Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір


Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір

Сабақтың мақсаты:

7. Білімділік 8. Дамытушылық       3.Тәрбиелік
Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетемен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып-үйренудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу Үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасау. Мақала арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздерді орынды қолдануға,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,  талдау, баяндау, түсіндіру, с.т.о(сыни тұрғыдан ойлау) стратегиясы.
Сабақтың жабдығы: слайд, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
6. Оқушыларды түгендеу;
7. Сабаққа дайындықтарын бақылау;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: қайталау сұрақтары
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Жаңа сабақ. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері.
Ой шақыру.
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға сұрақ қою.
 Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата. 
       Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)
Қыстырма сөйлем дегеніміз не?
Қаратпа сөз дегеніміз не?
Одағай сөз дегеніміз не?
Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
Айқындауыш мүше дегеніміз не?
Төл сөз дегеніміз не?
Слайд бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен біріңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады.
1. Үтір (,) Шешендік сөз шешендікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
2. Қос нүкте (:) Ел деген мұз сияқты: ақырын ұстасаң, - түсіп кетеді.
3. Жақша () Жақсылық–кісінің табандылығында.
                                                                     (М. Әуезов)
4. Тырнақша (“”) Қазыбек биден бір адам “кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беруін сұрапты.
5. Сызықша (-) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.
6. Нүктелі үтір (;)    Ақылды ісіне сенеді;   Ақымақ күшіне сенеді;Әңгүдік түсіне сенеді.


 Қазыбек, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын.
 Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.
 Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын сотқар болып едің. 
 Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады.

Біріңғай сөйлем мүшелерінің арасында қойылады Қаратпа сөздер (сөйлем басында, соңында, ортасында) Қыстырма сөздер
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Оңашаланған айқындауыш сөздер Одағай сөздер
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің аражігіне қойылады Қаратпа сөздерден кейін қойылады
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Қыстырма сөздерден кейін қойылады
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Оңашаланған айқындауыш сөздерден кейін қойылады Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің аражігіне қойылады 
Менің ғашығым бота көзді, қыр мұрынды, шие ерін, ақ құба келген аққу қыз. Жігіттер, ойын арзан, кұлкі қымбат.
Менің сырым, жігіттер, оңай емес.
Ендігі кезек сенде, қарағым. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
Бұларды, әрине осы жерде жасауға болмайды.
Өзі осында келген шығар, сірә. Сен, Қазыбек би, бұл елдің соты.
Осы елдің алға ұстары сен, Батыр Баян. Пай! Пай! Пай! 
Киелі неткен жер!
Ел көшсе, жайлау жетімсірейді, құс көшсе, көл жетімсірейді. . Жігіттер, ойын арзан, кұлкі қымбат.
Менің сырым, жігіттер, оңай емес.
Ендігі кезек сенде, қарағым. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
Бұларды, әрине осы жерде жасауға болмайды.
Өзі осында келген шығар, сірә. Сен, Қазыбек би, бұл елдің соты.
Осы елдің алға ұстары сен, Батыр Баян. Ел көшсе, жайлау жетімсірейді, құс көшсе, көл жетімсірейді. 

 

 Біріңғай мүшелерде қойылатын үтір. 
Біріңғай мүше жалғаулықсыз келгенде Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары біріңғай мүшеде қайталанып келгенде Мен, және жалғаулық шылаулары қайталанбайды Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары біріңғай баяндауыштар арасында қайталанбай келсе, шылаудан соң үтір қойылады 
Айгүл, Әсел, Әдемілер келді. Асыл да, Әсел де не үйге кірерлерін, не кері кетерлерін білмей дал болды. Айнур мен Асыл, Айдын мен Асхат келді. Қоңырау соғылды да, сабақ басталды. 


Құрмалас сөйлемдерде қойылатын үтір

Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтар -дан соң үтір қойылады Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі
жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтардан соң үтір қойылады Қайталанып келгенде Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмаластар арасында 
Қайтарар жауабы көкірегінде қайнап тұрса да, Сұлтанмахмұттың үні шықпады. Әкесі мен қызы осы жерде бірінші рет кездесті, бірақ бірін – бірі танымады. Кейде олар балаша шуласа, кейде сабырлы болады. Дауыс шыққан жаққа қарап едім, қол созым жерде елік тұр. 

Жаттығулармен жұмыс:
1. Сөйлемдерге тыныс белгісін қойып шық.
Өсе келе Ердос тап – тақыр жерде өсіппіз ғой деп ойламасын.
Сол кешегі ұстаздары яғни біздер соншама ақылды да білімді де емес екен.
Шіркін бұрынғының әндері-ай.
Әрбір ән тұтас тарих.
Соларша қайғырып соларша сүйе білер ме еді шіркін.

 

    2.«Қазақ тілінің мұңы» 
Мәтінмен танысу, түсінгенін айту, қазіргі заманмен салыстыру,тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтау.
Мен заманда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Жардай соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын?
      Кірленіп барамын, былғанып барамын.
      Жасыдым, мұңалдым.
      Мен не көрмедім?
      Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, бұлдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келетіндер де бар. Өліде үш бақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет (Байтұрсынұлы. Ред.) деген кісіден ғана естідім.
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).
        Сұрақ – жауап.
        1. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
        2. Үтір қандай жағдайда қойылады?  
        3.Карточкамен жұмыс  
         1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тиісті орынға тыныс белгісін қой. 
         2. Қаратпа сөздерді бірде сөйлемнің алдына, бірде ортасына, бірде аяғына қойып, оларды тыныс белгілерімен айырып жазыңдар. 
         3. Одағай сөздерді тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.     
ҮІ. Үйге тапсырма беру: 159-жаттығу.
ҮІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9- сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Талғаулы салалас
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір. Қаратпа , қыстырма , одағай және оңашаланған айқындауыштарға байланысты қойылатын үтір.
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18849 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык