Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өз тіліңді құрметте


Өз тіліңді құрметте

Өз тіліңді құрметте

Сабақтың  тақырыбы : Өз тіліңді құрметте

Сабақтың мақсаты : 1) Білімділік.Туған тілін, құрметтеу,тіліне деген мақтаныш,сүйіспеншілік көзқарасты қалыптастыру.

 2) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын

қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

 3) Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа,

ізденімпаздыққа,өз тілін құрметтеп сүйе білуге тәрбиелеу.                                  

Сабақтың түрі :                                Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                  Ана тілі туралы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,эпиграф, Елбасының портреті.

 Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :   І  Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ  Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген тапсырманы сұрау . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қою.

ІІІ Жаңа сабақ: Балалар өткен сабағымыздың эпиграфын есімізге түсірейік.

 Оқушы: «Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде»             

                                                                                         ( Н. Ә. Назарбаев)

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде сендер өздерің өмір сүріп жатқан республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіңдер.Сонымен қатар әрқайсың өз ана тілдеріңді ұмытпауларың керек. 

Бүгінгі сабақтың эпиграфы:

.......Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген сөз.

                                                                                       ( Бауыржан Момышұлы)

« Өз тіліңді құрметте» мәтінді тізбекпен оқу.

 а) Жаңа сөздерді оқып, айтып,мағынасы жақын сөздерді тауып, есте сақтау.

Тіл- қатынас құралы

Ұлт өкілдері-халықтар

Ана тілі-әр халықтың өз тілі

Дүниеге келу-туу-өмірге келу

Ұмытпау – есте сақтау

 ә) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.(ауызша)

- Біздің елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?

- Сонда қанша ұлт болса,сонша тіл бар деген сөз бе?

- Әлемдік деңгейде қолданылатын қанша тіл бар?

- Олар қандай тілдер?

- Бүгінгі жағдайда көп тіл білуіміз қажет пе?

- Ал өз ана тілдеріңді ше?

 

ІҮ.Гамматикалық тапсырма: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ережесін еске түсіру,жалғауларын пайдалана сөйлемдерді ажыратып тапсырма орындау.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейді.Мысалы:Отан дегеніміз адамның туып өскен жері және мәңгілік алтын бесігі.

Ыңғайлас алалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары: да,де,та,те,және, әрі.

5-тапсырма: Берілген сөйлемдердің ішінен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу тапсырмасы тақтада орындалады.

Ү Ана тілі туралы өлеңдер, мақал -мәтелдер жаттадыңдар ма, жатқа айтқызу:

1-Оқушы: Тілімде менің

                    Байлығы жатыр ғаламның,

                    Кеңдігі жатыр даламның

                    Қаныма сіңген,

                    Жаныма сіңген сүтімен,

                    Мейірім менен

                   Махаббаты жатыр Анамның!

 2-Оқушы: Қазақ тілі! Ана тілім!

                   Анық маған сөнбестен жанатының.

                  Анық маған болашақ замандарға,

                   Бөгелмей баратының.

3-оқушы: Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.

4-оқушы: Анам берген туған тілім,

                  Атам берген құрал тілім.

6-тапсырма: Ана тілім Өлеңді мәнерлеп оқу

     Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

      Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.                   

      Ел бетіне қалай түзу қараймын,

       Ана тілім,егер сені білмесем.

      Ана тілім – Дана тілім, бақ тілім,

      Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

      Сенсің менің қасіретім,шаттығым,

      Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

ҮІ. Жазбаша жеке  жұмыс: 1) Өлең жолдарындағы ерекше белгіленген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

2) Тіршілік, шаттық, тазалық сөздерін тәуелдеңдер.

ҮІІ. Сабақты қорыту: Өтілген сабақ бойынша сұрақтар қою: Бүгінгі сабақта нені білдім? Нені білгім келеді? Нені білетінмін?

 Ой толғау:   «Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған, жасап келе жатқан мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді,өгей ұлдары ғана аяққа басады»                                    (Ғ.Мүсірепов)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-тапсырма: Өлеңді жаттау.2-тапсырма:есте сақтап ,бірнеше ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрап жазу.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салалас құрмалас сөйлем, Ыңғайлас салалас
Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Шығарма Анамның тілі- ардақтым менің
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Ана тілім – асыл қазынам!
Сөйлем мүшелері. Ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3517 | Қосты: Жамангараева Айгуль Базарбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык