Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты қазақ тілі әлемі


Қызықты қазақ тілі әлемі

Қызықты қазақ тілі әлемі

(Интелектуалды сайыс)

Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі»(Интеллектуалды сайыс)

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.

ІІІ.Әділқазылар алқасын сайлау.

ІҮ.Сайыстың мақсатымен таныстыру.

Ү.Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.

- Сәлеметсіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар, келген қонақтар! ( әуен ойнап тұрады)

«Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интелектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер, - дей келе сайыскерлерімізді ду қол шапалақпен ортаға шақырайық. (көңілді әуен ойнап тұрады)

Әділ қазылар біздің

Мектебіміздің ұстаздары.

Тыңдап баға берерге,

Шақырайық біз төрге. (Әділ қазы алқасымен таныстыру)

Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысып кетейік:

Таныстыру

І тур «Бәйге»

ІІ тур «Полиглот»

ІІІ тур «Көрерменнен көрімдік»

ІҮ тур «Өтірік өлеңдер»

Ү тур «Алтын жұмбақ»

ҮІ тур «Тест»

ҮІІ тур «Жекпе жек»

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.

Кім жүйрік ойға, сол алда. Ендеше сайысымызды бастайық.

І топтың аты«Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.

ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.

І тур «Бәйге»

(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1-ұпай)

І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар

1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
20.Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)

ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар

1.Екпін түрі нешеу? (4)
2.Үндестік заңы нешеу? (2)
3.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)
5.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
8.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9.Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
10.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
12.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
13.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
14.Дауыстылардың саны қанша? (12)
15.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
16.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
17.Қосымша нешеу? (екеу)
18.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
19.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
20.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)

І турдың қорытындысын тыңдау.

ІІ тур “Полиглот”

(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту. Өзге тілдер айтқан жауапқа  5-ұпай)

1. ...қылды қақ жарған. (қара,
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,
3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер,
4.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау,
5. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,
6. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы,
7. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,
8. ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау,
9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім,
10. ... сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді. (сөз,

ІІ турдың қорытындысын тыңдау.

ІІІ тур «Көрерменнен көрімдік»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді. Әр табылған сөзге 1-ұпай)

Ат Жұлдыз
АюТелефон
СандықКітап
Той Киіз үй
Жол Көгершін
Сәби Балмұздақ
Ту Боран

ІІІ турдың қорытындысын тыңдау.

ІҮ тур «Өтірік өлеңдер»

(Топ оқушылары белгілі уақытпен ойларынан өтірік өлеңдер шығаруы тиіс. Өлең мағынасына қарай 1-5 ұпайлар арасында)

Оқушылар дайындалғанша көрермендермен «Кім көп біледі?» ойының ойнайық.

«Ертістің» ортасында не бар?Жауабы: «Т»

Есік пен терезенің арасында не бар?«Пен»

Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады?Жауабы: мысық

50 саусақ көріну үшін неше баланың саусағы көріну керек? Жауабы: 5 баланың

Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? Жауабы: 8

Жақсы, ендеше саыскелер жауабына сөз берсек

ІҮ турдың қорытындысын тыңдау.

Ү тур «Алтын жұмбақ»

(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек. Әр жауабқа 5-ұпай)

- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)

- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.

(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).

Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,

Кім деп ол баланың несін қойды?

(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.

Балталы , Бағаналы ел, аман бол!

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!

(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.

Сайыскерлеріміз жауабы дайын болғанша, көрермендермен «Кім көп біледі?» ойының жалғастырсақ.

1.Үстелде 4 алма жатыр,оның біреуі 2-ге бөлінген. Үстелде неше алма жатыр? Жауабы: 4

2.10 жұмыртқа салынған себетті 2 рет құлатып алсақ, неше жұмыртқа қалады? Жауабы: ешқандай

3.Қай қолмен шайды араластырған дұрыс? Жауабы: шайды қасықпен араластырған дұрыс

4.Қандай сұраққа «ия» деп жауап бере алмаймыз? Жауабы: ұйықтап жатсың ба?

5.Страус өзін құспын деп айта ала ма? Жауабы: жоқ, ол сөйлей алмайды

Ү турдың қорытындысын тыңдау.

ҮІ тур “Тест”

(Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ –сын есім, В әрпін таңдаған топ –сан есім қатысқан мақал-мәтел айтады. Дайындыққа 1 минут)

ҮІ турдың қорытындысын тыңдау.

ҮІІ тур “Жекпе жек”

(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «Қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды. Шыққан сөздер саны саналады)

(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау. Әділ-қазы алқасы шешімін шығарғанша көрермендерден мынадай сауалнама алсақ.

1-сауал: «Бүгінгі сайыс жайлы, қатысушылар жайлы пікірлеріңізді ортаға салсаңыз».

2-сауал: «Бүгінгі сайыста ерекше көзге түскен оқушылар жайлы бір-екі ауыз сөз айтып кетсеңіз»

3-сауал: «Бүгінгі қатысушыларға, біздерге қандай тілек білдіресіз»

Қорытынды:

Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Қызықты қазақ тілі әлемі
Тест сұрақтары, Фонетика
Фонетикалық талдау
Фонетика
«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Қызықты қазақ тілі әлемі
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4474 | Қосты: Утеулина Айдана | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык