Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Киелі киіз үй


Киелі киіз үй

Сабақтың тақырыбы: Киелі киіз үй

Сабақтың мақсаты:
1. Киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу.
2.Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
3. Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық.
Көрнекіліктер: слайд, сандықша, кеспе қағаз.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сабақ мақсатын хабарлау, оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Кіріспе сөз
Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аласыз. 
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сөздер:
Ақ босаға – священный порог 
Ошақ – треножник
Төр – почетное место
Әйелдер жақ – женская сторона
Ерлер жағы – мужская часть
2. Мәтінмен жұмыс
А) оқу, аудару
Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.
Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.
Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген.Киіз үй бүгінгі дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.
АҚ БОСАҒА.
Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шеқара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз. 
ОТБАСЫ – ОШАҚ ҚАСЫ.
Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жағынан жерде тіршілік, тірлік бар.
ТӨР.
        Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.
 
 
 
ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ:
Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді.Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар төсекағаш тұрады. 
ЕРЛЕР ЖАҚ
Ер адам жағында (оң жақ) босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет-ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты шараларды сакральды мәнге ие бола түсті. 
Б) мәтінді қалай меңгергендерін тексеру.
1. Төрге кімдер отырады?
2. Киіз үйдің сол жағы кімге арналады?
3. Ерлер жағында нелер тұрады?
4. Үйдің ортасында не тұрады?
 
ІV.  «Сандықша ойыны»
Тақтаға қағаздан жасалған сандықтар ілінеді. Сол сандықтағы сұрақтарға жауап беру.
Мына сөздің түбірін тауып, сөйлем құрастыр:
Киіз үйге, баспанаға, шаңырақты, алтын орданы, керегенің, ақ отауға, ою-өрнекпен, киізді.
V. Тапсырма.
1. Төр сөзін әшекейлейді
                 құрметті орын
ТӨР          Қонақ
                  әдет
                  ырыс
 
VІ. Синквейн
1. Зат есім                                            Киіз үй,
2. 2 сын есім                                        Киелі, жылы
3. 3 етістік                                           Тігіледі, жығылады, көшіріледі
4. сөйлем құрастыру                           Киіз үй көшпелі халықтың баспанасы.
5. ссиноним                                         Баспана.
 
VІІ. Қорытынды.
Бүгін біз сіздермен киелі киіз үй туралы әңгімеледік. Әртүрлі жұмыс жасадық. Енді сабағымызды қорыта келе, ендігі сөзді Ақ батаға берейік.
 VІІІ. Ақ бата оқылады.
Ақ батаны берейін,
Жолың болсын жортқанда,
Ойың болсын сабақта.
Жылы жүзбен сіздермен жүздесейік,
Киіз үй шаңырағында кездесейік.
Жиһазымыз ақ ордаға таға берсін,
Үйімізге қонағымыз келе берсін.
Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын,
Балдәуренде той-думан бола берсін!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Киіз үйді бейнелеу
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Киіз үй
Киіз үй
Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін, жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілерді дайындау
Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері
Киіз үй жиһаздары
Киелі киіз үй.
Киіз үй жиһаздары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4020 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык