Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Құстар - біздің досымыз»


«Құстар - біздің досымыз»

«Құстар - біздің  досымыз» 

Тақырыбы:  «Құстар - біздің  досымыз» 

Мақсаты:   Табиғатты  сүюге  баулу, балалардың  құстар  туралы  түсініктерін  кеңейту, құстардың  пайдасына  тоқталу.  Өлеңдердің  мағынасын  түсіну,  сөздік  қорын  байыту. Байланыстырып  сөйлеуге  үйрету.  Табиғатқа  деген  мейірімін  ояту,  адамгершілікке  баулу.

Дамытушылық:Балалардың  ойлау  қабілетін  дамыту, өз  бетімен  жұмыс  істеуге  машықтандыру.Жауапкершілік  сезімін  ояту.

Тәрбиелік:Балаларды  құстарды  қоректендіріп  тұруға  үйрету.  Табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыру.

Түрі:  Ашық  сабақ.

Қолданған  әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,топпен  жұмыс, көрнекіліктер,ойын, триз (жақсы-жаман) мүсіндеу.

Көрнекіліктер:Табиғатқа  байланысты  суреттер, құс  ұялары  суреттері,  құстардың  суреттері,  ермексаз,  құс   ұясы.

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті.

Балалар  бізге  қонақтар  келіпті  алдымен  амандасып  алайық.

 

 

 

 

 

Ал  енді  балалар  орнымызға  жайғасып  алайық

«Адамзаттың  табиғатсыз  күні  жоқ,  оны  айтуға  табиғаттың  тілі  жоқ».

Табиғат  дегеніміз  не  балалар ?

 

Балалар  мен  сендерге  1-шумақ  өлең  оқып  берейін  сендер  бұл  өлеңде  не  туралы  екенін  айтып  бересіңдер  ме?

 

Құстар ,  құстар  келеді,

Даланы  жырға  бөледі,

Көктем  келді  деп  бізге 

Жылы  хабар  әкелді.

 

Бүгінгі  біздің  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетіміз  бойынша  өтетін тақыры-бымыз «Құстар- біздің  досымыз»деп  аталады  Құстың  келуінен  біз  көктем  келгенін  білеміз,  ал  көктемде  не  өзгерістер  болатынын  кім  біледі,ай-

тыңдаршы .

-Ия  балалар,  көктемде  жауын –шашын  көп  болып,  жер  көгеріп,гүлдер  өсіп, құстар  жылы жақтан  ұшып  келіп  бау-бақшамызда  ән  салып,  сәнін  кіргізеді.

(Құстар  әуені  естіледі)

Ғажайып  сәт: Осы  кезде  топқа  Дымбілмес  кіреді.Қолында  айыратқыш

пен  сіріңкесі  бар.

Дымбілмес:  балалар  менің  атым  Дымбілмес. Сендер  неге  жиналып  отырсыңдар,  жүріңдер  тоғайға  барып  от  жағып , тамақ  істеп,  мына  айыратқышпен  құстарды  атайық , қызық  болады.

-Балалар,  от  жағуға,  құстарды  атуға,  ұясын  бұзуға  бола  ма?

-Өте  дұрыс  от  жағуға,  құстарды  атуға,  ұясын  бұзуға  болмайды.Өрт  болған  жағдайда  ағаштар  өртеніп, құстардың  ұясына  зиян  келеді.

-Дымбілмес  сен  отыр «Құстар-біздің  досымыз» деген  тақырыптағы ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетімізге  қатыс.Құстар  жайлы  біздің  балаларымыз  не  біледі  екен,  көр.

Дымбілмес:  жарайды.

Балалар,  біз  құстарға  қандай  көмек  көрсете  аламыз?

Құстардың  бізге  қандай  пайдасы  бар?

 

Олар  немен  қоректенеді?

 

 

 

Құстардың  қандай  түрлерін  білесіңдер?

 

Құстар  жайлы  қандай  тақпақ  білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

Қарға,  қарлығаштың  түстері  қандай  болады?

Тоқылдақ,  сауысқан,  қаз-үйректің  түсі  қандай  болады.

Балалар  шаршадыңдар  ма?

Онда  сергіту  жаттығуын  жасайық

Қарлығаш  боп  ұшайық,

Торғай болып  қонайық,

Сауысқан  боп  секіріп,

Бүркіт болып самғайық.

Қане  қанат  жазайық

Ұшып-ұшып  алайық, 

Орнымызға  қонайық.

Сергіп  қалдыңдар  ма, онда  іс-әрекетімізді  жалғастырайық.Енді  мен  сендерге  жұмбақ  жасырайын.

Ағаштарды  тазалайды, тыным  таппай  мазалайды. Бұл  не?

Қонып  алып  талға,  қарқылдайды не?

Өз-өзін  атап,  шақырады  күнұзақ.Бұл  не?

Отыра  алмай  тыншып, шиқылдайды  шиқ-шиқ.Бұл  не?

Шарлап  келіп  даланы,

Үйіме  үйін  салады. Бұл  қай  құс?

Су  бетін  сүзіп ,  ақ  құман  жүр  жүзіп.

Жарайсыңдар  балалар  аққу- қандай  құс?

Аққудың  түсі  қандай  болады?

Аққу  қандай  жерлерде  мекендейді?

Ал  балалар  сендер  маған  аққудың  мүсінін  жасап  бересіңдер  ме?

Бірінші  мен  сендерге  мүсіндеудің  әдіс  тәсілдерін  көрсетейін.

1.Ермексазды  алақанға  салып  жұмсартып  аламыз.

2Уқалау  әдісін  пайдаланып,  құстың  жұмыртқасын  жасаймыз.

3Ширату  әдісін  пайдаланып  жұмыртқаның  шетінен бастап  ширатып

 құстардың  сүйіп  жейтін  жауынқұртын

 жасаймыз.

4Енді  ию  әдісін  пайдаланып  жауынқұрттың  бір  шетін жоғары иіп құстың  басын, және  денесін  жасаймыз..

5Шымшу әдісін  пайдаланып аққуымыздың  басын,  тұмсығын,  денесін  келтіреміз.

Міне  «аққудың» мүсіні  дайын.

Балалар  жарайсыңдар  Өте  керемет.

Ал  енді  балалар мен  сендермен «Не,  қалай, дыбыстайды» деген  дидактикалық  ойын  ойнағым  келіп  тұр. Дыбыстарға  назар  аударайық.

Дымбілмес:Балалар  сендер  көп  нәрсені  біледі  екенсіңдер,  мен  көп  нәрсені  үйрендім  рахмет  сендерге. Мен де енді  құстармен  дос  боламын. Сау  болыңдар.

Сау  бол  Дымбілмес.

Ал,балалар  сендер  шынында да құстар  туралы  көп  нәрсе  біледі  екенсіңдер  Өте  тамаша.ЕНді  біз  іс-әрекетіміздің  соңында  қонақтарымызға «Ақ  көгершін»әнін  орындап  берейік.

Балаларды  мақтап- мадақтау.

 

Балалар  жылулық шеңберіне  тұрады:

Сәлем  бердім  күнге  мен,

Сәлем  бердім  аспанға,

Сәлем  бердім  жерге  мен,

Сәлем  бердім  саған  да

Сәлем  бердік  қонақтар

Табиғатқа  ,  құстарға.

 

 

 

 

-Жер, су, ауа, тау-тас,өсімдіктер ,

жануарлар, құстар.

 

 

-Ия

 

 

 

 

Көктем  туралы,  құстар  туралы.

 

 

 

 

 

 

-Көктемде  құстар  ұшып  келеді .Күн  жылып, жерге  көк шөптер  өсіп, бәйшешектер  гүлдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жоқ,құстарды  атуға,   ұясын  бұзуға, тоғайда  от  жағуға  болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жем  шашамыз,  ұя  жасаймыз.

-Олар ағаштарды, өсімдіктерді зиянды  жәндіктерден қорғайды.

-Тамақ  қалдықтарымен, егіс  даласындағы зиянкестермен, шыбын-шіркей,құрт-құмырсқамен қоректенеді.

Қарға, сауысқан, торғай, қарлығаш,то-

қылдақ, кептер,қаз-үйрек ,кептерлер.

Альбина:Қарға, қарға қарғалар,

                Қар  үстінде  жорғалар,

                Боран  соқса  қар болар,

                Бұтаға  қонар  қарғалар.

Индира:Қос  қанатын  иіп  ап,

               Жарға  келіп  қонады,

               Қара  киім  киіп  ап,

               Балшықтан  үй  соғады.

-Қара  болады

 

-Ала  болады.

 

-Ия

 

Балалар  іс-қимылмен  көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Тоқылдақ.

 

-Қарға.

-Көкек.

 

-Шымшықторғай.

 

 

-Қарлығаш.

-Аққу.

-Аққу  қасиетті  құс.

 

-Ақ   болады.

-Аққу сулы  жерлерді  мекендейді.

 

-Ия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  қайталап  жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  дыбысынан  құстарды  ажыратып  айтады

 

 

 

Сау  бол  Дымбілмес.

 

 

 

 

 

 

Сау  болыңыздар  қонақтар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құстардың көктемгі тіршілігі.
«Құстар біздің досымыз»
Қыстайтын құстар
«Құстар біздің досымыз»
Құстар
«Табиғат тіршілігі құстар»
Құстар әлемі!
Қанатты достар
Құстар біздің досымыз
Көрікті көктем
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 6560 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык