Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын есімнің мағыналық түрлері


Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Білімділік мақсаты:  Сын есімнің мағыналық түрлерін, оның жасалу  меңгерту.
Дамытушылық:   Салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытыныдысын жасауды,  мәтін құрастыра білуді игерту.
Тәрбиелік:   Шыдамды, сабырлы болуға, ана тілінің қадірін жете түсініп, құрметтеуге,  ұлттық  дәстүрді аялай білуге  баулу. 
Сабақтың типі:  Білім дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі:  теориялық-тәжірибешілік
Сабақтың әдісі:  сөз, талдау-жинақтау, ынталандыру, ой салу
Сабақтың көрнекілігі:  Интербелсенді тақта, кестелер
Пәнаралық байланыс:   әдебиет  
Сабақтың барысы:  
Ұйымдастыру:
Бұрынғы білімдерін еске түсіру. Жаңа сабаққа енбес бұрын, сын есімнің жасалуын, олардың негізігі,  туынды түрлерін бірнеше мысалдармен дәлелдетіп, еске түсіремін.
Төменде берілген жұрнақтарды тиісті сөздерге жалғаңдар.
-ынды, -інді, - улы, -ғыр, -гір, -дай, -сыз, -қыш
Қой... жуас, жолдас... адам,  жаса...  сағат,  айт... ақын,  біл... маман, ал... бүркіт,  түй... сөз.
 Қызығушылығын ояту:
... Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей, бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты.
Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен. 
... Үстіндегі көйлегіндей көгілдір көзді әнші әйел әнмен бірге өзі де аспанға оп-оңай көтеріліп кеткендей көрінеді. ... Өнерлі бала екен...- деді. Мен онысын «үйрен» дегендей ұқтым.
Оқушыларға сұрақ-тапсырма
1.    Мәтін қай шығармадан алынған? ( 5- сынып оқулығындағы  Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі. «Қазақ солдаты» романынан үзінді).
2.  Мәтіннен қандай сын есімдер кездестірдіңдер? Тіркескен сөздерімен бірге айтыңдар.
Ой қорыту.
Бұл үзінді бүгінгі сабағымыздың  тақырыбын ашуға көмектесе ме? - деген сұрақты қоя отырып, осы мәтінде кездескен сын есімдерді құрамына талдаймыз. Түбірін ажыратып, сын есімнің мағыналық түрлеріне тоқталамыз. 
 
Мағынаны тану
Сын есімнің мағыналық түрлері
 
 148- жаттығу (деңгейлік тапсырмалар)
І  деңгейдегі тапсырма
Мәтінді пайымдап оқып, мазмұнын әңгімелеңіз (бір оқушы мәнерлеп оқиды).
ІІ деңгейдегі тапсырма: Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңыз (Екі бағанға бөлу).
ІІІ деңгейдегі тапсырма: Ертегіні ары қарай жалғастырып, мәтінді аяқтаңыз.
Ой қозғау: 
І деңгейде мазмұндаған оқушыға сұрақ: Мәтінде не туралы баяндалады, сын есімнен болған қандай сөздерді кездестірдіңіз? 
ІІ деңгейдегі сапалық және қатыстық сын есімді ажыратқан оқушыларға сұрақ: Жаттығу мәтінінде  жесір әйелдің, яғни, үш ұлдың анасының шеберлігін, кестелеген орамалдарын қандай сөздермен берген? Мағыналық түрлеріне қарай ажыратып түсіндір.
Үлгі:
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Ескі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі,  торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш, Сабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы.  жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал 
ІІІ деңгейдегі оқушыға сұрақ: Ертегіні қалай жалғастырдыңыз? Құрастырған үзіндіде сапалық және қатыстық сын есімдер кездесе ме? 
Мәтінді қорыту: Әдебиет теориясында осындай сын есімдер кездескен сөздерді не деп атаушы едік?  (Эпитет). Сабақты оқулықтағы 150- жаттығумен ары қарай жалғастырамыз. 150-жаттығуда «Жайлауда» мәтіні берілген.
І деңгейлі тапсырма: Сын есімді тауып тіркескен сөзімен бірге жазыңыз.
ІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін мазмұнына сүйеніп сурет салыңыз.
ІІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін ішінен бір тірек сөзді пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар.
Тірек сөз «Әсем үн»   Жазылатын мәтінге жоспар құрып аламыз.
Жоспар
1. Раушан – сыйлы бала.
2. Ол – белсенді оқушы.
3. Таланттың жемісі.
4. Сыныбымыздың мақтанышы.
 
Үлгі:
Әсем үн
           Біздің сыныпта Раушан есімді қыз оқиды. Ол өте таза, тиянақты, сабаққа ынталы оқушы. Үнемі өзін-өзі күтіп, әдемі болып жүреді. Барлық қыздар соған ұқсағысы келеді. Барлығына  мейірімді,  тілалғыш. Достарының алдында беделді еді.
            Мектепте «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Раушан сынып жетекшімізбен бірігіп, айтулы сайысқа қатысты. Керемет, жанды дауыспен  ән шырқады. Әр байқау сайын  адал еңбекпен, қарсыластарының алды болды.  
Талантты қыз сайыста жеңді. Сыныбымызды абыройлы атаққа  көтерді. Әнші қыз атанды . Біз талантты, әсем үні бар, бұлбұлдай сайраған  Раушан есімді қызбен мақтанамыз.
 
Осы тектес мәтін құрастырған ІІІ деңгейдегі оқушылар бір-бірінің мәтініне пікір айтады. Бір-бірінің мәтінінде тақырыптың ашылуы мен ойдың жүйелілігі, стилі, тіл көркемдігі, сауаттылығы тексеріледі. 
Мынадай бағалау критерийі ұсынылады:
Оқушының аты-жөні тақырыптың ашылуы
5 ұпай ойдың жүйелілігі
5 ұпай стилі
 
5 ұпай тілдік көркемдігі
5 ұпай сауат-тылығы
5 ұпай (әр қатеге          -1 ұпайдан азайтылады)
 
Ой қорыту. Бұл мәтіннен нені үйрендің?
Оқушы сөзі:  
• тірек сөздерді пайдаланып жоспар құруды;
• мәтін құрастыруды;
• жетістікті мадақтап, кемшілікті түзетуді;
• жолдастарымның еңбегіне пікір айтып қана қоймай, оны бағалауды;
• әдеби, көркем сөздерді қолдана білуді үйрендім.
Рефлексия:
1. Сын есімнің мағыналық түрлері дегенді қалай түсінесің?   Сапалық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз.  Қатыстық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз.
2. Қай сөздерден қатыстық сын есім жасалады?  Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.
Бағалау.
Оқушыларға берілген бағалау парақшаларын жинап алып, бағалары қойылады . 
 
Үйге тапсырма:
1. 153,154-жаттығулар
2. Өздерің қандай тапсырма орындап келесіңдер?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есімнен өткенді қайталау
Зат есімнен өткенді қайталау
Сын есімнің түрленуі
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есім
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнің түрлерінен өткенді қайталау
Сын есімнің түрлерінен өткенді қайталау. Қатыстық және сапалық сын есімді бекіту
Сын есімнің түрлерінен өткенді қайталау
Сын есімнің мағыналық түрлері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3017 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык