Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөз сыры



Сөз сыры

Түсінік хат
Мектептің негізгі деңгейіндегі 5-сынып қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында лексикология бөлімі бойынша курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту  тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген  сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне   қалыптасады.
Ана тілінде оқытылатын курстың мақсаты оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлерін  меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады. 
 
Курс бағдарламасы бойынша барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады. 
Лексикология тарауы бойынша мақсаты, зерттелуі және лексикалық             элементтің дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалатындығын, сол арқылы белгілі мағынаны жалпыға білдіру дәстүрі пайда болатындығын оқушыға меңгертіледі.
          
         Қазақ тілінің сөз байлығын лексикология ғылымының заңдылығына байланысты зерттегенде, біріншіден, мән- мағынасын, екіншіден, шығу тегін, үшіншіден, қарым-қатынас жасаудағы қолдану аясын, төртіншіден, экспрессивті-стильдік қызметін жан-жақты тексереді.Сондықтан лексикология «сөз туралы сөз», сөздердің бүтін жиынтығы жайында ғылым екендігін ұғындыру.
ІІ Курстың мақсаты:
• Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту
• Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныту
• Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету
• Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту
• Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру
• Оқушылардың  оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.
 
• Сөз мағыналарын зерттеу.
ІІІ Курстың міндеттері:
 
• Білімді  дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);
 
• Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;
 
• Оқушыны зейінді ұстау;
 
• Пәнаралық байланысты сақтау;
 
• Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);
 
• Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау 
 
• Өздігінен білім алуға үйрету функциясы. 
Қорытынды Ұсыныс Ескерту
Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің 2011-2012 оқу жылындағы 5 «а,б» сыныптары үшін «Сөз сыры» тақырыбындағы дайындаған факультатив курсының бағдарламасы.
(Аптасына- 1 сағат, жылына- 34 сағат)
Р/с Тақырыбы Сағаты Күні
1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері 1
2 Сөз. Сөз туралы түсінік 1
3 Сөздің шығу тарихы 1
4 Сөздің жасалуы 1
5 Сөздің мағынасын зерттеу 1
6 Тілдік метафора 1
7 Сөздің көп мағыналылығы 1
8 Омоним 1
9 Омонимдік сөздікпен жұмыс 1
10 Синоним 1
11 Синонимдік сөздікпен жұмыс 1
12 Антонимдер 1
13 Табу. Табу сөздерінің шығу төркіні 1
14 Эвфемизм, дисфемизм 1
15 Шығармашылық жұмыс 1
16 Сынақ тапсырма 1
17 Неологизм сөздер 1
18 Историзм. 1
19 Архаизм. Қазіргі кезде қолданыстан шыққан сөздер 1
20 Кірме сөздер 1
21 Фразеологизмдер 1
22 Сөздік құрамның толығу жолдары 1
23 Арнаулы сөздер 1
24 Кәсіби сөздер 1
25 Эмоционалды сөздер 1
26 Экспрессивті сөздер 1
27 Тұрмыстық сөздер 1
28 Қарапайым сөздер 1
29 Диалектизмдер 1
30 Варваризмдер 1
31 Сөйлеу тілінің лексикасы 1
32 Сөз сырына саяхат 1
33 Шығармашылық жұмыс 1
34 Сынақ тапсырма 1
 
ҮІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
 
 Лексика және грамматика саласында тілдік білімдерін меңгеруі тиіс:
• сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады;
 
• сөздік құрам түрлерін меңгереді, контекстегі қолданылу ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда шығармашылықпен қолданады;
 
• жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен ажырата алады;
 
• тілдік ұғымдардың мәнін ашатын диаграммалар, кестелер құрастырады, оны таратып түсіндіреді.
 
• Өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі тиіс. Қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға бере білуі тиіс:
 
• мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;
 
• оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа  сәйкес жоба-жоспар жасап, мәтін құрайды.
 
• сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналылық сипатын  жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады;
 
• әдеби нормамен монолог, диалог түрінде пікірлеседі.
 
ҮІІ Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ тілі лексикологиясы»  Ә. Болғанбаев 
 
       2.«Сөз өнері» М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаев
 
       3.«Қазақ диалектологиясы» Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев
 
       4.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
Дүние жүзі тарихы
Дүние жүзі тарихы
8-сынып, Дүние жүзі тарихы
Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі
Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы
Тіл білімі салаларын оқыту
Лексика
Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
Екітаңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 12931 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 26 октября 2014 04:59
сөз сыры факультативінің сабақ жоспарларын қайдан алуға болады?
avatar
• 26 октября 2014 05:07
Өз сұрағыңызды ұстаздар форумында қоя аласыз.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык