Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 19162 |
|
|
|
Омонимдер
Омонимдер
Білімділік мақсаты: Омонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту.
Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.
Тәрбиелік мақсаты: Омонимдер арқылы қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Технология түрі: ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, Қазақстан тарихы.
Әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, венн диаграммасы.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау.
Көп мағыналы сөздер.
60 - 61 жаттығулар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөз деген не?
- Белгілі бір ұғымға берілген атау.
2. Сөз мағынасы деген не?
- Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
3. Сөздің қандай мағыналары болады?
- Тура және ауыспалы мағыналары.
4. Сөздің тура мағынасы деген не?
- Негізгі, бастапқы мағынасы.
5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?
- Келтірінді мағынасы.
6. Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?
- Сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.
60 - жаттығу. *Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер болуын ескеру.
Салмақты мінез
Менің атам - өте салмақты адам. Жер қозғалса да қозғалмайтын мінезі ауылдастары арасында аңызға айналған. Көл бетінде жүзген аққуларды көргенде ғана бірде бетінен (жүзінен) ерекше бір тебіреніс көргендей болдым. Атам қатты қуанғандай болды.
61 - жаттығу. ●Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.
Жел, суық, жылы, өткір, кілт.
1.Суық күндер алыс емес. (тура)
Суық сөз бойыңды жазғызбайды. (ауыспалы)
2. Қолындағы өткір пышақпен алманың қабығын тез-тез аршыды. (тура)
Өткір жігіт ешкімнен қаймықпайды. (ауыспалы)
♦ Сол сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағыналарының өзара бірлігі мен айырмашылықтарын айтыңдар.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тақырып: Омонимдер
1. Кіріспе бөлім
Венн диаграммасы.
1. Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.
2. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.
3. Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.
ІІІ. Жаттығулар жұмысы
А - тақтамен жұмыс.
62- жаттығу (тақтамен жұмыс, астын сызу)
Тамақты асығып ішпе. Ас қайырмай дастархан басынан тұрма.
Бас киімді айналдырып киме. Бір қолмен нан үзбе.
Ә - ізденімдік жұмыс.
Үлкенді сыйлау, қарсы сөйлемеу, орынсыз күлмеу т.б.
Б - оқулықпен жұмыс.
63- жаттығу (кейіпкерлеге мінездеме)
Ара. Әсеттің қолын ара шақты. Атам араның жүзін қайрады. Бұл арада айтылатын сөз емес.
64- жаттығу (үйден мазмұндау)
В - интерактивті тақтамен жұмыс:
Жас бала. Көз жасы.
Оң қол. Оң іс.
Қара көз. Бұлақ көзі.
Үлкен үй. Құмды үй.
Г - жеке оқушымен жұмыс.
65 - жаттығу
Қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.
● Адамның қолы; қалың қол.
Ашық сабақ; өсімдіктің сабағы.
Аяқтың сіңірі; суды сіңір.
Қоңыр қой; дәптерді орнына қой.
♦ құлағына сіңіріп қоятын (ұғындырып қоятын)
ІV. Бекіту:
1. Жинақтау, қорытындылау.
2.Үйге тапсырма беру.
3. Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |