Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 1961 |
|
|
|
Төрт түлік. Есімдік.
Төрт түлік. Есімдік.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Есімдік және оның түрлерін меңгерту, есім сөздердің орнына қолданыла алатынын түсіндіру, төрт түлік мал және оның пайдасын білуге үйрету.
2 Дамытушылық: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту, қатесіз, ұқыпты жазуға үйрету.
3 Тәрбиелік : Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға, білімге, деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, әдептілікке, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, деңгейлеп оқыту әдісі, салыстыру, интерактивті оқыту әдісі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, үлестірме қима қағаздар, суреттер, грамматикалық ойындар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, музыка, бейнелеу өнері, география.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1 Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2 Сабаққа даярлығын қадағалау.
II Өткен сабақ бойынша сұрақ тапсырмалар.
«Ой қозғау стратегиясы»
1 Балалар екі топқа бөлінеді. I- топ «Ойсыл қара тобы», II- топ «Шек-шек ата» тобы. Интерактивті тақтадан «Бұл не?» жадынамасынан төрт түлік малдың суреттері көрсетіліп, «Бұл не?», «Мынау не?», «Анау не?» сұрақтары беріліп, балалар сұраққа жауап береді.
2 Сен төрт түліктің қайсысын жақсы көресің? Ол саған несімен ұнайды? Олар қандай пайда әкеледі? Неше бас сиыр бар? деген сұрақтарға оқушылар жауап береді.
Ендеше, бұл сұрақтардағы «Бұл», «анау», «мынау», «неше?», «сен», «ол», «олар» деген сөздер «Есімдіктер» - деп аталатынын айтып, олардың есім сөздердің орнына қолданыла алатыны ескеріледі. Есімдіктің 7 түрі болатыны, осы сабақта тек 4 түрін ғана өтетінімізді айтамын.
Есімдік
Жіктеу
(личные) Сілтеу
(указательные) Сұрау
(вопросительные) Өздік
(возвратные)
Мен «я»
Сен «ты»
Сіз «Вы»
Ол «он,она»
Біз «мы»
Сендер «вы»
Сіздер «Вы»
Олар «они»
Бұл «этот»
Сол «тот»
Ол «тот»
Мына «этот»
Мынау «это»
Осы «этот»
Міне «вот»
Әне «вон»
Ана «то»
Анау»тот»
Кім? «кто?»
Не? «что?»
Неше ?«сколько?»
Қай? «который?»
Қалай? «как?»
Қашан? «когда?»
Қандай? «какой?»
Қайда? «где?куда?»
Өз «свой»
Өзім «я сам»
Өзі «он сам»
Өзің «ты сам»
Өзі «он сам,она сама»
Өзіңіз «Вы сами»
Өзіміз «мы сами»
Кім?
Қай? Қайсы?
Кім?
Есімдіктің ережесі айтылып, интерактивті тақтадан сызба арқылы түрлері дәптерге жазылады.
Грамматикалық ойындар мен деңгейлік тапсырмаларды орындау үшін,
тақтадан қазақ халқының баспанасы болған қазақ үй суреті көрсетіліп, екі топқа тапсымалар беріледі.
I -тапсырма орындалғанда қазақ үйдің керегесі тұрғызылады.(интерактивті тақтада)
II- тапсырмада қазақ үйдің сықырлауығы орнатылады.
III- тапсырмада шаңырағы құрылады.
IV- тапсырмада уығы шаншылады.
V- тапсырмада туырлық жабылады.
VI- тапсырмада үзігі жабылады.
VII- тапсырмада түндік жабылады.
VIII- тапсырмада киіз есігі орнатылады.
Әр тапсырма сайын екі топтың жауаптары тыңдалып, ұпай сандары қойылып, салыстырылады.
Қорытындылау:
1 Есімдіктің түрлері сұралады.
2 Әр топ екі сөйлемнен мысалдар келтіреді.
Үйге тапсырма: ереже жаттау, төрт түліктің аттарын жаттау, өз сөзімен әңгімелеу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |