|
|
Жалқы жане жалпы зат есімдер
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады.
Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана койылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялык (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би, т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.
1.Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
1) кісі аттары;
2) мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары;
3) ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;
4) жер, су атаулары;
5) газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттары;
6) жылқыға, сиырға, түйеге, итке, т. б. хайуанаттарға қойылатын аттар.
2. Жалқы есім мен жалпы есімді теріп жаз.
Бурабайды бұрын көрмеген Жақыпбек айналасына қарады. Ол біресе көлге біресе Сиыртас пен Шошқатасқа, біресе Оқжетпес пен Көкшеге, біресе Бөлектауға тамсана қарады. Бұл жерде бірнеше рет болған Бану мен Байсал да сұлу табиғатты тамашалап тұр. Осы жерде Майбалық көлі де бар. Оның суы асқазан ауруын емдейді
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |