Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Синтаксис туралы түсінік


Синтаксис туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы Синтаксис туралы түсінік

Сабақтың мақсаты Синтаксис  сөзі   грек  тілінен аударғанда  құрастыру,  біріктіру  сөзі  екенін, сөздердің бір- бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрай алатынын  түсіндіру.
Білімділік Сөйлем  құрамындағы  сөздердің  өзара  грамматикалық байланысына  негізделетінін білу 
Тәрбиелік Өзара көмек және  ұжымшылдыққа тәрбиелеу 
 
Дамытушылық Өрелі ой еркіндігін , мәдени сөйлеу дағдысын дамыту.
 
Оқу нәтижесі Ойын элементтері арқылы жаңа сабақты меңгеру
Түйінді идея Ой алғырлығы, тапқырлық, мәдени сөйлеу шеберлігіне бағдар беру
Сабақтың түрі  Сайыс  сабағы
Cабақтың типі Жаңа білім  беру  сабағы
Көрнекілігі Тірек сызбалар,   үлестірме  қағаздар,тест,түрлі -түсті қағаздар
Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Тапсырмалар Ұйымдастыру(3мин)
Үй тапсырмасын сұрау                            
                        ( 7мин)
А, В, С деңгейдегі оқушыларға  сұрақтар қою
Жаңа сабақ    (15 мин)
 
 
Дағды мен іскерлік                                                                     (10мин)
 
Бекіту(5мин) 
Сабақты қорыту
Үйге тапсырма(5мин)
 Рефлекция Топқа бөлініп отырады
Сұрақ –жауап
Бірін- бірі   тексереді
Ойын еркін жеткізу
Жаңа ақпарат алады . Ережені  өздері шығарады . Cалыстырады.
Диалогтік пікірлесу.
Үйге тапсырма алады
Рефлекция жазады
Әдіс-тәсілдер СТО стратегиялары,жұптық, топтық,  жеке   жұмыс, зерделей іздену,ой қозғау т.б
С А Б А Қ Т Ы Ң         Б А Р Ы С Ы 
Ұйымдастыру
а).Сыныпты сабаққа дайындау.Сурет қиындылары  арқылы  топқа бөліп   отырғызу
ә).Оқушыларға бағалау парақтарын тарату, бағалау ережелерін таныстыру
                  бес (5) ұпай                            үш  (3) ұпай                  бір(1) ұпай
                 төрт ( 4) ұпай                          екі(2) ұпай
б).Үй  тапсырмасын  сұрау
     1.  «Кім  жылдам?»  ойыны.  Үш минутта кім қанша сұраққа жауап береді? Тапсырманы жазбаша  орындау  керек.(Кітаппен  жұмыс  217- жаттығу)
 а) Әр оқушыға жеке үлестірме  қағаз  беріледі.
 ә)Бір- бірін ауыстырып тексереді
 б)Тақтадағы  дұрыс жауаппен  тексереді 
• Қанша шақ бар?
• Райдың түрі нешеу
• Есімшенің  жасалу жолы қанша?
• Есімшенің түрленуі деген не?
• Көсемшенің жасалу жолы қанша?
• Көсемшенің қай түрі  жіктелмейді?
• Бір ғана  жұрнақ арқылы жасалатын қай етістік? 
Синтаксис   туралы   түсінік. Біз сынып  әдемі  киін үш бала   кір берілген сөздерден не түсіндік? Осы  сөздерді бір- бірімен қалай байланыстыра   аламыз?
Әр бала  әр түрлі пікір айтуы  мүмкін. Сөздер  бізге түсінікті  болуы  үшін сөздер бір- бірімен грамматикалық  байланысқа түсуі  керек.Алдарыңдағы  суреттерді  қалай  құрастырдыңдар?  Ал сөз бен  сөздерді  байланыстыру  үшін  бізге  не керек? Балалардың  жауаптарына  көңіл бөлу.Әрбір  екі сөзден немесе түгелдей  сөздерді   қатыстырып , сөйлем құрауға  болатынын   түсіндіру. Сөйлем  дегеніміз  не?  Сөз тіркесі  деген  не? Сөз тіркесі   қалай  жасалады?                             
Сөз  тіркесінің  айрықша  белгілері:
1. Кем дегенде  толық  мағыналы екі сөзден тұрады.
2. Өзара  грамматикалық тәсілдер  арқылы бірі  екіншісіне  бағына  байланысады
3. Зат  құбылыс  жайында кеңірек, нақтылы  түсінік  береді
4. Сөз  тіркесінің басыңқы, бағыныңқы  сыңары болады.
5. Сөз тіркестерінен сөйлем  жасалады .
6. Ережені  балардың өздеріне  айтқызып, дәптерлеріне жазғызу. Мысалы: Синтаксис дегеніміз грек сөзі  « құру, біріктіру» дегенді білдіреді.Сөз бен сөзді бір- бірімен байланыстыратын грамматиканың бір саласы
 2 .Болжау стратегиясы .Мәтіндегі   көп нүктенің  орнына  тиісті  жұрнақ  пен жалғауларды қойып жаз.
 а)Жеке жұмыс жасау.
 ә) Бірін -бірі тексеру. 
 б)Дұрыс жауаппен салыстыру
       Ерте...  бір жалқау бала  бол....Ол орны...  тұр... , тамақ  іш... де  ерін ....
Еріншек  қарыс жер жүр....   соң,  аяқ...  қып – қысқа, қол....   ши...  бол... қал.....  Жалқау... асыра...- асыра...    қалжыра...,  қартай...  әке-шеше... бір күн...  жалқау...  үй...   қу...  жібер...
 3. «Ойлан тап»  ойыны  . Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бағыныңқы сөз  қай сөз табынан жасалып тұр? Басыңқы сыңары ше?Берілген сөздерден сөйлем жасауға бола ма?
1- топқа тапсырма:Бір құмырсқа,өзенге түсті,құмырсқа түсті,су ішуге түсті
     2-  топқа тапсырма:Бейшараны соғып,толқын соғып, суға кетіп, кетіп қала  жаздады.
3-топқа тапсырма:жеті нәрсе ,бесіктің үсті,Бала бөленген, үстіне жабылады
4- топқа  тапсырма:Асубұлақта өтті,кіндік қаным, жер жаннаты,Балалық  шағым,кіндік қаным тамған жер,жер жаннаты Асубұлақ.
Жаңа сабақты бекіту тесті 
Қызыл алма сөзін сөз табына талдау.  Қызыл- сын есім, алма- зат есім бұл сөз тіркесі есімді тіркес деп аталады.Оқушыларға да мысал ойлап табуды ұсыну
Алма   жеу сөзін сөз табына талдау. Алма- зат есім, жеу- етістік және мысалдар  табу ,бұл сөз есімді тіркес деп аталады
 4.Есімді тіркес деген не?      Етістікті тіркес дегенді қалай түсінесің? Берілген тестке  белгі қою арқылы баланың білімін  тез арада байқау.
а) Бірін бірі тексеру
ә)Дұрыс жауаппен тексеру
 
Мысалдар                Сөз тіркесі
Есімді тіркес Етісті тіркес
Қалың  ой
Адамгершілігі мол
Жақсы қасиет
Сарай салғызды
Ананы  құрметтеу
Жақсы оқиды
Арман қала
Астықты егу
Ауылдың   баласы
Жылдам жүгіру
 
 С А Б А Қ Т Ы     Қ О Р Ы Т У
Үйге   тапсырма . «Менің  жетістігім» тақырыбына мәтін жазу. Сөз тіркесін тауып, есімді тіркес пе әлде етістікті тіркес пе екенін ажырыта біліп келу 
Бағалау  1.     16-  20  ұпай жинаған  оқушыға «5» деген баға қойылады
                2.     10-15  ұпай жинаған  оқушыға «4» деген баға қойылады                         
                     3.      5-8      ұпай жинаған оқушыға «3» деген баға қойылады
                     4.      1-4     ұпай жинаған  оқушыға «2» деген баға қойылады  Рефлекция сабақ ұнадысәл ұнадыжоқ ұнамады. Балалар сабақ туралы өз ойларын  жазып, берілген смайликтердің астына  апарып  жапсырад

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есімнен өткенді қайталау
Зат есімнен өткенді қайталау
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қарай құрылысына, олардың түрлеріне жаттығу жұмысы.
Сөз тіркесі
Матасу
Сөз тіркесі
Тұрақты тіркес
Сөз тіркесі тақырыбы бойынша
Сөздердің байланысу түрлері
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестен өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 22670 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык