Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еске алам, сағынышпен


Еске алам, сағынышпен

Еске алам, сағынышпен     

       Мен сені сағындым, ұстазым! Соңғы кезде сағынышымның, Төлеген ақын айтқандай, «көлемі шексіз» ұлғайып барады, мүмкін, оның себебі де бар шығар... Неміс басқыншыларына қарсы қиян-кескі соғыстың аяқталғанына, қалың елдің қуанышы мен қайғысының куәсіндей көз жасына шыланған «Жеңіс» деген көптен күткен сөздің естілгеніне де 70 жылға таяп қалыпты. (Соңғы кезде елімізде есімізде үнемі сақтап жүруге тиісті жайларды тек қана «арнайы белгіленген» күндері ғана еске алу, сол тарихи кезеңмен оған қатысты адамдар туралы айту, жазу дағдыға айналып барады, күнделікті пенделік тіршіліктің арқасында мен де сіздің есіміңізді сирек еске алатын болғанмын-ау, кешіріңіз, ұстаз...) Бүгінде сұрапыл, сойқан соғысты өз көзімен көріп, майданда жүріп қан жұтқан ардагерлердің де қатары сиреп барады, сіздің де, ұстаз, сол сирегендердің қатарына енгеніңе он жылдан асып барады-ау... 
     Ұстазым өте салмақты жан еді. Әлі есімде, 4-сыныпқа барған кезім, Сыныпқа кіріп, жайғасып, қоңыраудың соғылғанын күтіп отырғаным. Сыныпқа жүзі жылы, күлімдеген, мосқал жастағы ағай кірді. «Қайырлы күн, қарақтарым! Өз орындарына отыра қойыңдар, сабағымызды бастайық» деп қоңыр дауысымен бәрімізді бірінші минуттан –ақ баурап әкетті. Сабақ аяқталғанша орнымыздан қыбыр ете алмай, ағайдың қоңыр даусын ұйып тыңдап, ауада қалықтаған әр сөзін балалық көңілге тоқумен болдық. Қоңырауға шыққасын өзімнен екі жас үлкен әпкемді жүгіріп тауып алып, аузым - аузыма жұқпай ұстаз туралы айта бастадым. Ол мені тоқтатып, «Көрдің бе оның кеудесінде әртүрлі белгілер бар төртбұрышты» деді. Мен басымды шайқадым. «Аңқауым - ай, ағай соғысқа қатысқан, ол оның орден, медалдарын  білдіреді» деді де өз сыныбына жүгіріп кетті.

Сабақтан соң үйге асықтым, ондағы ойым, мән-жайды әкемнен сұрап алу еді.

 Әкемнен ұстаз туралы баяндап беруін өтіндім. Сонда әкем «Ол

Бергенов Бірбай деген адам. Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстың басынан – аяғына дейін қатысқан. Тек тұтқынға түсіп қалып, елге кеш оралды. Соғысты еске алғысы келмейді. Соғыспаған мен де ол жылдарды еске алғым келмейді. Үш-төрт жасар бала болсам да, ағаммен бірге масақ теретінмін, Жартылай аш, жартылай жалаңаш, қойшы қызым, есіме түссе жаным түршігеді ...» деп әкем әңгімесін тоқтатып тастады. Қанша жылдар өтсе де, бізге ұстаз өзінің соғыста болғанын, қандай ерліктер көрсеткенін, не істегенін айтқан емес.  Ал біз балалықпен әр қилы жорамалдап, әр ойда болатынбыз, қайта – қайта қиылып сұрайтынбыз. Сондай кезде ағай бізге Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқып беретін. Бірақ авторын ешқашан айтқан емес.  Ал қазір «Ұстаз марқұм сол алапат күндерді есіне қайта түсіргісі келмеген шығар, жан азабы мен тән азабын есіне алу ауыр болар, бәлкім, ескі жараның аузын қайта тырнағысы келмегендіктен бе екен... Жоқ, мүмкін, ұстаз сол қан құйлы кездің сұрапыл сұмдығын жастар естіп жасымасын деді ме екен?..» болар деген ой келеді. Бәрі де мүмкін. Көбіне «Мен жастарға сенемін...» деп өлең жолдарын бастаушы еді.

 Жеңіс күніне қарсы өткізілетін тәрбие сағаттарына шақырылған қонақтардың ішінде ұстаз болмайтын еді, келсе де шетте, барлық ардагерлердің артына отыратын. Біз осы күндері ардагерлерді  қуантқымыз келіп, ерекше өлең, әндер іздейтінбіз. Бірде мен де соғыс туралы өлеңдер іздедім, бірақ олардың бірде - біреуі ұстаз  туралы емес еді, бір кезде көзім қабырғада ілініп тұрған парақтап жыртылатын күнтізбеге түсті де, дереу ақтара бастадым. О, ғажап, тамаша өлең, дәл менің ұстазыма  арнап Әбу Сәрсенбаев деген кісі өлең жазыпты ғой! Қуанышымда шек жоқ еді және сол күні менен бақытты да адам болмады-ау, шамасы. Бір сәтте жаттап алған сол өлеңнің менің көңілімде мәңгілік жатталып қаларын, ұстазды  ойға алсам, ең бірінші сол шумақтар есіме сап ете түсерін, оның менің санамда ұстазыма өлеңмен жазылған мәңгілік ескерткіш болып қаларын білмеппін-ау. Ақыры, кездесуде өлеңді жатқа айтып тұрмын.  Сен құрметте оны, Түсіндің бе, қарағым. Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, Қолтығындағы ұзын таяғын... 

Әлі есімде өлеңді айтып тұрып, ардагерлерге көзім түсті. Міне Темірбеков Темірбай ата, оң қолы жоқ. Оның оң жағында Жанпейісов Қайролла ата бет-аузы шұрық-шұрық жара іздері, касында Даукенов Совет атам. Екінші қатарда Асылжанов Темірбай аға, оң аяғы ағаш, қасында ұстазым. Ұстазым маған мейірлі көздерімен қадала қарап отыр. Совет атамның бетін жас жуып кетіпті.  Кенеттен көкірегімде бір діріл пайда болып, тамағыма өксік тығылып, өлеңді аяқтар-аяқтамастан сыныптан көзімнің жасы сорғалай жүгіріп шыққанымды ғана білемін, ұялу сезімі өзегімді өрттеп барады, бірақ себебін түсінер емеспін, ешкімге де айта алар емеспін, тек дыбысымды шығармай жылаумен болдым, неге екенін естияр болғасын ғана түсіндім. 

      Осы өлеңнен, шынында, мен ұстаздың бейнесін көрдім, оның жан дүниесін түсіндім. Өлеңдегі кейіпкердей мүгедек болмаса да, ұстазымның жанының бір бөлшегі жоқтай еді. Ол кезде тұтқында болған жауынгер - сатқын деп есептелетін. Қанша ерлік жасаса да, сол «тұтқын - сатқын» деген ат ұстазыма жамылып, оның  жанын жегідей жеген. Бұл ұстазым үшін қаншалықты азап екенін білмеу, сезінбеу, мүмкін, балалық та болар, дегенмен... 
Ұстазымның майданда өткен жастық шағын ойласам болды, жүрегім сыздайды, оның жанын жаралаған жойқын соғысқа қарғыс айтам, ол туралы неге айтқысы келмейтін мен есейгенде ғана түсіндім. Еске аламын да, тамағыма тығылған өксіктің маған беймәлім болған себебін түсінгендей боламын.

Соғыста жарақат алып, ессіз жатқан жауынгерлерді неміс солдаттары тұтқынға алып өз елдеріне айдап әкеткен, немесе сол жерде атып кеткен.  Менің ұстазым да сондай жауынгердің бірі болған. Қанша рет қашуға тырысса да, онынан ештеңе шықпаған.  Сондықтан да соғыс аяқталғаннан кейін араға бірнеше жыл салып, елге оралған. Ардагерлердің айтуынша, егер кішкене де кінәсі болса, ол кезде ату жазасына кесіледі екен. Солай ұстазымыз кінәсыз болса да, жеңіс мерекесі сайын өзін ыңғайсыз сезінуші еді.

 Кеше елге қатер төнгенде,

ол жауға қарсы шапты,

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Денесін оқ пәршелесе де,

Ел намысын қорғап қалды.

 Ол арыстанша алысты,

 Өлім соққысын өз үстіне алды... 
Есейе келе бізді жалмамақ болған ажалды өр кеудесімен қағып, арыстанша алысқанын, өлім соққысын өз үстіне алып, елдің, жердің намысын қорғап қалғанын ...осы сөздердің мағынасын тереңнен түсіндім.

Тұтқын болған жауынгерлердің бәрі елін сатып кетті, қорқақ болды дегеннен мен аулақпын. Олардың қандай жағдаймен, қалай тұтқын болғанын анықтау тарих зерттеушілерінің міндеті, мына біздің міндетіміз.

Ағай өмірінің соңғы сәтінде жарына: «Сол күні мені атып тастағанда, сен өмір бойы басыңды көтеріп, жұрт алдында қасқайып жүрер едің, өмір бойы мен үшін сен де ұялып өттің. Бірақ мен ешкімді де, елімді де сатқан емеспін, елім үшін, халқым үшін соғыстым, бірақ бұл тағдырым шығар..., еш налымаймын, сен де енді налыма... Еңсеңді биік ұста, мен үшін ұялушы болма. Мен қанша оқушы тәрбиелеп, білім бердім, өзің ойлашы, егер сондай жаман адам болсам, маған үкімет болашақ ұрпақты тәрбиелеуге рұқсат етер ме еді...

Өз өміріме ризамын - деп көз жұмған екен.

Бүгінде сұрапыл, сойқан соғысты өз көзімен көріп, майданда жүріп қан жұтқан ардагерлердің де қатары сиреп барады, сіздің де ұстазым, сол сирегендердің қатарына енгеніңе он жылдай болып қалыпты-ау... Сұм зұлматтың отын кешіп келсеңіз де, ол ерлігіңіз туралы ешкімге тіс жармай дүниеден өттіңіз.  Мен өзіңізді сағынып жүрмін, қайран ұстаз, Мен сіздің жолыңызды қуып, ұстаз атанғаныма ширек ғасыр болды. Сізді мақтан етемін.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам-майдангер
Ұстаз.
"Ерлігі ұмытылмас жан"өлеңі (Генерал Сабыр Рахимовты еске алу)
Алғашқы ұстазым
Менің ұстазым
Елін сүйген-Есіл ерлер
Еске алам, сағынышпен
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
шығармашылық жұмыс
Ұстаз-ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3188 | Қосты: Насырова Гульжамал Рашмтовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык