Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адам – қоғамның жігерлі субъектісі


Адам – қоғамның жігерлі субъектісі

Адам – қоғамның жігерлі субъектісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білуге

үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой

қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру.

Дамытушылық:  Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау,

танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Философиялық 

көзқарастарын қалыптастыруға баулу.

Тәрбиелік:Абай тағылымдарынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге

ұмтылуға, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Ұлы ойшылдың 

насихат сөздеріндегі өмірлік тағылымдардың мағынасын ашып,

бүгінгі өмірге байланыстылығын жете түсіндіру. Адами

қасиеттерді бойына сіңіре білуге  дағдыландыру.

 

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікірталас, баяндау.

 

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, қара сөздері, өлеңдері.

 

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, құқық, биология, өзін-өзі тану

 

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру

Тренинг «Жақсы тілек»

Тарау бойынша қайталау сұрақтары

II. «Топтастыру» стратегиясы

III. Оқушыларды бағалау мадақтау

IV. Қорытындылау

 

Сабақтың барысы:  

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

Адам

Қоғам

Әлеуметтенілу

Мүдделік қажеттілік

Ақыл-ой иесі

Жеке тұлғаның ерекшеліктері

Адамгершілік категориясы

Адам статусы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Адам – жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғарғы сатыда дамыған түрі. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен сөйлеу және ойлау қабілетімен саналығымен ерекшелінеді. Адам туралы оның тегі қызметі, қоғамның мәні келешегі туралы ойланбаған кез болмаған шығар. Қоғам пайда болғаннан бері адаммен қоғамның арақатынасы күн тәртібіндегі күрделі мәселелердің біріне айналды. Адамның қоғамға тәуелді екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды.

     Жеке адамның құрылымын екіге бөлеміз:

 

Жеке адамның құрылымы

Биологиялық

Психологиялық

Жүйке жүйесі, зат алмасу, дене құрылысының пісіп жетілуі,  даму ерекшелігі

Ерік, мінез-құлық, ойлау, бақылау, сенім, қабілет, құштарлық, темперамент.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеументтенілу (социализация – лат.socialis – қоғамдық деген сөзінен) сол қоғамға, әлеуметтік бірлікке, топқа тән оқу және адамдық құндылықтардың, нормалардың, бағыттардың, іс-әрекеттің үлгісін жеке адамның қабылдауы, оны қалыптастыру процесі.

Адамның қажеттіліктерінің екі түрі бар: табиғи қажеттіліктер және қоғамдық қажеттіліктер. Табиғи қажеттіліктер дегеніміз – адамның тамаққа, киімге, баспанаға, т.б. деген күнделікті мұқтаждары. Ал қоғамдық қажеттіліктерге адамның еңбек қызметіне, әлеуметтік белсенділігіне, рухани мәдениетке, т.б. деген қажеттіліктеріжатады.

    Адам (статус) мәртебесі қоғамның белгілі орны және соған байланысты құқығы мен міндеттерінің жиындығы. Жеке тұлғаның ерекшеліктері төменгідей болады.

  1. Әрбір жеке адамның биологиялық және психологиялық сипаты болады, олар оның тәртібін анықтамайды, оған даралық қасиет береді.
  2. Әлеуметтенілу нәтижесінде адам организмі адамдық тұлғаға айналады, яғни: а) әрбір адам мәдени мұраттарды қабылдайды, соған сәйкестенуге ұмтылады; б) «мен» деген тұжырымды, өз тәртібінің негізін қалыптастырады.
  3. Адамның бұл сапалары бірін-бірі толықтырады. Егер де адамда осындай қасиеттер қалыптасса, ол – басқалармен әлеуметтік қатынаста бола алатын, шын мәнісіндегі жеке тұлғаға айналмақ.

     Ақыл-ой адамның бойындағы білімін, санасын, ыстық сезімін, адамдық қасиетін қалыптастырады. Ақыл-ойдың мәнін адамдардың практикалық, материалдық, қоғамдық қызметінің нәтижесімен ғана түсіндіруге болады. Ал адамдардың практикалық қызметі оның барлық сезімдік және логикалық таным сатыларының кезеңдерін қамти отырып, күнделікті өмірдің барлық жағымен тығыз байланыста болады.

     Адамдардың материалдық-өндірістік қызметінің нәтижесінен туған ақыл-ой адамзат іс-әрекетінің, таным процесінің еркін әрі шығармашылық сипатта екенін көрсетеді. Өйткені тек ақыл-ойдағы еркіндік, бостандық қана дүниені танып, оның заңдылықтарын ашумен қатар, оны ақылға сыйымды етіп қайта өзгертуге бастайды.

    Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болады.

    Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырды. Мысалы, көне грек дәуіріндегі адамгершілік категориялары сол қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, экономикалық процеске тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күшіне айналды.

 

 

Қажеттіліктің екі түрі бар

 

Табиғи

Қоғамдық

Адамның тамаққа, баспанаға, киімге т..б.

Адамдардың еңбек қызметіне, әлеуметтік белсенділігіне рухани мәдениетке т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал мүдденің мақсатқа айналуы – адам қызметінің екі сатысы. Бұның әрқайсысы адамның іс-әрекетінің себебін сипаттайды, онсыз іс-әрекет болмайды.

 

 

 

Даралық қасиеттері бар

 

Өз тәртібін қалыптастыратын мәдени мұраттарды қабылдайтын

 

Басқалармен қарым-қатынаста болатын жеке тұлға

 

 

Жеке тұлғаның ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Егер де адам осындай қасиеттер қалыптасса, ол – басқалармен әлеуметтік қатынаста бола алатын, шын мәнісіндегі жеке тұлға айналады.

 

 

 

 

 

 

 

Ақыл-ой иесі

 

Таным, логика, сезім

Жаман қасиеттердің бәрінен арылып, қоғамның белсенді мүшесі болу керек

Еркіндік, бостандық, дүниенің заңдылықтарын ашу

Практикалық қызметінің нәтижесі

Материалдық қызметінің нәтижесі

Қоғамдық қызметінің нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Адам ортаға тәуелді сондықтанда адам баласы ойланып ақылға салып жасау керек. Сендердің алдарыңда сәл азғана уақыттан соң өмір сахынасына жол жатыр, оның соқпақты, соқпассыз жолдарын кездестіресіңдер, тек ақыл-оймен әр нәрсені шеше беріңдер демекпін.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар калан

 

Адам бойындағы қасиеттер

 

                              +

          –

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы ұғымдарды қай пәннен сіздер кездестіріп жүрсіздер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә, бізге Сара Алпысқызы «өз-өзін тану» әлемін сыйға тартты. Біз сол әлемдегі адамгершілік категорияларын үйреніп жатырмыз.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек

                                                                             деген Абай

 

Қорытындылау:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз

Тілеуің өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірік мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, тереңой

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс, көнсеңіз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ниетім - өмірімнің айнасы
Абайдың қара сөздері
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ
Адам болам десеңіз
Интеллект сайысы
Адам туралы жалпы түсінік
Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5128 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык