Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құрмалас сөйлем


Құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе оты- рып,білімдерін бекіту;
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Ауызша сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, сын тұрғысынан ойлау, өз бетінше іздену, талдау әдістері
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, тақырыпқа арналған кестелер, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Сынып оқушылары сөйлемдерді таңдап алады. Ол сөйлемдер жақты, жақсыз сөйлемдерге байланысты, жақты сөйлемі бар оқушылар 1-топ, ал жақсыз сөйлемі бар оқушылар 2- топ болады.Топ басшыларын сайлайды, топтың атын қояды.
Бағалау парағына топ басшысы аттарын жазып қою.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үйге берілген тапсырманы сұрау;
2. Өтілген тақырыпты «Сандар сыры» ойнымен пысықтау.( интерактивті тақтада сандар тұрады, сол сандарды оқушылар таңдап, артындағы сұрағына жауап беру керек)
1. Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Сөйлемнің өзіне тән ерекшеліктерін ата.
4. Жай сөйлем дегеніміз не?
5. Жақты сөйлем дегеніміз не?
6. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
7. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
8. Толымды сөйлем дегеніміз не
9. Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
10. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
11. Терезеден оның жүзіне айдын жұмсақ нұры түсіп тұр.
12. Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Өтілген тақырыптарды топтастыру әдісі арқылы қайталау, жаңа сабақпен байланыстыру. Сөйлемнің түрлері топтастыру әдісі бойынша слайдта көрсетілген.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Жай сөйлемдер Құрмалас сөйлемдер
Жай сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.
Жеке сөздерден құралады.
Жеке сөйлемге сай дауыс ырғағы да ықшам.
Әр сөйлемнің аяқталғанына байланысты өзіндік айырымы бар дауыс ырғағымен айтылады. Құрмалас сөйлем екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Баяндауыштары тиянақты.
Жек сөйлемдер бір-бірімен құрмаласып тұрғандықтан, дауыс ырғағы әр сөйлемнің өз ыңғайына қарай ерекшелене, бірақ ұласпалы түрде айтылады.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау:
1. «Кітап –білім бұлағы» оқулықпен жұмыс
1-топ
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырату, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.
1. Мінезі жақсы төрге озар.
2. Ыстық асқа үрлеме.
3. Үлкен келсе, аяғыңды аяма.
4. Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
5. Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
6. Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
2-топ
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырату, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.
1. Дос адам артық сұрамайды.
2. Сыйлағанды сыйла, илегенді иле.
3. Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.

4. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді.
5. Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды.
6. Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды.
2. Сергіту сәті. «Жорға» ойыны
1-топ
1. Жанұяда қанша адам бар?
2. Досыңды ренжіткен күндерің болды ма?
3. Адам көркі шүберек пе?
4. Көңіл күйің қалай?
5. Өмірде не қымбат?
6. Қазақ тілі қандай тіл?
7. Тіл неден өткір?
8. Шашыңды сәндейсің бе?
9. Аңдамай сөйлеген ауырмай өле ме?
2-топ
1. Сиырда мүйіз бар ма?
2. Үйіңде не бар?
3. Қолың нешеу?
4. Туған жердің қадірін қай жерде жүріп білесің?
5. Өмірде нені сүйесің?
6. Тәрбие отбасынан бастала ма?
7. Тіл не үшін керек?
8. Шашыңның түсі қандай?
9. Ертегі білесің бе?
3. «Мен оқитын білім ордасы» тақырыбында постер қорғау
Оқушылар берілген тақырып бойынша мәтін құрау. Мәтінде кемінде 3 құрмалас сөйлем болуы керек.

1-топ. Мұғалімдер жетістігі
2-топ. Оқушылар жетістігі

V Сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырма
Екі топқа жеке тапсырмалар беру.
І деңгей
1-топ
Берілген сөйлемдерден жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырату.
1. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді.
2. Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады.

2-топ
Берілген сөйлемдерден жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырату.
1. Қамыстың үстіне топырақ себіледі, оған су сеуіп дымдайды.
2. Басқа орындарға жаңадаң ағаш егіліпті.

ІІ деңгей
1-топ
Көп нүктенің орнына екінші сыңарын ойла.
1. Қына тасқа бітеді, ...
2. Атаның баласы болма, ...
3. Білекті бірді жығар, ...
4. Би екеу болса, ...
5. Тұз астың дәмін келтіреді, ...
6. Жақсы байқап сөйлер, ...
2-топ
1. Оқу –білім азығы, ...
2. Еңбектің наны тәтті, ...
3. Жалқаудың үні шықпас, ...
4. Садақпенен бірді жығарсың, ...
5. Білімдіге дүние жарық, ...
6. Туған жердей жер болмас, ...
ІІІ деңгей
Берілген үзінді қай шығармадан алынған және авторы кім?
1-топ
1. Ілімге толса көкірек,
Ашылар көзі сананың.
Құлақ салсаң, жақсылар,
Азырақ сөзді жазамын. ( М.Сұлтанқожаұлы, толғау)
2. Қазақты ол ұрыста қалмақ алды,
Үш есенің екеуін қырып салды.
Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында,
Арқаға қазақ ауып кетіп қалды.
( Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы)
2-топ
1. Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты кұміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
( А.Құнанбаев «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі)
2. Бұл жолы кешігуі жай емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі!...
Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ
Қыранмен қарақұстай алысқан шақ.
( М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы)

5. Рефлексия. Осы кестеге оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іліп қояды.

Мен үшін жаңалық Мен үшін туғызған қиындық Сабақтан алған әсерім
VI. Оқушыларды бағалау: оқушылар жинаған балдарына байланысты бағаланады. Бағалау парағы интерактивті тақтада мониторинг арқылы көрсетіледі.
VII Үйге тапсырма:
1. Көркем әдебиеттен құрмалас сөйлемге 6 сөйлем жазып келу.
2. Құрмалас сөйлемнің ережесін оқу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құрмалас сөйлем
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем, Ыңғайлас салалас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Аралас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Есту диктанты.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3719 | Қосты: Қашаулиева Эльмира Көкталқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык