Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас


Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас

Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас

Сабақтың мақсаты: 1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу  
                                          жолдары ұғымын меңгерту.
                                      2. Оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен 
                                          байланыстыра алуына қажетті логикалық ойлау 
                                          қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық              
                                          сауаттылықты дамыту.
                                      3. Жүйелі сөйлей білуге үйрету, ғылымға деген 
                                          қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, қарама-қайшы элемент,  
                              РАФТ тәсілі, сатылай кешенді талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер
 Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу;
- сабаққа қатысуын тексеру;
- назарларын сабаққа аудару;
- сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Ой жинақта талдаумен»
І топ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
ІІ топ. Көп бағыныңқылы сабақтас, оның түрлері
ІІІ топ. 121-жаттығудан сабақтас құрмалас сөйлемдерді табады
 
2. Қарама-қайшы элемент
Салалас құрмалас Сабақтас құрмалас
1. Баяндауыштары тиянақты болады
2. Жалғаулық шылаулар арқылы жасалады
3. Құрамындағы жай сөйлемдер 
өзара тең дәрежеде байланысады
1. Баяндауыштары тиянақсыз болады
2. Бағыныңқы, басыңқы сөйлемдерден тұрады
3. Белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы байланысады
 
3. Сөзжұмбақ «Сабақтас»
1. Шартты рай тұлғасына қойылатын сұрақ 
2. Көп бағыныңқылы сабақтастың түрі 
3. Салаластың түрі 
4. Құрмаластың түрі 
5. Баяндауышы тиянақсыз болатын құрмалас 
6. Салаластың мағыналық түрлері нешеу? 
7. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы 
8. Сабақтас құрмаластың екінші сыңары 
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Түсіндіру (слайд арқылы)
2. Жаттығумен жұмыс
а) 123-жаттығу. Сатылай кешенді талдау
І топ. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
ІІ топ. Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастаса, жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.
ІІІ топ. Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
Тақтамен жұмыс: Бір оқушы тақтаға талдайды.
Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.
- сөйлемде екі тыныс белгісі бар: үтір және нүкте
- айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы сөйлем
- құрылысына қарай:  құрмалас сөйлем
                                        сабақтас құрмалас
                                        шартты бағыныңқылы сабақтас
- шартты райдың -са, -се жұрнағы арқылы жасалған
- екінші жай сөйлемін сөйлем мүшесіне талдаймыз:
не істейді? – алар баяндауыш
нені алар? - өнегесін толықтауыш
қандай өнегесін? – жақсы анықтауыш
- байланысу түрі: өнегесін алар – меңгеру, етістікті тіркес
                                 жақсы өнегесін – қабысу, есімді тіркес
ә) Топтық тапсырмалар.
І топ. 124-жаттығу. 
Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау
1. ----------,---------- тигізбейінше,----------.
2. ---------- қарасаң,----------.
3. ---------- берілмесе,----------.
4. ---------- жарыспай,----------.
ІІ топ. 125-жаттығу. “Сызбаны сөйлет” 
1. ---------- өтінсе,----------.
2. ----------алмай, ----------.
ІІІ топ. РАФТ әдісімен ойтолғау жазу.
Р- Тіл жанашырлары
А- халық
Ф- үндеу
Т- Ана тілі – ұрпақ тілі 
б) Графикалық диктант
ІҮ. Сабақты бекіту.
І топ. Бағыныңқының баяндауышы шартты райдан болған сөйлем.
ІІ топ. Бағыныңқының баяндауышы көсемшеден болған сөйлем.
ІІІ топ. Бағыныңқының баяндауышы есімшеден болған сөйлем
Ү. Сабақты қорыту.
Білімдерін тексеру: дұрыс жауабын табады
- Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақты бола ма?
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байланыса ма?
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма?
- Сабақтас құрмаластың баяндауышы тең дәрежеде байланыса ма?
                          Иә/Жоқ
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
1. 126-жаттығу. Мәтіннен шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіру.
2. Ереже жаттау.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенділігін ескеріп, біліміне қарай бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сын-қимыл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
Сабақтас құрмалас сөйлем
Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13573 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык