Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақал-мәтелдер


Мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер

Күні: 26.11.2014 ж.

Сыныбы: 5 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мақал - мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • 1) Мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал - мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру;
  • 2) Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіру;
  • 3) Отанға, елге деген ұлтжандылық сезімдерін арттыру, ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс - тәсілі: «Ауызша сабақ – 1»

Сабақтың көрнекілігі: орынға отырғызу матрицасы, суреттер, тірек сөздер, хаттар,

Пән аралық байланыс: әдебиет, орыс тілі мен ағылшын тілі, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
1) Сынып оқушыларымен сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгендеу;
3) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Шапалақ соғу.

Тақтаға 7 тірек сөз ілу.

 1.Сөздер тобы

2. Тұрақты

3. Аз сөз

4. Түйін

5. Екі бөлімді

6. Бейнелі

7. Айырмашылығы 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру.

121-жаттығу. Өз досыңа немесе әдеби шығармадағы бір кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдалана отырып мінездеме жазыңыздар

Қол шапалақтап жаңа сабақты бастау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Қабылдауды ұйымдастыру.

Тірек сөздерді оқу. Жабу.

1мин уақыт беріледі. Естерінде қалған тірек сөздерді жазу. 5-6-7 тірек сөзді жазғандарын + белгісімен белгілеу.

1)    Ұғынуды ұйымдастыру. 

Оқулықта берілген тақырыпты оқу 3 мин уақыт беру. Оқыған материалдарынан сұрақтар қою.

2)    Түсінудің алғашқы тексерілуі.

  • Мақал дегеніміз не?
  • Мәтел дегеніміз не?
  • Мақал неше бөлімді?
  • Бірінші бөлімінде не айтылады?
  • Екінші бөлімінде не айтылады?
  • Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
  • Білім туралы мақал айтыңыз?
  • «Іргесі берік елді 
    Жау ала алмас, 
    Ауызы бір елді 
    Дау ала алмас» мақал ма, мәтел ме?
  • «Шешінген судан тайынбас» мақал ма, мәтел ме?

3)    Оқулықпен жұмыс. Тақтаны үш бөлікке бөліп, 3 оқушыны тақтаға шығару. Берілгенін оқыту. 

124-жаттығу.

  1. Суға кеткен тал қармайды.
  2. Байтал түгіл бас қайғы.
  3. Батырға да жан керек.
  4. Айдағаның бек ешкі, ысқырығың жер жарады.
  5. Әзіл айтсаң да, әділ айт.
  6. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
  7. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің дәмін келтіреді.

4)    «Сергіту сәті» оқушылардың назарын тақтадағы ООМ-да тұрған хатқа аудару. Хатты ашу.

№1 хат. «Кітап – былым бұлағы»

№2 хат. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»

№3 хат. «Достық – татулық кепілі»

№4 хат. «Отан – оттан да ыстық»

№5 хат. «Әке- асқар тау, ана – қайнар бұлақ»

№6 хат. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

  1. Бекіту.

1)    Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрау. «Иә»немесе «Жоқ»

  1. Мақал-мәтелдер қалыптасқан сөздер тобы                   иә
  2. Мақал-мәтелдерде сөздердің орны тұрақты емес        жоқ
  3. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға келеді                жоқ
  4. Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен аз мағына білдіреді.                                                                           Жоқ
  5. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым білдіреді. Иә
  6. Мақалдар екі бөлімнен тұрады                                         иә
  7. Бірінші бөлімде қорытынды пікір айтылады                   жоқ
  8. Мақалда ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.                                                                               Жоқ
  9. Мәтелде ой тиянақты болады                                           жоқ
  10. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы жоқ                       жоқ
  11. Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады          иә
  12. Мәтелдің салдары айтылып, себебі айтылмайды                       иә
  13. Мақал көбінесе құрмалас сөйлем түрінде келеді.                      Иә
  14. Мәтел жай сөйлем түрінде келеді.                                             Иә
  15. Мақал-мәтелдер ойды нақты жеткізуге көмектеспейді.            Жоқ
  16.  Мақал - сөздің мәйегі.                                                             Иә

2) Тақырыптық сөздік қор жазу.

23-22 бала болса 14 оқушы

24 бала болса 15оқушы

21-20 бала болса 13 бала 63% болады.

3) « Сыйқырлы суреттер сөйлейді»

Аттың, туған жердің, батырдың суреттері ілінеді. Суретке байланысты оқушылар мақал-мәтелдер, қанатты сөздер қатыстырып ауызша мәтін құрастырып айту қажет.

  1. Бағалау.  

4-5 «+»белгісін алған оқушыларға «5»

3 «+»белгісін алғандарға «4»

1-2 «+» белгісін алғандарға «3» деген бағалар қойылады.

  1. Үй тапсырмасы: 127,128-жаттығу. Тақырыпты оқу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мақалдар мен мәтелдер
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері
Мақал-мәтелдер
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Тұрақты тіркес
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4274 | Қосты: Сарсембекова Лаура Жолмұхаметқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык