Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » « Біз не үйрендік?»


« Біз не үйрендік?»

 « Біз не үйрендік?»

Сабақтың тақырыбы« Біз не үйрендік?»

Сабақтың мақсаты: Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау,   сандарды (тура, кері) санауға,  атай білуге үйрету                 мақсаты көзделді.  Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру, түсінік    терін қалыптастыру, ертегі әңгімелеу барысында сөздер    ді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын байыту.   Оқушылардың бойына  үлкенді сыйлап тыңдай біліп, көмек көрсетуге, табиғатты сүйе білуге, оны қорғау ға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі:  суреттер слайд түрінде, түрлі түсті қағаздар мен қарындаштар

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар

-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа  барлығымыз қатысайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз    «Біз не үйрендік?» деп аталады.  Бүгінгі тақырыпта  сендермен жыл бойы өткен білімдерімізді қайталаймыз. Соларға байланысты ойындар, тапсырмалар орындаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында кім көп жұлдызша жинағанына сай, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар анықталады. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.(бір-бірлерінің қолдарын ұстап, балалар сәттілік тілейді).

 

 

 

-Балалар сендер білесіңдер ме?

-Неше жыл мезгілі бар?

-Кәне, кім маған айтып берем дейді?

-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.

-Қазір бізде қандай мезгіл?

-Дұрыс, көктем.                                                      

                            

-Көктем  мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Жақсы, енді көктем мезгілінің математика сабағы бойынша  дайындаған тапсырмасын орындайық.

  1. Тура, кері санау.

 

2.Ойын: «Ойлан, тап» есептер шығару

 

 

3.Салыстыру

 

Сергіту  сәті:

1,2,3   қарлығаш боп ұш,

4,5,6   қарлығаш боп шалқы,

7,8,9,10 қаллығаш боп қон.

 

-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?

-Дұрыс, жаз

                           

-Жаз  мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?

-Орманға барып, не тереміз?

Ал енді жаз мезгілінің сауат ашу сабағы бойынша  тапсырмасын орындайық.

1.Логикалық ойын

 

  1. Анаграмма

Балалар «Не жасырылған?» екенін тауып алу керек. Суретте не бейнеленгенін айту. Қандай дыбыстан басталатынын сөз.Соған сөйлем құрау.

 

 

Сергіту сәті: музыка қосылады, балалар би қимылын жасайды.

Жұмбақ жасыру:

Ағаш толы сары шымшық,

Сілкіп көрсең түседі ұшып.

                                                                       (Жапырақтар)

-Дұрыс,жапырақтар. Сонда келесі мезгіліміз?

 -Дұрыс, күз

                                   

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күзде нелер піседі?

-Жақсы, енді күз мезгілінің көркем әдебиет сабағынан дайындап қойған тапсырмасын орындайық.

  1. Рольдік-сюжеттік ойын (музыкалық)

(ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсету.) балалар қандай ертегі кейіпкері екенін тауып алу керек. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру.

Келесі  қандай мезгіл?

-Дұрыс, қыс

-Қыста қандай мереке болады?

Қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер?

Ендеше, қыс мезгілінің тапсырмасы. Жапсыру сабағына байланысты. Түрлі-түсті қағаздардан гүл жасау.

 Музыка қосылып тұрады, балалар музыканы тындай отырып,  түрлі- түсті қағаздардан  гүл жасайды. Жасаған гүлдерін  үстелдің үстінде тұрған құмыраға салады. (Жақсы істеген оқушыларды мақтап, мадақтау).

Бекіту: Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Не білдіңдер?

Қорытынды:

Балалар сонымен біз бүгін 4 жыл мезгілін қайталап, соларға байланысты тапсырмалар орындадық.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мақтап, мадақталды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
«Сен білесің бе?»
«Не үйрендік?» «Не білдік?»
Біз нені үйрендік ?
Жыл мезгілдері
Математика әлемінде
Қыстың ерекшелігі
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Көрікті көктем ашық сабақ
9 санын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 11002 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык