Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3348 |
|
|
|
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Сабақтың тақырыбы: Тіл тағдыры- ел тағдыры
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, cатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау , мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, дәлелдеу, кеңейту, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер, презентация, ақпараттық техникалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақ тілі туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
« Орамал тастамақ» ойыны. Оқушылар бір-біріне тіл туралы мақал- мәтелдер айтып , орамал лақтырады. Қағып алған оқушы мақал айтып, келесі оқушыға лақтырады.
ІV. Жаңа сабақ.
Сабақтың дәйексөзі.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ...
Ғабит Мүсірепов.
1. Оқушылардың қызығушылығын оятуға арналған логикалық жұмыс.
А) Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар нелер?
( Елтаңба, әнұран, тіл)
Ә) Ұлт боп жаратылу үшін басты қажет құрал не ? ( Тіл, дін, дәстүр)
Б) Қазақ тілі қандай тіл? ( Мемлекеттік тіл)
В) Мемлекеттік тіл туралы заң қашан қабылданды?
(1989 жылы 22 қыркүйек)
Г) Қайта қаралып қай жылы қабылданды?
( 1997 жылы 11 шілде)
Д) Қазақ тілі қандай тіл?
2. Ой шақыру.
Тіл –сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
( бай, көркем, дамыған, құнарлы, ырғақты, мұра,парыз, құрмет, ана тілі, қазына, мемлекеттік тіл, отбасы, рухани байлық, тәуелсіздік, қорғау,ата-баба)
3. Мұғалім сөзі:
Әр халықтың тілі- өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажап гауһарымыз.
Өткен ғасырда өмір сүрген француз халымы А. Жорри де Манси
« Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі» деген.
4. Мәтінмен жұмыс. « Асыл қазына.»
Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден көз жұмар алдында қасына ұлын шақырып алып:
- Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан,-депті....
Күндердің күнінде бала әкесі қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.
- Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы –тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтып беріпті.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Мәтінді оқушыларға оқыту.
3. Мәтін бойынша пікірлесім.
А) Философиялық сұрақ.
1) Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?
( Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тіл. Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы- тіл арқылы жететін өнер- білім, мәдениет, ғылым, өткен-кеткен тарих, ата-баба дәстүрі.
Ә) Мәселелік сұрақтар.
1) Тілден қымбат қазына жоқ дегенге келісесіңдер ме?
2) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?
Б) Жеңіл сұрақтар.
1) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
2) Тілді үйрену не үшін керек?
3) Сенің досың қазақша сөйлей ме?
4) Үйде ата- анаңмен қай тілде сөйлесесің?
5) Полиглот деген кім?
5. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында « Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Яғни, идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар : қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым , әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
6. «Тұғыр» сөзіне түсінік беру. ( орныққан жер немесе тұғырына тігілді)
Үш тұғырлы тілге қандай тілдер кіреді? ( қазақ, орыс, ағылшын)
7. Берілген фразеологизмдердің мәнін ашып, мағынасын үш тілде айту.
1. Көзді ашып жұмғанша (тез- быстро-quickly )
2. Төбе шашы тік тұру ( қорқу- бояться-be afraid)
3. Төбесі көкке жету (қуану- радоваться-reqoice)
4. Қайран қалу ( таңдану-удивляться-wonder)
5. Қой аузынан шөп алмас ( момын- скромный-modest)
6. Жақсылығың алдыңнан шықсын (тілек – пожелание-wish)
7. Қара қылды қақ жару (әділ- справедливый-)
8. Тапсырма орындау.
Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша «Қазына» сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.
9. Татар ғалымы А. Саади қазақ тілі жөнінде: « Қазіргі ең таза , ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті»- деп атап көрсеткен.
10. Пікірлесім.
Оқушылардан қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі және қолдану аясы туралы ой-пікірлерін сұрау.
V. Сабақты қорытындылау.
Заманымыздың заңғар жазушысы , біздің жерлесіміз Ғабит Мүсірепов:
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ... – деген.
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Ана тіліміздің дамуында , оны құрметтеуде еңбегі зор. Ол саналы ғұмырында халқымызды ұлттық ерекшелігінен, тілінен, тарихынан, мәдениетінен адастырмауға тырысты.
Пікірталас.
1.Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл статусына лайық па?
2.Бұған қосар өз үлесім қандай?
Толғаныс.
Бүгінгі сабақтан не түйдім?
VІ. Оқушылардың білімін бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
«Асыл қазына» мәтіні негізінде қысқаша мазмұнын жазу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |