Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Салт және сабақты етістік.


Салт және сабақты етістік.

 Салт және сабақты етістік.

Сабақтың тақырыбы: Салт және сабақты етістік.

Мақсаты:Етістіктің мағынасына қарай бөлінетін түрі салт және сабақты етістіктер туралы түсіндіру.

Білімділік:Салт және сабақты етістіктердің жасалуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.

 Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі

-оқушылармен сәлемдесу;

-оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

-оқу құралдарын ретке келтіру, бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Болымды және болымсыз етістіктер туралы қайталау.

-Болымды етістік дегеніміз не?

-Болымсыз етістік дегеніміз не?

-Болымсыз етістік қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?

Ә)Жаттығуларды тексеру:

231-жаттығу: Сөйлемдердің құрамындағы етістіктерді тұлғасына қарай үлгі бойынша талдаңдар.

232-жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқып, өлең жолдарындағы болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғандығын анықтаңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ: Салт және сабақты етістік.

Мағынасына қарай

Салт етістік

Сабақты етістік

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.Салт етістіктер:барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды.

Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді.

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал.

Ескертпе:

1.Кейде етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады.

Өзгелік етістің жұрнақтары:ғыз,-гыз,-қыз, -кіз,-дыр,-дір,-ыр,-ір,-р салт етістікке жалғанса оны сабақты етістікке айналдырады:

салт етістік                                        сабақты етістік

шам сөнді                                          шамды сөн-дір-ді

бала кетті                                          баланы кет-ір-ді

гүл өседі                                            гүлді өс-ір-ді

  1. Ырықсыз етістің жұрнағы сабақты етістікке жалғанып, салт етістікке айналдырады:

Сабақты етістік                                                  салт етісті

Әңгімені айтты                                                  әңгіме айт-ыл-ды

Хатты жазды                                                      хат жаз-ыл-ды

Кітапты түгел оқыды                                        кітап түгел оқы-л-ды

ІV. Тақтамен жұмыс:

Оқы, жаз,кел, айт деген сөздерге табыс септігін қажет ететін, етпейтін сөздерді тіркестіріп жаз.

Кітапты оқы, өлеңді оқы, кітап оқылды, әріпті жаз, үйге кел, маған кел, құпияны айт, әңгіме айтылды т.б.

V.Жаттығулар орындау:

233-жаттығу: мақал-мәтелдердегі ойды таратып айтыңдар, құрамындағы етістіктерді тауып, олар қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаңдар. Қайсысы сабақты, қайсысы салт етістік екендігін ажыратыңдар.

 

235-жаттығу: Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, салт етістіктердің астын ирек сызықпен сызыңдар.

VІ.Сабақты Венн диаграммасы арқылы салыстыра отырып қорытындылау.

            Сабақты етістік                    ұқсастығы          Салт етістік

 

       
  Овал: Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді   Овал: Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.Салт етістіктер:барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды.

 

 

 

 

Екеуі де етістіктің мағынасына қарай түрлері.

Етістің жұрнағы жалғанғанда екеуі де өзгеріске ұшырайды

                                                                                                                                                                                                                                                                            

VІІ.Үйге тапсырма:

1. Ережені түсініп оқу;

Сыныпта үлгермеген жаттығуларды аяқтау;

236-жаттығу: «Адамгершілік-кісіліктің белгісі» тақырыбында ойтолғау жазу. Оған төмендегі берілген сөз тіркестерін келтір.

VІІІ.Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салт және сабақты етістік. Туған жерімнің табиғаты.
Сабақты және салт етістік туралы түсінік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістікті қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Сабақты етістік пен салт етістік
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
Болымды және болымсыз етістік
Сабақты және салт етістік
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 59397 | Қосты: Насырова Гүлжамал Рашитқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык