Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ә ә дыбысы мен әрпі


Ә ә дыбысы мен әрпі

Ә ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың  мақсаты: Ә дыбысы мен әрпін таныту.Оқушыларға  ә  дыбысы  арқылы берілген сөздерді  дұрыс оқып  ,жаза білуге үйрету.
Ә дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру  арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін,тілін, танымын дамыту.
Ұқыптылыққа,әдемі жазуға ,дұрыс  оқуға  тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі:сұрақ-жауап,іздену әдісі,түсіндіру. топтастыру.
Көрнекілігі:аңдар суреті,қима әріптер,интерактивті  тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру  кезеңі.
Психологиялық дайындық.
(1-слайд)
-Қазір қай сабақ?(Әліппе)
-Сиқырлы тақтаның көмегімен  сабағымызды  бастайық.
-Балалар,сендер мына суретте нені  көріп тұрсыңдар?
-Түлкіні.(2-слайд)
-Бұл түлкі  бүгін  сендерден көмек сұрап келіп тұр.
-Қу түлкі ормандағы  барлық  аңдарды алдап  кеткен екен,  үйіне бпрайын десе  барлық аңдар жолына тұрып алыпты.
-Балалартүлкіге  көмектесейік.
-Ол үшін  мына  жолда тұрған  аңдардың  тапсырмаларын  орындайық.(3-слайд)
Өткенді қайталау.
Аң патшасы арыстанның  тапсырмасы.(4-слайд)
Дыбыс пен  әріптің айырмашылығы  неде?
Өткен әріптерге байланысты өлең,мақал айту.
«Сөз  ойла»  ойыны.
Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? (і әрпі)
-І әрпі  қандай дыбыс? (дауысты,жіңішке)
Өткен сабақты  қорытындылау. «Қандай дыбыс» ойыны.
Жаңа  сабақ.
Қорбаңбай аюдың  тапсырмасы:(6-слайд)
Таныстырар әріппен
Мынау кітап –Әліппең.
«Әліппең» беген аты оның
Басталған қай әріптен?(ә әрпі)
-Қане ,бәріміз бірге айтайықшы.
-Ә дегенде  не естіліп  тұр?(дыбыс)
«Кім  тапқыр?» ойыны.
Бұрап қойған сағаттай ,айқайлайды тай атпай.(әтеш)
-Кім айтады әтеш қалай  шақырады?
Буынға  бөлу.Ә-теш,1-ші,2-ші  буындарды ата.
Біздің сыныпта есімдері  Ә  әрпінен  басталатын  оқушылар  бар ма?
-Әсия
Сергіту  сәті.
Киік   тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.(7-слайд)
Қасқыр  иапсырмасы:(8-слайд)
1.Бағандағы   сөздерді  оқыту.
2. «Әже» мәтінін  оқыту.
Дәптермен  жұмыс.Ә әрпінің  элементтерін  жазып көрсету.
Арқар  тапсырмасы(9-слайд)
Дәптерімізді  ашайық,
Қолға  қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ауада  жазып  көрсету.
«Буынды  жалғастыр» ойыны.
Сөзде   неше  әріп бар  екенін  цифрмен  көрсет.
Сабақты  қорытындылау.
Қоян  тапсырмасы:(10-слайд)
-Мына  екі  қоян  әріптерді   бөлісе  алмай  тұр.
-Қане, балалар, біз екі қоянға әріптерді  бөліп алуға  көмектесейік.
Венн  диаграммасы.
Дауысты  дыбыс
Ұқсастығы:екеуі де дауысты  дыбыс.
Айырмашылығы:Жуан,жіңішке  айтылады.
Сабаққа  жақсы  қатысқан  оқушылырды  мадақтау.
Үйге  тапсырма:  бағандағы  сөздерді оқып келу, «Менің әжем» тақырыбына  әңгіме  құрастыру

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Өө дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
Ээ дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13684 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык