Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай оқулары


Абай оқулары

Тақырыбы: « Абай оқулары»

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.

Міндеті: 1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру.

3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

 

І жүргізуші:

Дана Абайды қазақтың ақылына балаймын.

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!

Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,

Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың.

 

ІІ жүргізуші:

Арлы Абайды қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

 

І жүргізуші:

Сара Абайды қазақтың жүрегі деп білемін,

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?

Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!

ІІ жүргізуші:

            Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

 

І, ІІ жүргізуші:

            Құрметті ұстаздар және оқушылар, сыныбымыздағы Абай оқуларына хош келдіңіздер!

І жүргізуші: Абай оқуларына қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Сайысымызды ашу үшін сөз мектеп директорының оқуісі жөніндегі орынбасарына беріледі.

 

ІІ жүргізуші:

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.

1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)

2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай мен Шәкәрім әндерін, күйлерін орындау )

3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы)

І жүргізуші:

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасының төрайымы- Тәрбие ісінің меңгерушісі 

Мүшелері: 1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

                   2. Музыка пәнінің мұғалімі

 

ІІ жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,-

дей отырып, сайыстың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

 

( Зал қараңғыланып, сахнадағы Абай портретіне май шам жарығы түсіріледі.Мағжан Жұмабаевтың Абайға арналған өлеңі оқылады.)

 

ІІ жүргізуші:

Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,

Ойы сергек жан оны ұғар,

Бар сезіміңді қозғар ән-күйге

Жастар, тілімді ал, бол құмар,-

деп Шыңғыстаудың дара тұлғасы Шәкәрім атамыз да ән мен күй өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі.

 

І жүргізуші:

            Олай болса, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай мен Шәкәрім әндерін нақышына келтіріп орындайтын жас таланттарымызды шақырамыз.

 

ІІ жүргізуші:

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс

Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?-

деп дүлдүл ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде де ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес. Енді оларға да кезек берейік.

 

І жүргізуші:

Поэзия әлеміне самғадың,

Әділетті көксеуден еш талмадың.

Ақындардың көшбасшысы атанып,

Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.

 

ІІ жүргізуші:

Өзің едің өлең-жырдың тарланы,

Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.

Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым,

Қолдасын деп Абай ата аруағы.

 

І жүргізуші:

Орындалмай қалды қанша арманы,

Жас ақындар өнеріңді жалғады.

Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,

Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.

ІІ жүргізуші:

Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар.

 

І жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-

деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.

 

ІІ жүргізуші:

Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,

Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.

Көлеңкелі кеудесіне қазақтың

Шымырлаған шуақ болып тарайды.

Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,

Анық басып, жүрдің байқап ақырын.

Қазақ  бүгін көтереді  көгіне,

Халық үшін қан жылаған ақынын.

І жүргізуші:

Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың  сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен жабуға рұхсат етіңіздер!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тілді сүйсең менше сүй
«Толағай» эстафеталық ойын
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
Ел рәміздері – ұлттық мақтаныш
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Қазақстан ұландары ертеңгінің!
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12301 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык