрнекілік: «Отбасы» атты мұғалімнің құрастырған жеке электронды кітабы, альбом, сөзжұмбақ, үлестірмелі қағаздар..
Сабақтың түрі:кіріктірілген аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері:топтық жұмыс,сұхбаттасу, шығармашылық жұмыс, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: саз өнері
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мәтінмен жұмыс.
3. Септік жалғауларды қайталау (таблица)
4. Ән тыңдау. («Ағажан» әні мәтінінен септік жалғаулы сөздерді табу)
5.  Отбасылық альбом құрастыру.
6.  Ән баян тыңдау. «Детство»
7.  Рефлексия-ой толғаныс. 
8.  Қорытынды.
1. Ұйымдастыру кезеңі.  а) топқа бөлу
ә) сөзжұмбақ шешу
 
1. Оттан да ыстық не?
2. Отбасындағы зейнеткер адам.
3. Ана бақыты кім?
4. Ең ардақты ат.
5. Әпкеден кіші қыз.
6. Отбасындағы ұлдан кіші қыз бала.
 
 
 
 
2. Мәтінмен жұмыс.
 
а)  Мәтінді оқу
ә)   Мәтін арқылы 2 топ бір-біріне сұрақ қою арқылы, топ арасында сұхбат жүргізеді.
 
1. Ләззаттың отбасы қандай?
2. Оның отбасында неше адам бар?
3. Әлішердің отбасы қандай?
4.Отбасында кімдер бар?
5. Әлішердің мамандығы кім, ол қайда жұмыс істейді?
6. Әлішердің ағалары қайда оқиды?
7. Оның мамандығы кім?
8. Ләззаттың әкесінің мамандығы кім, ол қайда жұмыс істейді?
9. Ләззаттың анасының, әпкесінің мамандықтары кім? 
    10. Ләззат қайда оқиды?
    11. Ләззаттың үйі қайда орналасқан? Ол неше қабатты?
    12.  Оның ата-аналары қай елде демалып жатыр?
    13. Әлішердің үйі қайда орналасқан?  Үйі неше бөлмелі?
    14. Әкесі мен анасы не істеп жатыр?
    15. Атасы мен әжесі немен айналысып жатыр?
    16. Әлішердің інісі мен карындасы не істеп отыр? 
 
3. Септік жалғауларды қайталау (таблица бойынша еске түсіру)
4.   Ән тыңдау. («Ағажан» әні мәтінінен септік жалғаулы сөздерді табу)
1-топ 1-куплет
1. Бәйтеректей саялы, алақаның аялы,                      
             Маңдайымнан сипаған менің,
             Қамқор аға әкедей,
             Еркелеткен мәпелей,
            Тілегіңнен сый табам сенің.
            Қарлығаштай қанатың,
            Талмай, тынбай қағатын,
            Жасымаған көзіңе сенем.
            Жетеледің, жеткіздің,
            Қарызымыз көп біздің,
            Асыл ағам өзіңе деген.
2-топ 2-куплет
2. Бізді ойлап жүргенде,                                       
            Байқатпастан бір демде,
            Ер жетіпті-ау, ұл-қызың бүгін.
            Кір шалмаған арыңмен, 
            Жаздай сұлу жарыңмен,
            Жана берсін жұлдызың бүгін.
            Бұл тойыңды аңсадық,
Қызмет қып, жан салып,
Еріп келем ізіңмен сенің.
Тойың тойға ұлассын,
Бақ-дәулетің қыр ассын.
Нұр таймасын жүзіңнен сенің.    
 
5. Отбасылық альбом құрастыру. 
Әрбір топқа альбом беттері мен суреттер таратылды. Оқушылар әрбір бетке керекті суретті жабыстырып, астына әкесі, әжесі т.б. мүшелері туралы жазып, әрбір оқушы өз альбом беттерін оқып, не жазғандарын айтып берді. Одан кейін альбом беттерін жинап, степлермен бекітіп әрбір топ өз альбомдарын жасап шығарды.
  
6. Ән баян тыңдау.Т. Мұхамеджановтың «Детство» композициясы А.Енсеповтың орындауында тыңдалды.
7.Рефлексия-ой толғаныс. Жақсы отбасы болу үшін отбасында қандай қасиеттер болуы керек?-деген сұрақ қойылды.Оқушылар өз ассоцияларын  қағазға жазып, тақтаға ілді. Тақтада күннің бейнесі пайда болды.
8. Қорытынды (смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсету).
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің отбасым. Жалғаулар.
Менің атам мен әжем 4 сынып
Достық
Отбасы
Менің пәтерім. Фонетикадан өткенді қайталау, пысықтау
Менің отбасым, Шығыс септік
Менің отбасым бақылау үзігі
Біздің отбасымыз. Фонетика
Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау
Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1930 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык