Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 5982 |
|
|
|
Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты:
а)Тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып, жасалу жолын, өзіндік ерекшелігін ұғындыру.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық,сөйлем талдау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа, білімді, алғыр болуға баулу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа жіктеледі.
Жаттығумен жұмыс: 36-жаттығу. Берілген сөздерді бастауыш етіп, сөйлемді аяқтаңдар.
Ауылдың маңы --- ... .
Балалар шуы--- ... .
Шығармашылық тапсырма. Сын есімді, сан есімді, есімшені, тұйық етістікті , одағайды бастауыш етіп сөйлем құраңдар.
Топтық тапсырма.
І топ – бастауыш болатын сөз таптарына мысал келтір
ІІ топ - мәтін құрап, сөйлем мүшесіне талдау
ІІІ топ- дара, күрделі, үйірлі мүшелерге сөйлем құрау.
Сергіту сәті. Өлең құрастыру.
------------------баламыз,
------------------данамыз.
-----------------білімді
-----------------боламыз.
Тақтамен жұмыс: Берілген сөздерді бастауыш етіп,баяндауышын әр түрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңдар.
Өзім, олар, бұл, сіз, жер, ел, оралмандар,үшеуміз.
Жұптық тапсырма. 1.Тұрлаулы мүшелерге модель құрастыру.
2.Венн диаграммасын жасау. Бастауыш, баяндауыш.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?
Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
Тұрлаулы мүшелерді ата.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгенін және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: мақал-мәтел жазып, жаттап, синтаксистік талдау жасап келеді.
cat casino официальный сайт https://zavodromax.ru/ на сайте! переходите и играйте в лучшее онлайн казино на деньги!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |