Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қырық өтірік, өтірік өлең


Қырық өтірік, өтірік өлең

Қырық өтірік, өтірік өлең

Сабақтың тақырыбы: Қырық өтірік, өтірік өлең

Сабақтың мақсаты: білімділік –  ертегінің  басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын  ажырата білуге үйрету, ертегіні  қаншалықты  меңгергенін байқау;

дамытушылық – иллюстрациялық  суреттер бойынша әңгі- мелете отырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, дүниетанымын кеңейту,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

тәрбиелік – тазша бала бей- несі арқылы қысылтаяң шақта  жол таба  білетін тапқырлыққа, байқампаздыққа,шешендікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: интеграциялық сабақ.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың өтілу әдісі:сурет бойынша әңгімелесу,топпен жұмыс,ой қозғау іздендіру, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қырық өтірік» ертегісі бойынша иллюстрациялық суреттер, 40 санына байланысты мақал-мәтел, әдет-ғұрып т.б. берілген сызбанұсқа , Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу; сабаққа әзірлігін тексеру.

Үй тапсырмасы.

а) ертегіден антоним, синоним, омоним сөздерді тауып келу тапсырылған болатын.

Антоним: аш-тоқ , бар-жоқ , рас-өтірік.

Омоним:

1) аш адам, 2) есікті аш;

1) асыл жар, 2) жар шақырыпты, 3) жар шетіне жақындама.

Синонимдер: кідірмей, мүдірмей.

Сөздің тура мағынасы

Ауыспалы мағынасы

Гүлжан сахнада биледі

   Сержан ойыншық әперді.

Асылзат – адал жар.

Халықты хан билепті.

Ойыншық болыпты

Жар шақырыпты

 ә) «Қырық» сөзіне  қатысты  мақал-мәтел,әдет-ғұрып т.б.тауып келгендерін оқыту.

Жаңа сабақ.

Көрініс. Оқушылар ортаға шығып, бірі хан,екіншісі тазша бала кейіпінде, уәзірлер т.б. болып ертегінің басталуынан көрініс көрсетеді.

Суретпен жұмыс.Оқушыларды тақтаға шығарып,суреттік иллюстрация-бойынша қалаған жерін мазмұндату.

Оқулықпен жұмыс.

Хан мен тазша балаға мінездеме беру.

қатыгез                              жауыз                           кедей                                          тапқыр

мейірімсіз                                                       шешен      қилы жүрек         ақылды

Сабақты қорытындылау.

Балалар, өздерің байқағандай «қырық» сөзі қазақта киелі сан екен.

 

Қырқынан шығару                                                                   Қызға қырық үйден тыю,

(сәбиді)                                                                                 Қала берсе қара күңнен тыю.

 

Қайтыс болған                                                                           Қыздың қырық жаны бар.

адамның қырқын                                                                       Қырық жыл қырғын болса

беру                                                                                               да ажалды өледі

Қырық жеті                                      40

(қалыңмал)                                                                                    Қырықтың бірі – Қызыр.

Қырықошақ

(жер аты)                                                                               Әйелдің айласы – қырық есек

                                                             жүк.

Ханның 40 уәзірі

30 күн ойын,                                                                              Қымыздан артық ас жоқ .

40 күн тойын                                                                             Қырықтан артық жас жоқ

Қалай ойлайсыңдар, ертегідегіде айтылған бейнесіндегі аадамдар бар ма бүгінде?...

Бұл ертегі өміршең ертегі екен.Байқап қарасақ, ортамызда тазша бала- ның кебін киіп жүргендер де, байлықтың буына пісіп,не істерін білмей жүр- гендер де баршылық екен.Қазақ халқы жастарды қысылған жерде жол тауып,қиындықты ақылмен жеңе білуге үйреткен . Олай болса, балалар, бүгінгі заманда шыдамды, ақылды,тапқыр бола білейік!

Венн диаграммасы бойынша «Қырық өтірік» пен «Аяз би» ертегісін салыстыру.

Қырық өтірік

1.Шыншыл ертегі

2.Басты кейіпкер-

тазша бала

3.Тазша бала мұратына жетеді

Е

Р

Т

Е

Г

І

Аяз би

1.Шыншыл ертегі

2.Басты кейіпкер – жарлы адам

3.Жарлы мұратына жетеді

Үйге тапсырма: а)ертегіні бүгінгі күнмен байланыстырып аяқтау; ә)өтірік өлең шығару

Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қуыршақ театры
Атадан қалған асыл сөз.
Өтірік өлең.
Өтірік өрге баспайды. Н.Серәлиев.
Қырық өтірік ертегісі
«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Лексикадан өткенді қайталау
«Толағай» жырындағы кейіпкерлерге мінездеме
Ертегі еліне саяхат
Аяз би ертегісі бойынша тестік жұмыс
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 11074 | Қосты: Сембаева Ботакоз Сагындиковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык