Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауысты дыбыстардың жіктелуі


Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстардың жүйеленуін меңгерту.
Сабақтың  дамытушылық мақсаты:
алынған білімді  есте сақтауға  дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу, талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың  тәрбиелік мақсаты: 
Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Басқаның еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың  типі:  жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Амандасу. Сыныпты үш топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын  өлең шумақтарын жазып келу
ІІІ.Жаңа сабақ: 
Тапсырма: өздігінен білім алу. Ол үшін топтарды оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдарымен қамтамасыз ету. 
«Білімділер» тобы: жуан және жіңішке  дауыстыларды;
«Талаптылар» тобы: ашық және қысаң дауыстыларды;
«Алғырлар» тобы: еріндік және езулік дауыстыларды  өз беттерімен ізденіп, талдап, бір-біріне интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып түсіндіреді. 
 «Талаптылар» тобының кестесі                          
«Алғырлар» тобы

«Білімділер»  тобы 

Тапсырма: Оқулықтағы  жаттығуларды шарты бойынша  орындау.

«Білімділер» тобы: 248-жаттығу 
« Талаптылар» тобы: 240- жаттығу 
«Алғырлар» тобы: 246-жаттығу
Тапсырма:
«Білімділер» тобы: 12 дауысты дыбыстың әрқайсысына аяқталған сөз жазып шық, оған дауыссыздан басталатын жалғау жалғаңдар.
«Талаптылар» тобы: дауыстыдан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын 12 сөз жазыңдар.
«Алғырлар» тобы: Ә дыбысынан басталатын 10 сөз жазыңдар

ІҮ.Бекіту.  Тапсырма: жылдамдықты және есте сақтау қабілеттерін  дамыту үшін барлық оқушыларға бір тапсырма
- дауысты дыбыстарды 12 секундта жаз
- ашық дауыстыларды  3 секундта жаз
- жіңішке дауыстылардың саны 
- еріндік дауыстыларды  3 секундта жаз
- қысаң дауыстыларды  3 секундта жаз
- жуан дауыстыларды  3 секундта жаз
- езулік  дауыстылардың саны 

Ү.Рефлексия  «Дауысты дыбыстар» тақырыбын сатылай кешенді талдау үлгісіне түсіру
                                 Дауысты дыбыстар
             1.Тілдің қатысына қарай: жуан,жіңішке   

         2.Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң
        3.Еріннің қатысына қарай: еріндік,езулік

 4.Жалпы саны:  12 
ҮІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау
ҮІІ. Бағалау:  Топ басшылары бағалайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстар
Фонетикалық талдау
Фонетика
Ашық және қысаң дауыстар
Жуан және жіңішке дауыстылар
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Ашық, қысаң дауыстылар
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7342 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык