Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош келдің-Әз наурыз!


Қош келдің-Әз наурыз!

Қош келдің-Әз наурыз!

Тақырыбы:Қош келдің-Әз наурыз!

   Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл   22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін  түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Тәрбиеші:

 Қанша ғасыр сән берген даламызға,

Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.

Сәлем, Наурыз! Сен біздің арамызға

Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.  

Сен ең көне жырысың санамыздың,

Рухы шаттығымсың тасып толған.

Сені тойлап бабасы бабамыздың,

Әжемнің әжесіне ғашық болған.  

 Сен бүгін арнасысың дара күйдің,

Сан пейілдің төрінен күлімдейсің.

Сен менің ұлы бабам Фарабидің

Кешігіп келе жатқан үніндейсің.  

 Басыңды көтер, қане, күн қақтаған,

Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.

Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған

Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың

Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар! Наурыз  мейрамы құтты болсын!

 Көрініс: «Күн мен түн» ортаға шығады.Күн: Сәулесі мол Күнмін,

Түн: Жұлдызы көп Түнмін
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер бірақ.

Ән: «Қазақ дәстүрлері».

Наурызды қалай қарсы алған? Ата- аналарға сұрақ қойып жауаптарын ортаға салу.

 1.«Қыдыр түн»  мен  «Әз» сөзінің мағынасы туралы .

2.Наурызға қатысты  тиымдар.

3.Наурызға қатысты өсиет.

4.Наурыз күнгі амандасу.

.Қыдыр ата сөзі:

Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қызғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз көже сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін.
Ал, балалар, балалар,
Би билеп, ән салайық,
Наурыз тойда, думандап.
 

Би: «Қаражорға»
 

Тәрбиеші:

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Наурыз келеді, амандасады)

Наурыз:

Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

1- бала:

Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2- бала:

Табиғат көркі келтіріп,

Жан-жануар серпіліп

Күттірген көктем келдің бе?

Жайқалған гулмен  желпініп

 

.3- бала:

Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!

 

4- бала:

Наурыз тойын тойлайық,
Думандатып ән шырқап
Інжу – маржан шашайық.

 

Ән:   «Айналайын»
1.«Бесікке  салу»  рәсімі  (ата – аналар)

2.«Тұсау  кесу»  рәсімі  (ата – аналар)
3.«Сүйінші сұрау» рәсімі  (ата-аналар)

Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс»(ата – аналар)
 

Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Хош келдің , әз Наурыз!
Жыл басы -Наурыз!
«Күлімде, Наурыз, күлімде!»
Наурыз –думан.
Наурызым - әз наз гүлім!
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 16883 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык