Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауа-райы болжамы


Ауа-райы болжамы

Ауа-райы болжамы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Экология

Тақырыбы: Ауа-райы болжамы

(табиғатты бақылау)

Мақсаты: Табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына  (жаңбыр, қар, тұман, бұршақ, қырау) бақылау нәтижелерін айта білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының күрт өзгеруін,ерекшелігін байқауға талпындыру.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түіндіру,әңгімелесу, үйрету.

Билингвистикалық компонент: Ауа- райы- прогноз, погода

Табиғат- природа

Технологиялық карта

Іс-әрекет

кезеңдері

                Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық

Қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

шылық-ізденімпаз

дылық

 

 

Рефлексивті коррекция

лаушы

 

Балалармен амандасу арқылы назарын өзіме аудару.

       Шаттықө шеңбері

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейікші балаша

Сәлем, сәлем нұрлы күн

Сәлем саған жер ана

Сәлеметсіздер ме, қонақтар

 

 Жылулық шеңберін ұйымдастыру

 

 Балалар алақан жылулары арқылы бір-біріне жылы  лебіздерін білдіреді.

Жарайсыңдар балалар,айтқан тілектерің қабыл болсын.

 

Балалардан жыл мезгілдерін сұрау.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс айларын атаңдаршы?

Дұрыс

-Балалар,  қыс ерекшеліктерін атаңдаршы?

Балалар қыс мезгіліне байланысты суретке қарап әңгімелейді.

-Қыста қар жауады, күн суытады  аспаннан қар жауады, қармен балалар  аққала жасап, қар лақтырысып  сырғанақ теуіп ойнайды.Қыста күн қысқарып, түн ұзарады.Қыс мезгілінде ауа таза болады.Қыс мезгілі өте көңілді мезгіл. Жарайсыңдар, ақылды балалар екенсіңдер.

 

 

Ұйымдастырылған жаңа оқу іс-әрекетін түсіндіру.

Балалар бүгін біз «Ауа – райы болжамы» деген тақырыпта оқу іс-әрекетімізді өтеміз.

Балаларды «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша  орталықтарға бөлемін.

Қатынас білім беру саласы боынша «Әдебиет орталығы»

Әңгімелесу: ! «Жылдың төрт мезгіліне» байланысты.

Балалаврдың назарын табиғат бұрышына аудару.

Балалар қандай сурет көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар.

  Жылдың  төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады.көктемде күн жылына бастайды. 
Жазда желсіз,аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады.Жаңбыр онша көп жаумайды. жазда күн ұзақ, түнқысқа болады. Маусымның 22-сінде күн мен түн теңеледі.
Жаздан кейін қоңыр салқын күз де кепіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі. Аспанды қара бұлт қаптап, жауын да жиі жауады. Қар аралас жауын-шашын болады.
Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Күн аязды,жер тайғақ болады. Қыстан кейін көктем де келеді. Оңтүстіктен жылы жел еседі.

 

 

 

Таным білім беру саласы бойынша

 «Зерттеу орталығы»
Жылдың әр мезгілінде ауа-райы өзгеріп тұрады.Ауа-райын болжаумен метеорология ғылымы айналысады.Ауа-райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі-барометр. Ал жердің жасанды серіктері жоғарыдан ауа райының жағдайын өзгерісін бақылайды да,радио арқылы жерге хабарлап тұрады. Ауа-райының құбылысын алдын ала біліп отыру кеме капитандарына , ұшқыштарға егіншілерге және малшыларға аса 
қажет.

Біздің ата-бабамыз яғни қазақ халқы –жылдың төрт мезгіліне байланысты ауа-райын болжап айтатын болған.

Мысалы:
Көктем мезгілінде
-Торғай ерте жұмыртқаласа, күн ерте жылынады. 
-Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады. 
-Көктемнің басында қарға суға шомылса, күн жылынады. 

Жаз мезгілінде                                                  -Жазда күн кенет ысып кетсе, ұзамай жауын жауады. 
-Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады. 
-Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады. . 
-Жазда жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық болады. 
Күз мезгілінде
-Күзде тышқан биікке шығып шықылдаса, ұзамай қар жауады. 
-Жылан мезгілінде ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады. 
-Қыста торғайлар ұясына мамық таси бастаса, күн кенеттен қатты суытады.                    Қыс мезгілінде 
-Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. 
-Қыста қаздар қаңқылдаса жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады. . 
-Қыста кемпірқосақ көрінсе, жыл берекелі, жайлы, мал төлді, егін, шөп шығымды, қуаныш көп болады.

Енді балалар мынау табиғат күнтізбесі деп аталады.                                                       Күнтізбемен балаларды таныстыру.             Балалар олай болса бүгігі күнді және бұдан кейінгі күндерді осы күнтізбе арқылы белгілеп, айтып үйренейік.                             Балаларға анықтап белгілеуді үйретіп, түсіндіремін.

Енді балалар мына суретке назар аударың даршы.

Суретте- жауған қар, жаңбыр, бұршақ, қырау, тұман бейнеленген. Күн тізбедегі ауа–райын белгілейтін белгі бойынша карточка арқылы көрсету

Үстел үсті орталығы

Пазлы құрастыруынан «Жыл мезгілдерінің» бейнесін құрастыру, әңгімелеу

Мақсаты:Балалардың білімдерін арттыру және тілдік қорларын дамытып үйрету.

Сергіту сәті

Боран соғады оң жақтан

Боран соғады сол жақтан

Қар лақтырысып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан.

 

Сергіту сәтінен кейін сылдырмақты сылдырату арқылы  орталықтардағы балалардың орнын ауыстырамын.

Балалардан сұрақ-жауап алу арқылы ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін пысықтау. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқан балаларды  мадақ- таймын.

 

Амандасу.

Тәрбиешімен бірге балалар өлең жолдарын қайталап айтады.

 

 

 

 

 

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Нанымыз мол болсын!

-Көк туымыз биік болсын!

 

 

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдың төрт мезгілінің суретін көріп тұрмыз

 

 Балалар жыл мезгілдеріне сипаттама беред, тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.

 Балалар тәрбиешінің айтқан  оқу іс-әрекетін тыныш отырып, қызығушылықпен тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар табиғат күнтізбесімен танысады.

 

 

 

 

 

Балалар қызығушылықпен тапсырманы орындайды.

 

 

Сергіту сәтін қимыл-қозғалспен жасайды.

 

 

Балалар орталықтарға ауысады.

Тәрбиешінің сұрақтарына толық та мағыналы жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Ауа-райының болжамы туралы.

Меңгеру:  Жылдың төрт мезгілдерін меңгеру

Жасай алды: Берілген тапсырмаларды орындай алды.

№8 «Қызғалдақ» балабақшасы

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі:   Экология

Тақырыбы:  «Ауа- райы болжамы»  (Табиғатты бақылау)

Тәрбиеші:  М Оспанова


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері.
Алақай қыс келді!
Жыл мезгілдері
Қыс қызығы
Қайталау
Жыл мезгілдері.
Көктем келді
Жыл мезгілдері
Қыс қызығы
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 22795 | Қосты: Оспанова Мөлдір Амангелдіқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык