Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қауіпсіздік әліппесі


Қауіпсіздік әліппесі

              Қауіпсіздік  әліппесі         


Мақсаты:

  • Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік  ережесін сақтай білу жөніндегі  білімдерін бекіту;  алғашқы дәрігерлік көмектің  қарапайым  түрін   көрсете білуге үйрету;
  • Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын  дамыту;
  • өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік  ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Бағыты: Оқушылар  өмірінің  қауіпсіздігі

Көрнекілік:

  • фигуралар,
  • қорапша
  • йод, зеленка, мақта, градусник, дәрі, дәкі
  • АКТ  құралы

                                          Өту  барысы

Мұғалім: –Сәлеметсіздер ме, балалар!  Бүгін біздер қауіпсіздік ережесі туралы әңгімелесеміз.

                Ережелер  еліне

                Саяхатқа  барайық

                Қауіп-қатер төнсе  егер

                Сақтық жолын табайық.

Біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне  пойызға мініп аттанамыз. Ол үшін онлайн ойын ойнайық.  Түстеріне  қарай  вагондарды  тіркейік.

  Онлайн ойын

  Фигурадан құралған пойыз     Поезд из фигур           Shapes  train

   Түстер   Цвета  colors

Көк синий  blue               Сары желтый  yellow               Жасыл  зеленый  green

Қызыл красный  red                Сия түсті фиолетовый  magenta

              

Міне, біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне келдік..

І.

–Сендер жолда жүру  ережесің білесіңдер  ме?

Презентациямен жұмыс

Қошақан жолдан дұрыс  өтті ме?

Пингвин ше?

Мыналардың жолда ойнауы дұрыс па?

  «Бағдаршам»     Алдарындағы дөңгелекті    берілген  тапсырмаға сәйкес таңдап, тақтадағы бағдаршам ішіне жапсырады

ІІ.

–Кенет Қауіпсіздік Ережесі елінде  адасып қалсаң не істейсің?

Сергіту  сәті “Мен біркүні адастым ”

Мен бір күні адастым – (қорыққанды  көрсету),
Бірақ тез-тез ойландым – (маңдайын қолымен жайлап  соғып күлімсіреу),
Жан жағыма қарадым – ( қарау),
Анам жоқ, енді не істеймін – (қолын екі жағына жаяды),
Оңға қарай жүгірдім – (орнында  жүгіру),
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),
Солға қарай жүгірдім – (орнында  жүгіру),
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),
Айналамды қарадым – (айналу),
Көріп  қалам ба екен деп– (айналасына қарау),
Жоқ.  Қозғалмаймын  орнымнан – (қолын кеудесіне қою),
Осы жерде  күтем тек

       Егер адасып қалсаңдар ешқайда кетпей тұрыңдар. Сонда сендерді  тез  тауып алады.

ІІІ.

Бұл пойызда жұмбақ тиелген вагон бар.

 Аузы жоқ , сөйлейді,

 Көзі жоқ,   көрсетеді. (Теледидар.)

.Өзі күнде шаң жеген,

 Шаң жеп әбден  дәндеген. (Шаңсорғыш.)

 Көйлек  қыртыс-қыртыс

Ол жүріп өтсе  теп-тегіс (Үтік.)

  –  Қалай  ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен  тазалап болған соң не істеу  керек?  (балалар жауабы)

– Дұрыс айтасыңдар, электрқұрылғыларды сөндіру керек.

Ойын  «Өрт  туғызуы мүмкін заттарды  анықта»

Өрт туғызатын  заттар үстіненен тышқанды қойып басқанда қалады, ал қауіпсіз заттар жоқ болып кетеді

Ойын «Өрт тақтасында  тұратын заттар»

Өрт тақтасында  тұратын зат болса үстінен басқанда өрт тақтасына барып орналасады, басқа заттар орнынан қозғалмайды.  

                                 

                            Сергіту  сәті “Ұйқасың  тап»

  • Бір, екі, үш, төрт,  пәтерде болып жатыр …….(өрт)
  • Түтін басып  кетіпті, сөндірмеген  біреу……(үтікті).
  • Қызыл  жалын лаулады, демек  шырпымен біреу…….. (ойнады)
  • Тек тұрғаның жарамас, тез  101 ге сен …… (хабарлас)
  • Өртке  оранды шатыр, өртсөндірушіні  тез…….( шақыр)

 

  ІV.

  - Сен құлап қолыңды  жарақаттап алдың дейік. Берілген заттар ішінен жарақатты (йод, мақта, ине, зеленка, градусник,  дәрі, дәкі)  өндейтін заттарды көрсет

Ойын-жаттығу “ Алғашқы көмек көрсету” Қолданылған  материал:

Если малыш поранился. Демонстрационный материал Бурдина С.В.

Күйік   алған  кезде (слайд)

Жарақат алған кезде (машықтық)

 

    V Қорытынды

   Жарайсыңдар, балалар! Қауіпсіздік  ережелерін жақсы біледі  екенсіңдер. Енді  сендерді Қауіпсіздік Ережесі елінің азаматы деп атауға болады.

     Мен  сендерге  Онлайн ойын  арқылы  Қауіпсіздік Ережесі елінің азаматы  болуларыңмен құттықтап, құттықтау қағазын  беремін.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бағдаршам және біз»
Tours you will never forget
“To be’’ етістігінің қолданылуы.
ЕТК қауіпсіздік ережесі
ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Семей көшелері
Саяси партиялар
Сақ бол¸балдырған!
Жол ережесін білесің бе?
Электрден зақымданудан сақтану. Үй жиһаздары. Жиһаздарды жөндеу
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11856 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык