Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер


Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер

Сабақ тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер

Ресурстар:

"Ана тілі" оқулығы 1 сынып Алматы "Атамұра" баспасы 2012ж

Жалпы мақсаты:

Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге үйретуді жалғастыру, өлеңді мәнерлеп оқи отырып жыл құстары туралы түсінік қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі:

Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя біледі, шығармашылық қабілеті артады. Мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.

Тапсырмалар:

"Алтын қақпа" интеллектуалды ойыны негізіндегі тапсырмалар

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, диалог, АКТ, топтастыру

 

Жүру барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқуының әрекеті:

1. Психологиялық дайындық

Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.

2.Балаларға кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін суреттер таратылады.

Суретті атайды, сол сөздерге сұрақ қояды.Сұрақтарға байланысты топқа бөлінеді.

3. Үй жұмысын сұрау

"Жай қақпа" тапсырмасы

І топ кім? ІІ топ не? ІІІ топ кімдер? ІV топ нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқиды.

Өлеңді тізбектей жатқа айтып шығады.

4. "Күміс қақпа" тапсырмасы

-Қолдарыңдағы суреттерді тағы қалай топтастыруға болады?

Құстар, мамандар, табиғат құбылыстары деп топтастырады.

5. -Кімнің ата - анасы кім болып жұмыс жасайды?

Мамандықтар туралы әңгімелейді, мамандық иелеріне сұрақ қояды.

6. Тақтамен жұмыс

86-жаттығу І топ жазады, ІІ топ мамандық иелерінің астарын сызады, ІІІ топ сол сөздерге сұрақ қояды, ІV топ ережесімен қорытады.

7."Сыр сандық"

Жұмбақты шешу

8. АКТ ұя суретін көрсету

Құстар туралы әңгімелейді.

9. Ұядағы жұмыртқалар тапсырмаларын орындау

1-жұмыртқа тапсырмасы: І топ І шумақты, ІІ топ ІІ шумақты, ІІІ топ ІІІ шумақты оқып, түсіндіреді, ІV топ сұрақтарға жауап береді:

-Неге өкпелеп кетті деп ойлайсың?

-Үлкейгенде өзіне қандай серт берді?

-Кім серт берген?(Авторымен танысу)

2-жұмыртқа тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс "Кім шапшаң?" 85-жаттығуды орындайды.

10."Алтын қақпа" тапсырмасы

3-жұмыртқа тапсырмасы: БҮҮ стратегиясымен сабақты қорытындылайды.

11. Өзін-өзі бағалау

3-жұмыртқа тапсырмасын да орындаса "5", 2-жұмыртқа тапсырмасын орындаса "4",1-жұмыртқа тапсырмасын орындаса "3" алады. 

12. Үйге тапсырма

Өлең мен ережені жаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Қос сөздер
Қайырымдылық
Қастек Баянбаев. "Араша"
Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3313 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык