Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 8195 |
|
|
|
Тәуелсіз Қазақстан–біздің Отанымыз
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан–біздің Отанымыз
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: оқушылардың себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін қайталау, Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беру, Қазақстан тақырыбына тілдесімге үйрету.
2) Дамытушылық: оқушылардың қазақша сауатты жазу, сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын молайту.
3) Тәрбиелілік: Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерімен ынтымақта болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: модульдік, ойын, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, әңгімелу, сұрақ-жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу, қайталау, аударма.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі, ән-күй.
№ Сабақтың құрылысы Уақыты
І Ұйымдастыру 5 мин.
1 Амандасу 1 мин.
2 «Ой шақыру». «Кірпіш» ойыны 4 мин.
ІІ Жаңа сабақ 18 мин.
3 «Миға шабуыл»: сұрақ-жауап 1 мин.
4 Қазақстан туралы видеоролик көру 5 мин.
5 Класстер құрастыру 1 мин.
6 Мәнерлеп оқу 3 мин.
7 Жаңа сөздермен жұмыс
2 мин.
8 Мәтінмен жұмыс 4 мин.
9 Грамматикалық тақырыпты қайталау. «Не артық?» 2 мин.
ІІІ Бекіту 12 мин.
10 Деңгейлік тапсырма. Тақтамен жұмыс 10 мин.
11 Мақал-мәтелдермен жұмыс 2 мин.
12 ІV Қорытынды
8 мин.
13 Тест - диктант
8 мин.
14 V Үй тапсырмасын беру 1 мин.
15 VІ Бағалау 1 мин.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, «Не артық», «Мен білгішпін» ойындары.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың эпиграфы:
«Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Жасай берсін, ұлы күн!» өлең
І Ұйымдастыру
*Оқушылар өлең арқылы амандасады:
Білер қазақ баласы,
«Сәлем» сөздің анасы.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз!
*Оқушылармен амандасу:
-Сәлеметсіздер ме!
-Бүгінгі сабақта сендерді бағалау үшін жауаптарыңа, жұмыстарыңа түрлі төртбұрыштар беріледі. Үздік жауапқа-көгі, жақсыға-көгілдірі, қанағаттанарлық жауапқа-сарысы. Сендерге тек көк төртбұрыштар легеді деп ойламын.
-Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарды қайталайық. Ол үшін «Кірпіш» ойнаймыз.
* «Ой шақыру»: Балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою. «Мен білгішпін» ойыны
Салт-дәстүрлер:
1. Ұлттық ойындарды ата (Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, қыз қуу, асық, аударыспақ )
2. Қызға байланысты салт дәстүрлерді ата (беташар, келін түсіру, сүт ақы, атастыру )
3. Бала туғанда жасалатын той? (шілдехана)
4. Қырқынан шығару қашан жасалады? (бала туғанына қырық күн толғанда)
5. Тұсаукесер туралы айт. (Тұсаукесер-бала жүре бастағанда жасалатын салт)
Әдебиет:
1. Қазақтың бас ақыны? (А.Құнанбаев)
2. Қызға байланысты салт дәстүрлерді ата (беташар, келін түсіру, сүт ақы, атастыру )
3. Бала туғанда жасалатын той? (шілдехана)
4. Қырқынан шығару қашан жасалады? (бала туғанына қырық күн толғанда)
5. Тұсаукесер туралы айт. (Тұсаукесер-бала жүре бастағанда жасалатын салт)
Тарих
Қазақ тілі
ІІ Жаңа сабақ.
-Балалар, «Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Жасай берсін, ұлы күн!» өлеңін жаттайық. Өлең тақтада жазылады, бір-бір сөзден өшіріп қайталаймыз. Бұл мақал-сабағымыздың эпиграфы.
*«Миға шабуыл»:
-Біздің туған еліміз, туған жеріміз қалай аталады? (Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
-Қазақстан-бұл не? (Қазақстан –біздің Отанымыз)
-Сабағымыздың тақырыбы - «Тәуелсіз Қазақстан –біздің Отанымыз»
-Ағылшынша қалай болады? (“ Independent Каzаһstan-our Motherland”)
* Тыңдалым:
(Экранда видеоролик көрсетіледі)
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 2008 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде 130-ға өлт өкілдері тату тұрады.
Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент.
Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 20 жыл толыр отыр.
«Қазақстан» тақырыбына класстер құрастырайық.
Сұрақ-жауап:
-Біздің Отанымыз-Қазақстан қайда орналасқан? (Еуразияда орналасқан)
-Еліміздің астанасы? (Астана)
-Еліміздің ірі-ірі қалалары? (Астана, Алматы, Семей, Қызылорда, Өскемен, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Петропавл)
-Президентіміз кім? (Н.Ә. Назарбаев)
-Мемлекеттік тіл қандай тіл? (қазақ тілі)
-Төл валютамыз? (теңге)
-Мемлекеттік рәміздеріміз? (ту, елтаңба, әнұран)
- Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, демократиялық, егеменді, құқықтық, көп ұлтты)
Тыңдалым. Балалар М.Шахановтың «Желтоқсанның алауы» өлеңін тыңдайды.
Лаула желтоқсанның алауы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас Қайратым- жас өркені халқымның!
Өсер елдің қай сәті де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жазған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркіні бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
М.Шаханов
-Өлең не туралы? (Желтоқсан оқиғасы туралы)
-Желтоқсанда қандай оқиға болды? (Жастар шеруге шықты)
-Соған байланысты бізде желтоқсанда қандай мемлекеттік мереке? (Тәуелсіздік күні)
Бір-екеуі қазақша оқиды.
-Тәуелсіздік туралы қандай өлеңдер білесіңдер? (3 нашар оқитындарға өлең жаттап келуге берілді, сол оқушыларды сұрау)
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін, ұлы күн!
* Жаңа сөздермен жұмыс: оқушылар бір-бірден оқиды, сөз тіркестерін құрастырады. «Қарлы кесек» (сөздер тақтада жазып тұрады).
* Мәтінмен жұмыс: 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер. Негізгі идеяны сызба ретінде жазыңдар.
Тәуелсіз Қазақстан
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол-тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 1991 қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы - тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Біздің туымыз-тәуелсіздік, тілегіміз-бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастыңын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы.Біздің елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.
Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды, аударады, класстер құрастырады.
*Грамматикалық тақырыпты қайталау.
«Не артық?» ойыны: 1. қасы, бойы, себебі, сырты.
2. зат есім, салалас, сын есім, сан есім.
Артық сөздерден грамматикалық тақырыпқа ассоциация туындады, грамматикалық тақырып қандай? (себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем).
Оқушыларға кеспелер таратылады, сол кеспелердегі сұрақтарға жауап берулері тиіс
- Етістік дегеніміз не? (Заттың іс-қимылын, жай-күйін білдңретін сөз табы етістік деп аталады)
-Сұрақтары? (не істеді? не қылды?)
-Қалай түрленеді? (жіктеледі)
-Қандай грамматикалық категорияларын өттік? (шақ, рай)
-Сөйлемде негізінен қандай сөйлем мүшесі болады? (баяндауыш)
-Етістіктің шақтары? (өткен, осы, келер)
-Етістіктің райлары? (ашық, бұйрық, қалау, шартты)
-Етістік неше жақта жіктеледі? (І,ІІ,ІІІ жақта)
ІІІ Бекіту
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1. Мәтіннен 10 етістік көшір.
2. «Қазақстан» сөзіне фонетикалық талдау орында.
ІІ деңгей
1. Қазақстан туралы 3 сұраулы сөйлем құрастыр.
2. Екі етістікті жікте.
І деңгей
1. Қазақстан туралы әңгімеле.
2. Екі етістікке морфологиялық талдау жаса.
Деңгейлік тапсырмалардағы талдаулар интерактивті тақтада жазылады.
- Қазақстан-бұл не? (Біздің Отанымыз)
-Отан туралы мақал-мәтелдерді есімізге алайық. Оқушыларға кеспелер таратылады, бір кеспеде мақал-мәтелдің басы болса, екіншісінде аяғы болады. Оқушылар тауып айту керек.
ІV Қорытынды.
Тақтада тест – диктант беріледі, оқушылар дәптерге керекті сөздерді ғана жазады. Содан соң, кезекпен сөйлемдерді айтады.
Тест - диктант
Бұл дүниеде біздің бір ғана ... бар. Ол- ... Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі ... . Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде ... , Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш ... сайлады.
Елтаңбамызды, ... белгіледік. Қазақ тіліне ... мәртебе берілді.
1991 қазақ жігіті ... ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар ... . Ең бастысы - тату-тәтті ынтымағы жарасқан ... халқымыз бар.
Біздің туымыз-..., тілегіміз-... , тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың ... .
Біздің елімізде газеттер 11 тілде ..., теледидарды 12 тілде ..., радионы 6 тілде ....
Керекті сөздер: бейбітшілік, Отанымыз, шығады, тәуелсізді,к көріп, тәуелсіз, таныды, Біріккен Ұлттар Ұйымына, тыңдап жүрміз, Президентін, Туымызды, борышы, мемлекеттік, Тоқтар Әубәкіров, болып жатыр, көп ұлтты.
V. Үй тапсырмасын беру. М.Шахановтың өлеңін жаттау.2 етістікке морфологиялық талдау жасау.
VІ. Бағалау. Төртбұрыштарды санап бағалау. Мадақтау, жазалау.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар, келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |