Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауысты дыбыстар


Дауысты дыбыстар

Сабақтың тақырыбы Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты :
а)  Дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру,сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып,алған білімдерін бекіту ;
ә)  Тілдік – эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмыс барысында адамдық қасиеттерін дамыту,ұлттық рухты бойларына сіңіру ;                                   б)  Сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Сабақтың түрі :                                Іденіс сабағы
Сабақтың әдісі :                               сатылай кешенді талдау
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                        ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                    Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын..
1.Фонетика нені зерттейді ?                               9. Диалекте сөздер дегеніміз не?
2.Қандай мәселелерді қарастырады?                10. Антоним дегеніміз не?
3.Тіл дыбыстары қалай жасалады?                   11. Синоним дегеніміз не?
4.Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?          12. Омоним дегеніміз не?
5.Әдеп дегеніміз не?                        6.Қазақ әліпбиіне тән әріптерді атап бер
7.Жаңа сөздер дегеніміз не?                  8.Кәсіби сөздер дегеніміз не?
                                      б)   Жаңа сабақты түсіндіру :
                 Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауыты дыбыстар дейміз.
   Қазақ тілінде  12 дауысты дыбыс бар : а,ә,и,о,ө,е,э,у,ұ,ү,ы,і
   Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді.
   Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан даысты дыбыстар мыналар : а,о,ұ,ы,у.
   Тіл ілгері қарай,созылу арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.
  Жіңіщке дауысты дыбыстар мыналар : ә,ө,ү,і,е,э,и,у
  Қазақтың топ сөзіндегі дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар құрамындағы дауыстылар да осы заңға бағынады.
   Тек кірме сөздерде және қос сөздерде бұл ерекшелік әрдайым сақтала бермейді.Мысалы : кітап (араб сөзі )
Ескерту : у дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.
Кітаппен жұмыс : 240 – жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазып жуан дауыты сөздердің астын бір,жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі сызыңдар.
Топпен жұмыс : Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар. Ашу,білу,қазу,сену,жазу, қу,беру,ілу,жолығу,кезу,сызушы,жу,көну
Білімді бекіту : 1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не? 2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?  3.Жуан дауыстылар дегеніміз не? 4.Жіңішке дауысты дыбыстарға қандай әріптер жатады?
Үйге тапсырма : 242 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дыбыстар.
Дауысты дыбыстар
Фонетикалық талдау
Фонетика
Ашық және қысаң дауыстар
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Жуан және жіңішке дауыстылар
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 16707 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык