Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Сәлем – сөздің анасы»


«Сәлем – сөздің анасы»

  «Сәлем – сөздің анасы»

Тақырыбы:   «Сәлем – сөздің анасы»

Мақсаты:         Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы  түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді   сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

 Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым   – қатынас жасай білуге баулу.  

Әдісі:       сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекілігі:    мазмұнды суреттер, нақыл сөздер.

 

                Барысы:

                                                         І. Ұйымдастыру

                                                         ІІ. Кіріспе

 ІІІ. Сәлем беру түрлері

                                                         ІV. Қорытынды

Амандасу.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!

     Құрметті  апайлар  мен  жас бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Сәлем – сөздің анасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

       «Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем - әдептілік белгісі.

            Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

         «Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?

  Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

          Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.

 Бәріміз хормен айтамыз.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәрінен де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіз бе, ағай!

Сәлеметсіз бе, әже!

Амансыз ба, атай!

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

 

Тәрбиеші:   Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,

                  алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.

                  Енді біз үлкен кісілеріміздің алтын ақылдарын еске түсірейік.

 

Зарина         Үйде, балабақшада, көшеде : «Сәлем !», «Сәлеметсіз бе!», «Қайырлы күн!»

                деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

 

Мұхтар       Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді,

                    ал ұл балалар қыздарға амандасады.

 

Дильназ Т    Сұрағыңа жауап немесе сыйға ұсынылған затты алып тұрып, «рахмет»

                   деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

 

Шұғыла       Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде

                   кешірім сұра.

 

Хор:  «Әдепті бала боламыз»

 

Тәрбиеші:    Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан

                    екен. Өздерің білетін нақыл сөздерді айтайық.

 

Дильназ А        Әдепті бала ата-анасын мақтатар

                          Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

 

Сұлтан            Кеспе жолын үлкеннің, шыдамсыздық үлкен мін

 

Гүлназ             Сыйлап үлкен кісіні, аялаған кішіні

 

Ерасыл             Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет

 

Хор:       Білер қазақ баласы

              «Сәлем – сөздің анасы»

Сергіту сәті

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз

  Қане, балалар атаң мен әжеңнің аузынан естіген әдепті, тағылымды сөздерді кім айта алады ?

 

Айдана                      Атам менің әрқашан

                                   Кішіпейіл бол деген

                                   Ақыл сөзі санамда

                                   Мақтанбауды жөн көрем

 

Мадина                     Кім үлкенді тыңдаса,

                                   Кім үлкенді сыйласа

                                   Үлкен болған кезінде

                                   Сыйлы болмақ өзі де

   Енді балалар, мен сендерге әдептілік жайында өлең оқимын, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтасыңдар. Мұқият тыңдаймыз.

 

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін жақсысын,

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

                                                                         «Рахмет»  деу керек

 

Әжең сенің түскі асқа,

Қант – кәмпит алды иол

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол

Не деу керек апаңа

                                                                                «Жеуге болама»  деу керек

 

Естіледі айқай, шу

Сен де шықтың, сөреден,

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек

                                                                  «Кешіріңіз»  деу керек

 

Би: «Айгөлек»

      Бір топ қыздың орындауында.

            Енді балалар тақтаға қараңдаршы. Сәлемдесудің түрлері ілінген. Қане, бәріміз сәлемдесудің қандай түрлері бар екенін айтайық. Жаңа өздерің түрлерін айттыңдар. Еске түсіреейік.

 

Тақтада ілінген нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріп, суреттерге тоқталып өту.

Қорытынды

 

        Міне, балалар осынау бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

Сәлем беру – кішіліктің белгісі

«Әдептілік бергісі – иіліп сәлем бергені»

          Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

         Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.

 

Біздің топта ұл – қыздар

Тату – тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар жанға

Тек жақсылық ойлаймыз

 

деп бүгінгі «Балапан» тобында болып өткен «Сәлем – сөздің анасы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

              Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәлем берем үлкенге . Сөйлеу мәдениеті.
«Сәлем – сөздің анасы»
Мен әдепті баламын.
Сөз анасы – сәлем
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мен әдіпті баламын
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Сәлем берем үлкенге
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 8490 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык