Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 1915 |
|
|
|
Сын есімнен өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сын есімнен өткенді қайталау, өткен материалдармен байланыстыра оқушының білімдерін бекіту, тиянақтау.
ә) дамытушылық: оқушының іздену, зерттеу, шығармашылық қабілеттерін қрістету, өлеңдердің, мәтіндердің мәнін аша отырып, терең ойлауға, жүйелі оймен көркем сөйлеуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге, үлкенді сыйлауға, өз елінің дәстүрін, әдет-ғұрып, салт-санасын білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: қайталау сабақ («Қобыланды батыр» жыры бойынша)
Әдісі: интерактивтік әдіс, семантикалық картамен жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, сергіту сәті.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, этнопедагогика, математика.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Сабақтың мақстаты мен міндетін айту.
- Балалар, біз әдебиеттен «Қобыланды батыр» жырын оқыдық. Біз бүгінгі сабағымызда «Қобыланды батыр» жырының өзгешелеу нұсқасымен таныс боламыз. Қобыландының Құртқаны келін етіп түсіру, әрі қазақ халқының ғажайып салт-дәстүрлерімен де жақын бөлісе отырамыз. Ол үшін Қобыландының алдында бірнеше тапсырмалар бар екен, біз сол тапсырмаларды орындау арқылы Қобыландыға көмектесейік.
Қобыланды мен Естеміс екеуі бір таудың басында демалып жатса, бір дауыс естіледі. «Бұл не қылған дауыс?» деп Естемістен сұрағанда:
- Бұл таудың арғы жағында Қызылбас деген ел бар, соның Аймақ деген ханы ай астына бақан құрғызып, алтын теңгені кім алса қызым Құртқаны сол алар, - деген дауыс дейді.
Қобыланды сол елге барып Құртқаны алып келмекші болады. Бірақ Естеміс Қобыландыға баруға рұқсат етпейді.
Енді Қобыландыға алдымен Естемістің сынынан өтуге көмектесейік. Ол үшін мына семантикалық картаны толтырайық.
№ Мысалдар Дара Күрделі Негізгі Туынды Сапалық Қатыстық
1 Жақсы + + +
2 Ұшқыр
3 Сүзеген
4 Тап-таза
5 Асыл
6 Үйдей
7 Қара торы
8 Орманды
9 Әсем
10 Көп балалы
2. «Сиқырлы қақпа». Қобыланды Қызылбас еліне жеткенше алдынан алты қақпа кездесіпті. Әр қақпада алты түрлі тапсырма бар екен, соларға жауап беріп көрейік.
4-қақпа 5-қақпа 6-қақпа
3. «Алтын теңге». Қобыланды Естемістің сынынан, алты қақпадан өтіп Қызылбас еліне келеді. Ендеше, Қобыландыға ай астындағы алтын теңгені алуға көмектесейік.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай
(Үзіндіден сын есімді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз).
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай,
Иегі бар сеңгірдей,
Бір батыр болды сол күнде-ай!
«Алпамыс батыр» жыры
(Үзіндіден сын есімді тауып, тұлғасына қарай ажыратыңыз).
Елімнен Мәскеу жеткенше,
Жазыла түсіп жол жатыр,
Көкорай шалғын жер жатыр,
Асқар-асқар тау жатыр.
Жамбыл
(Үзіндіден сын есімді тауып, құрамына қарай ажыратыңыз).
Орынды іске жүріп ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
Абай
(Үзіндіден сын есімді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз).
4. «Қызыл Ердің айласы». Сөйтіп, Қобыланды Құртқаға қолым жетті ме дегенде, Қызыл Ер жолына кедергі болады. Қызыл Ердің кедергісінен өтіп көрейік.
(Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер беріледі, ішінен сын есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасау).
1. Еріншек егіншіден ерінбеген масақшы озады.
2. Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
3. Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.
4. Білімді адам тілін билей алады. (Құтып)
Қобыланды алдында тұрған барлық кедергілерден өтіп, берілген тапсырмаларды орындап, Құртқаға қосылады. Сөйтіп ұлан-ғасыр той басталды.
5. «Тойбастар». (Видео арқылы тойбастар туралы шағын мәлімет беру. Айтылған «Тойбастардан» сын есімдерді тапқызу).
6. «Жасау» - қазақтың ертеден келе жатқан ғұрпы. Жас келіннің артынан ата-анасы киім-кешек, дүниесін сандыққа салып берген. Байлар еңселі киіз үй де жіберетін болған.
(Құртқаның артынан келген жасауды біз де ашып көрелік, берілген тапсырмаларды орындайық).
7. Сергіту сәті. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін үнтаспадан тыңдау арқылы ішінен сын есмдерді тауып, мағынасына қарай ажырату.
8. Шығармашылық жұмыс. Интерактивті тақтадан көрсетілген (1-сурет, 2-сурет, 3-сурет) суреттердің біреуіне сын есімдерді қатыстырып, шағын мәтін құрау.
Қорытынды.
9. «Шашу» - Күйеу бала немесе келін келін келісімен, ауылдағы ең аяулы бәйбіше, көбінесе үйдің үлкен әжесі табаққа құрт, ірімшік, тәтті, ұсақ ақша салып шашу шашқан. Тойға жиналғандаршашуды теріп алып ырым қылған.
(Қобыланды мен Кенжекейдің де алдынан шашу шашылады, біз де құр қалмайық. Оқушыларға кәмпиттердерден шашу шашылады да, кәмпиттің ішіне қағаздарға оралған сұрақтар беріледі).
1. Шыдамды сөзі мағынасына қарай қандай сын есім?
2. Жетісу сөзі мағынасына қарай қандай зат есім?
3. Қара торы сөзі құрамына қарай қандай сын есім?
4. Бақыт сөзі мағынасына қарай қандай зат есім?
5. Ашушаң сөзі тұлғасына қарай қандай сын есім?
6. Кемпірқосақ сөзі құрамына қарай қандай зат есім?
Үйге тапсырма. «Ұланымыз ұлы елдің» тақырыбына сын есімдерді қатыстыра отырып, шығарма жазу. Тест құрау.
Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |