Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Күзгі бал»сайысы


«Күзгі бал»сайысы

«Күзгі бал»сайысы

Жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп,

                   жапырағын ағаштың селдіретіп

                    Тойға бөлеп елімді күзім келді.

                    Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін  «жұлдыз-ай»топ балаларының арасында «күз ханзадасымен ханшайымын»таңдап алмақпыз.Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

-Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ-қазылар алқасы

1 Балабақша директоры:Дәуітова Роза апай

2 Балабақша әдіскері:Сүлейменова Амангүл

3 Балабақша медбикесі: Ниязбекова Алмагүл

4

 Жүргізуші

Кірпігі ине болып қадалды да,

Ұшқындап көрермендер жанарында,

Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,

Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.

 

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс

2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен

3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте

4Алдашева Жансая мен Марал Жансен

5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан

6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

 

-Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ

1Таныстыру,сәлемдесу рәсімі

2Өз өнері(би,тақпақ,өлең,көркем сөз оқу)

3Сұрақ-жауап

4Сән үлгісі(Әр қатысушының өз қиялына байланысты)

5 Ас мәзірі                                      1

 

Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті танысуға,

                  Бойындағы бар дарынды дарытуға

                   Қорықпастан ортамызға келіп жетті

                 Әдеппен,ізетпенен танысуға

-дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.

                                Таныстыру

 

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс

2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен

3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте

4Алдашева Жансая мен Марал Жансен

5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан

6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

 

Бүлдіршіндер көп-көп рахмет.сайыскерлерді ортаға шақырайық.

-Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.

 

Жүргізуші:

Жапқандай жапырағымен іздерді

Қуантып байлығымен ізгі елді

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша балалардың  «алтын күзге»деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

 

1Көк майсалы көрікті   Қасымхан

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

2 Көбейді құт-береке        Шахназ

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

3 Қуандырып біздерді,        Аида

Мерекелі күз келді

Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

4 Күздің қазан айында         Нұрәли

  Алма,алмұрт піседі,

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

                                                    2

 

5Күн суытып келеді,               Бекарыс

 Жапырақтар түседі,

Астық-жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

 

6Қуандырып біздерді                Аслан

Мерекелі күз келді

Кел,жемісті алтын күз

Кемелденсін  халқымыз.

 

7Астық,жеміс жиналды,        Досымжан

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

 

8Жемісі мол теретін                      Нұраман

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

 

9Жетті желмен алтын күз                 Жансая

 Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз

 

10 Берекесін сыйлауға                     Жансауле

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

 

ІІ-кезең «Өнерлі өрге жүзер»демекші келесі кезең өз өнерін көрсету

 

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс

2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен

3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте

4Алдашева Жансая мен Марал Жансен

5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан

6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық                   3

 

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық әділқазылардың бағасын алайық.

                                    ІІІ-кезең

  • «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз сұрақ—жауап
  • -Әр жұп барып әділқазылардың алдынан бір сұрақтан алады.

 

-Барлығы тегістей сұраққа жауап берді,енді сөз кезегі өздеріңізде,

Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша тобымыздың биші қыздарының  «корей»биін қабыл алыңыздар.

 

ІV-кезең сән үлгісі

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс

2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен

3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте

4Алдашева Жансая мен Марал Жансен

5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан

6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

 

 

Әділқазылар төртінші кезеңнің бағасын беріңіздер.

Жүргізуші:Сайысымыздың ең соңғы бөлімі «ас мәзірі»,сайыскерлеріміз дайын болғанша ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар

V-кезең  «Ас мәзірі»

 «Ас адамның арқауы »демекші келесі кезеңде үйден дайындап әкелінген ас мәзірлерін қорғап,оны тапсыру.

 

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс

2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен

3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте

4Алдашева Жансая мен Марал Жансен

5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан

6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

 Осымен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі кезек әділ-қазыларда.

Әділ-қазылар дайын болғанша бүлдіршіндердің  «Алтын күз»әнің қабыл алыңыздар

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман-сау болыңыздар..


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Күз сарайы» кеші.
Күн бұлтпен қонаққа келеді
Алтын күз мерекесінің сценарийі
Алтын күз
Берекелі күз
Еліне береке сыйлаған»
Білімді мыңды жығар
Алтын күз
Берекелі күз – мерекелі күз
Алтын күз
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3503 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык