Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3705 |
|
|
|
Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер жәнее т.б. құралдар пайдалану.
3. Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың әдістері: Талдау, жинақтау, жаттығу. Сұрақ жауап, қайталау.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: Тірек сызбалар, дидактикалық үлестірме материалдар, слайд, проектор.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
III. Сайыс шарттары:
Таныстыру
Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
Талдау - табыс кілті
Ойын ой-өрісті дамытады
Мақал - сөздің мәйегі
Қызықты сабақ - қиялға қанат
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды
IV. Үйге тапсырма.
V. Білімді бағалау.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;
2. Бүгінгі сабақ - ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп қояйық.
3. Үйге берілген тапсырманы сұрау. (Тест арқылы тексеру, бағалау)
II. Психологиялық дайындық:
Алыстан сермеп,
Жүректі тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғау тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,- дей келе көркем де, сұлу қазақ тілімізге арналған сабағымызды ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңімен бастаймыз.
III. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
1. Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер ж/е т.б. құралдар пайдалану.
3. Тәрбиелік: Ана тілін сүйуге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
IV. Сабақтың барысы: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз:
1 топ - Омоним
2 топ - Синоним
3 топ - Антоним
V. Сайыс шарттарымен танысу:
1шарт – «Таныстыру»
1) Әр топ өзінің атымен таныстырады.
Сабағымызда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » пайдаланып отырғанымыздан орындайтын шарттарымызды стратегияға бөлеміз:
«Ой қозғау» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез»
Абай
2 шарт- «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла».
Абай
деп Ұлы Абай айтқандай, лексикология тереңіне үңілейік.
1) Әр топ жеке тапсырма алады.
1 топ-
1. Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы;
2. Тұрақты сөз тіркесі;
3. Жаңа сөздер;
2 топ-
1. Көп мағыналы сөздер;
2. Мақал-мәтелдер;
3. Көнерген сөздер;
3 топ-
1. Диалект сөздер;
2. Кәсіби сөздер мен терминдер;
3. Кірме сөздер;
2 шарттың қорытындысы:
3 шарт - «Талдау - табыс кілті»
Эпиграф:
«Білгенге маржан,
Білмеске арзан».
Абай
Карточкалармен жұмыс:
1 топ- «Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»
(1.Синоним сөздерді табу.
2. Толық систаксистік талдау)
2 топ- «Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»
(1.Омоним сөздерін табу.
2. Толық систаксистік талдау жасау)
3 топ- «Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады»
(1. Антоним сөздерді табу.
2. Толық систаксистік талдау)
1 топ- Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер. Өнерлінің өрісі кең. Аузы күйген үріп ішер. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
1.Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.
2 топ- Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді.
1.Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз.
3 топ-Түймедей затқа өкпелесең, ..........көретініңіз қалмаған, мырза.Қорлық .......... ерлік өлім артық.Ақымақ бұзуға бар, ....жоқ.
1.Көп нүктенің орнына тиісті аАнтоним сөздерін тауып қойыңыз.
3 шарттың қорытындысы:
4 шарт - «Ойын - ой дамытады»
Тақтаға қоржын алып ілінеді . Қоржынға сыйлықтар салынған.Ол сыйлықтарға ие болу үшін сұрақтарға жауап беру керек:
1сыйлық- қаламсаптар (4-еу)
Ондағы сұрақ: сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Тақтаға семантикалық карта ілініп, 1 топтан 1оқушы ашық көзді толтырып жатқанда сол топтан тағы 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
сөздер Бастапқы мағынасы Ауыспалы мағынасы
Бет Адамның беті
Терең Терең сезім
Ашық
Өткір
Шерту
Бас
2 сыйлық - сызғыштар (4-еу)
Ондағы сұрақ : көнерген сөздер мен неологизмдер. Тірек сөздер беріледі, сол бойынша оқушылар шағын мәтін құрайды. 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
Көнерген сөздер Неологизмдер
Уәзір,сәукеле,садақ,жебе, т.б. Ғарыш, ұшақ,зымырат
3 сыйлық - дәптерлер (4-еу)
Ондағы сұрақ: тұрақты тіркестер. «Бір сөзбен шеш» ойыны. 1 білім алушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
1. Қой аузынан шөп алмайды - момын
2. Жүрек жалғау-
3. Төбе шашы тік тұру-
4. Қас пен көздің арасында-
5. Бетінен оты шықты-
6. Қырғи қабақ болу-
7. Бармағын тістеу-
8. Аузына құм құйылу-
9. Ит өлген жер-
10. Тайға таңба басқандай-
11. Ат ізін салмау-
12. Пейілі тар-
4 шарттың қорытындысы: «Кім жылдам?» ойыны. 3 топқа химиялық, физикалық және математикалық терминдер жазу тапсырылады:
Математикалық терминдер:
Химиялық терминдер:
Физикалық терминдер:
5 шарт- «Мақал-сөз мәйегі»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Арттағыға сөзің мен ісің қалсын».
Абай
3 топқа тапсырма беріледі: антоним,омоним және синоним сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдер айтып жарысу.
Вен диаграммасы: мақал мен мәтелдің айырмашылықтары.
мақал Ортақ белгілері Мәтел
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Мысалы:Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ. Көбіне бір бөлімді болып келеді. Мысалы: Суға кеткен тал қармайды.
Ой неғұрлым ашық айтиылады.. Мысалы:Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы. Ой, мағына ишара,тұспал түрінде болады.. Мысалы:Көп түкірсе-көл.
Ақыл,өсите түрінде келеді. Мысалы:Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей. Көбіне эмоцииялық реңк басым болады. Мысалы:Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
6 шарт- «Қызықты сабақ-қиялға қанат»
Эпиграф:
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз».
Абай
1) Тұрақты сөз тіркестері туралы суреттер.
2) Табуға көрініс. (Ауыл, келін көл жағасынан қасқырдың қойларға шауып жатқанын көріп,үйіндегілерге айтуға жүгіреді. Үйде қайын атасы-Қасқырбай, қайын ағасы-Көлбай, қайын інісі – Қойбай бар еді. Келін оларға бұл істі қалай түсіндіреді?).
7 шарт- «Шығармашылық жұмыс»
Эпиграф:
«Мақсатым тіл ұстартып
Өнер шашпақ».
Абай
1) Әр топқа жеке тапсырма беріледі (өлең жолодары немесе қара сөз).Өз ойларын жазбаша немесе ауызша білдірулері керек.
«Ой қозғау» стратегиясы.(Экраннан)
Абайдың аңсағаны қандай азамат? Синонимдер.
Айтылған сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себептері Көкірегі байлаулы берік болу Ойлы,
сезімді
Үлгі алу, көңілденіп,
тұщынып,ынтасымен ұғу Үлгілі,ынталы
Қайтарып, ойланып, көңілге бекіту Ұғымтал,білімді,
зерек
Кеселді нәрселерден қашық болу
Жаман қылықтардан
аулақ болу
8 шарт- «Қорытынды»
Эпиграф:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға».
Абай
Рефлексия.
Лексикадан өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтары
1. «Мырза жігіт», «кенже бала» сөздері қай сөзге қатысты?
А) дисфемизм
В) эвфимизм
С) тату
Д) көнерген сөз
Е) тұрақты тіркес
2. Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз
А)найзағай
В) қасқыр
С) бақиға аттану
Д) ұлыма
Е) жын
3. Қай сөз гректің «сыпайы сөйлеймін»деген мағынаны білдіреді?
А) эвфимизм
В) дисфемизм
С) тату
Д) идиома
Е) архаизм
4. Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?
А) мақал
В) иәтел
С)тұрақты тіркес
Д) нақыл сөз
Е) идиома
5.Тура мағыналы сөзді табыңыз
А) қара қас
В) жуас кісі
С) тас жүрек
Д) терең ойлы
Е) ыстық ықылас
6. «Суық хабар»асты сызылған сөз қай мағынада қолданылып тұр?
А) көптен күткен
В) сүйінші
С) қайғылы
Д) қуанышты
Е)күтпеген
7.Омонимді табыңыз
А) тал түсте далаға шықты
В) бала бал арасын тамашалады
С) жас шақта уақыттың қадірін біл
Д) ол тартпаның тұтқасын тартты
Е) ол менің бір аптадан бері нан жемегенімді ескермеді
8.Омоним бола алатын сөзді табыңыз
А) қағаз
В)кітап
С)оқулық
Д) бет
Е) мұқаба
9.Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз
А) ер мойнында қыл арқан шірімес
В) аңдай сөйлемеген ауырмай өледі
С) ананың көзі балада, баланың көзі далада
Д) ойнап сөйлесең де ойлап сөйле
Е) көз-қорқақ,қол- батыр
10.Синоним емес қатарды табыңыз
А) байсалды,байыпты
В) шалғай,қашық
С) сәт,мезет
Д) ағайын,туыс
Е) көмексі,еск
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |