Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қосарлама қос сөздер


Қосарлама қос сөздер

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың күрделі сөз туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қос сөздерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды  адамгершілікке, еңбекке, татулыққа  тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас 
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, жаттығу,сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
                                            2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
                                            3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.  
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөздің морфологиялық тұлғасына  қарай бөлінуі
2. 89-жаттығу
 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
     Кейде екі сөз қайталанып не қосарланып, бір лексикалық мағына береді. Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды. 
 
1. Қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес заттардың аттарынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден жасалады. 
 
Мысалы: сауыт-сайман, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын
 
2. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келеді.
 
Мысалы: арық-тұрық, кедей-кепшік, көйлек-көншек
 
3. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.
 
 Мысалы: ығы – жығы, анда-санда, қым-қуыт, алба-жұлба
 
4. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді
 
Мысалы: ғылыми-ағарту, этно-мәдени, ғылыми-көпшілік
 
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Ертегіге құрылған тапсырмалар
Құтқарушыға талап қою.
• Қос сөздің ережесі
• Қос сөздің түрлері
• Қайталама қос сөз деген не?
• Қосарлама қос сөз қалай жасалады?
1. Ж ы л д а м   ә р і   с а у а т т ы
 
    Қос сөздерді құрастырып, желімдеу.
Топ мүшелерінің екіншісі ауызша сөйлем құрауы керек.
 
 
 
 
2. Мен мұны білемін!
 
1.  Сыңарлары әр түрлі сөздерден болған қос сөзді табыңыз.
 
А) жеңіл-желпі    
В) ары-бері  
С) аппақ-аппақ  
Д) ғылыми-көпшілік   
Е) көрші-қолаң
 
2. Сыңарлары антонимдес қос сөзді табыңыз
А) уақ-түйек    
В) құрбы-құрдас  
С) жасыл-сары  
Д) алба-жұлба   
Е) кәрі-жас
 
3. Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз
А) ағалы-інілі    
В) басқа-басқа  
С) жекпе-жек  
Д) оқта-текте   
Е) жап-жасыл
 
4. Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз
А) ірілі-уақты    
В) қысы-жазы  
С) үлкен-кіші  
Д) ағайын-туыс   
Е) алыс-жақын
 
5. Бір сыңары мағынасыз қос сөзді табыңыз
А) апақ-сапақ    
В) ұсақ-ұсақ  
С) көйлек-көншек  
Д) қазан-ошақ   
Е) қауіп-қатер
 
3. Есімде тез сақтаймын!
       Арық-тұрақ
 Мұндағы жеке мағынада қолданылмайтыны - «тұрақ». Ертедегі түркі тілдерінің жазба ескерткіштері сөздігінде тур-арықтау, ал туруқ- арық мағынасын білдірген. Сөз түбірі ─ «тур» екендігі көрініп тұр. Қазіргі түркі тілдері ішінде хакастарда «түре» қазақ тіліндегі арықтау сөзімен мағыналас.
  Тоқты-торым
 «Торым» деген сөз қазіргі моңғол, бурят, қалмақ тілдерінде тайлақ ұғымында кездеседі.
Төре-төлеңгіт
 «Төре» де, «төлеңгіт» те қазіргі тілімізде қолданудан қалып бара жатқан, көнерген  сөздер.  «Төре» - үстемдік етуші әкімдер, ал «төлеңгіт» - төренің күтушісі. Түріктерде «түлінгі», тува тілінде «түреңгіш» қалпында дыбысталатын сөздер қайыршы, жарлы ұғымдарын береді. Дәлірек айтсақ «төре-төлеңгіт» - «бай-жарлы» деген сөз .
    Телі-тентек 
Ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі сөздерге қос сөздердің бір сыңары «телу» тұлғасында көрініп, осы кездегі ақымақ, ақылы аз сөзінің орнына жұмсалған. Қырғыздарда «тели» есінен адасқан, хакас тілінде – топас мағынасын береді.
V. Үй тапсырмасын беру:
1. Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздердің бірінің шығу тегін зерттеу
 
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VII. Сабақтың аяқталуы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қосарлама қос сөздер
Антонимдер
Күрделі сөздер. Ұстаз
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Қосымша түрлері. Жұрнақ
Сөздердің түрлері
Қосарлама қос сөздер
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Біріккен сөзді тап
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6757 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык