Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 10849 |
|
|
|
Сын есімнің түрленуі
Сабақтың тақырыбы Сын есімнің түрленуі
Сабақтың білімділік мақсаты : Сын есімнің түрленуін меңгерту.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : суреттер, мысалдар, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Бағалау белгісімен оқушыларды таныстырып өту.
I. Үй жұмысын тексеру.
Топқа бөлу: 4 Топқа тұрақты сөз тіркестері арқылы сыныпты бөлемін.
1. Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
2. Жұлдызы оңынан туу – жолы болу
3. Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз
4. Екі көзі шарасынан шығу – қорқу мағыналарын ашу. 1 миунт.
«Топтастыру» стратегиясы бойынша 4 топ оқушылары, зат есімнің жалғауларын топтастырады. БАҒАЛАУ. «Екі жұлдыз, бір ескерту.» 5 минут.
II. Табыс критериін анықтау.
1.Сын есімнің шырай түрлері туралы мағлұмат аламын
2.Сөйлем ішінен шырай түрлерін көрсете аламын.
3.Мысалдар келтіре аламын
III. «Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Шеңбер» әдісі бойынша 1,3 топтар әңгімелейді.
«Аквариум» әдісі бойынша 2,4 топтар жұптасып бір біріне түсіндіреді. 8 минут. БАҒАЛАУ. «Бас бармақ әдісі.»
IV.Бекіту.
4 топтан 4 оқушы шығады. «Ыстық орындық» сұрақтарға жауап береді. 5 минут. БАҒАЛАУ. Смаиликпен оқушылар бағалайды. 12 смаилик шығару.
V. Практикалық жұмыс :
Деңгейлік тапсырмалар. Түстер бойынша бөлінеді.
А.тобына: 47-жаттығу
В тобына: 45-жаттығу
С тобына: 46-жаттығу. Уақытша топта тексереді, тақтада слайдта тұрады. 10 мин
«Жұлдыз, ай, бұлт» әдісімен бағалау
VI. Қорытынды: Сын есімнің анықтамысын шығару
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын айтамыз. Сын есім құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі болып үш түрге бөлінеді.Мыс: көк, көкшіл, қып-қызыл,қара ала.
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есім – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім. Мыс: жасыл, ала, қызыл, күрең.
Қатыстық сын есім – басқа сөз таптарынан жасалған сын есім. Мыс: қына-лы, алақан-дай, жиде-лі.
Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады.
Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.
Сын есімнің шырайы: Салыстырмалы және күшейтпелі шырай
Суреттерге қарап, мысалдар арқылы ережесін шығару.
Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырай түрі. Мыс: ауырырақ, кішірек,ақшыл, жылылау.
Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мыс: Сап-сары, өте жарық, аса маңызды.
Шырайдың жасалуының өзіндік ерекшелігі бар:
1.Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Біртектес сынның әртүрлі дәрежеде болуы тек сапалық сынға тән, ал қатыстық сында ондай қасиет болмайды. Мыс: үлкен-үлкенірек-аса үлкен. Ал таулырақ,таулылау, аса таулы деп айта алмаймыз.(тау сөзі зат есім, яғни басқа сөз табынан болып тұр, демек бұл қатыстық сын есім)
2.Шырай түрлері сапалық сын есімге: а)қосымша жалғану арқылы; ә) күшейткіш буын қосарлануы немесе күшейткіш үстеулер тіркесуі арқылы жасалады.
Мыс: Салыстырмалы шырай: қызыл-дау, қызыл-ырақ; Күшейтпелі шырай: қып-қызыл, тым қызыл, өте қызыл, ең қызыл, аса қызыл.
VII. Кері байланыс. Табыс критериін тексеру.
1. Сын есімнің шырай түрлері туралы мағлұмат алдым. +
2. Сөйлем ішінен шырай түрлерін көрсете аламын -
3. Мысалдар келтіре аламын ?
VIII. Үйге тапсырма.
А тобы. «Қазақтың бас ақыны-АБАЙ» эссе жазу.
В тобы. Семантикалық кесте істеу.
С тобы. Абайдың мезгілге арналған өлеңдерінен сын есімдерді тауып келу. Морфологиялық талдау. Как определить лучшие онлайн казино в 2023 года? какие бонусы они предлагают? Все это мы разобрали в нашей статье.
Семантикалық картамен жұмыс.
Мысалдар Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Әп-әдемі
Кішілеу
Бойшаң
Сұп-сұр
Қымбатырақ
Өте арық
Сарғыш
Аса маңызды
Бозаң
Биіктеу
Тым көк
Сарғылт
Тереңдеу
Венн диаграмма
Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай.
Үй тапсырмасы: Сын есімнің түрленуі оқу.
52-жаттығу. «Адами қасиеттер» тақырыбында шырай формасына
енген сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын пікір жазыңдар.
Бағалау: «Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле» Ж.Баласағұн.
4 Топқа бөлу:
1. Ешкімнің ала жібін аттамау –
2. Жұлдызы оңынан туу –
3. Ине шаншар жер жоқ –
4. Екі көзі шарасынан шығу –
5. Ешкімнің ала жібін аттамау –
6. Жұлдызы оңынан туу –
7. Ине шаншар жер жоқ –
8. Екі көзі шарасынан шығу –
9. Ешкімнің ала жібін аттамау –
10. Жұлдызы оңынан туу –
11. Ине шаншар жер жоқ –
12. Екі көзі шарасынан шығу –
13. Ешкімнің ала жібін аттамау –
14. Жұлдызы оңынан туу –
15. Ине шаншар жер жоқ –
16. Екі көзі шарасынан шығу –
17. Ешкімнің ала жібін аттамау –
18. Жұлдызы оңынан туу –
19. Ине шаншар жер жоқ –
20. Екі көзі шарасынан шығу –
21. Ешкімнің ала жібін аттамау –
22. Жұлдызы оңынан туу –
23. Ине шаншар жер жоқ –
24. Екі көзі шарасынан шығу –
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
«Инцерт» әдісі. 5 минут.
V - + ?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |