|
|
Ғажайып музыка ертегісі
Сабақтың тақырыбы :«Ғажайып музыка ертегісі»
Сабақтың мақсаты:1.Қазақ халқының мол мұрасымен таныстыру, соның ішінде балаға ең жақын аңыз- ертегілер әлемімен табыстыру.
2.Музыкалық ертегі сөзінің мәнін түсіндіру негізінде баланы ертегінің қызғылықты да мәндірек болуы үшін музыканы тыңдауға тәрбиелеу.
3.Оқушылардың ұлттық аспаптар жөніндегі түсінігін кеңейту,олардың музыкаға, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,музыкалық орталық;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау әдісі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.Сабақтың жүрісі:
Сабағымыз «Ғажайып музыка ертегісі» деп аталады. Сондықтан сабақты музыкалық ертегі желісімен өткіземіз.
Ертегі- ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармалардың бір түрі.
Мен сіздерге «Сиқырлы аспаптар» ертегісін айтып беремін, дұрыс көңіл қойып отырыңыздар, өйткені мен сіздерге ертегі барысында жұмбақтар жасырамын.Жұмбақтарды шешуге көмектесесіңдер.
Бұрынғы өткен заманда бір күйші ғұмыр кешіпті.Бала кезінен өнер қуып, күй шертіпті.Өмір бойы домбыра,қобыз,жетіге,сыбызғы,шаңқобыз асапаптарын жасапты. (осы кезде слайдтан аталған аспаптар кезекпен шығып тұрады)Оның орындаған күйлерін тыңдаған адамдар да,жан- жануарлар да жүректеріне тәтті шырын құйылғандай ерекше сезімге бөленеді екен.Сырқат адам ауырғанын, мұңды адам қайғысын ұмытып, жылаған бала жылағанын тоқтатып,өмір бойы осылай болуды қалап, сиқырлы сәттің бітпеуін тілейді екен.Күйшінің және оның аспаптарының ерекше сиқыры да осындай екен.Жылдар өтіп, күйші қартайыпты.Күйші:
- Кімде кім менің сиқырлы аспаптарма тіл бітіріп шырқатса,сол адамға аспаптарымды мұра етіп қалдырамын,- деп жар салады.
Сол заманда Өнербай деген кісінің жеті ұлы болыпты.Олар шетінен өнерлі,ақылды. Дарынды болып өскен екен.Олар өнер, білім іздеп ел аралап жүріп, күйшінің үйіне келеді.Балалар амандасып үйге кіргенде ілулі тұрған аспаптар сыр шерткісі келіп тұрғандай күңіреніп кетеді.Енді, балалар,қарияның аспаптарын мұраға алуы үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?Әрине жасырған жұмбақтарын шешулері керек.
- Дұрыстап тыңдаңдар.Қарияның бірінші жұмбағы:
Тоғыз белбеулі,
Екі тербеулі
Қос құлақты
Үні ұнамды (6 слайд)
- Кәне кім айтады?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына домбыра аспабын алады. (домбырада күй естылып тұрады)
Үнім менің шалқиды бар ғаламға,
Арнаймын саз- күйімді бар адамға.
Құрманғазы,Тәттімбет,Дина әжемнің
Күйлерін кім жеткізер болашаққа.
- Қарияның екәнші жұмбағын тыңдаңыздар:
Бас,құлақ,мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар.(7 слайд)
- Кәне кім айтады?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына қобыз аспабын алады. (қобыздың үні естіліп тұрады)
-Ата Қорқыт жасаған нар қобызбым
Тарихты да жырлаған наз қобызбын
Қанша ғасыр өтсе де киелімін.
Ұрпақтармен бірге жасап келемін.
- Қарияның үшінші жұмбағын тыңдаңыздар:
Жеті ішектен жеті түрлі үн шыағр,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең жеті түрлі мұң шығар,
Бұл қандай аспап?
- Кәне кім айтады?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына жетіген аспабын алады. (жетігеннің үні естіліп тұрады)
- Қайғы басқан қарияның
Зарын жырлап беремін
Жеті ұлына арналған
Күйді шертіп беремін.
- Қарияның төртінші жұмбағы:
- Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын, аспаптың бірі
- Кане,балалар,кім айтады екен жауабын?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына сыбызғы аспабын алады,(сыбызғының үні естіліп тұрады)
-Қамыс,қурай,ағаштан
Түтікше боп ысылған.
Үрлемелі ойықты
Дыбысым нәзік сызылған,- деп сыбызғы аспабына тәл бітеді.
-Балалар,енді қарияның бесінші жұмбағын жасырамын:
Тілшікті аспап,қобыздай асқақ,
Ерекше үні бар, бұл қандай аспап?
-Кане, дұрыс жауабын кім берер екен?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, шаңқобыз аспабына ие болады.(Шаңқобыздың үні естіледі)
Үнім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуені,
Шаңқобызға не жеткен,- деп, аспапқа тіл бітеді.
-Қарияның алтыншы жұмбағын жасырамын:
-Қоңыр сазды даусы бар,
Шертсең күй, әні бар.
Домбыраға ұқсайтын,
Бұл қай аспап?
Дұрыс жауабын берген баланы ортаға шақырып,қолына шертер аспабын береміз.Осы кезде шертер үні естіліп тұрады:
- Ұш ішекті аспаппын
Құлағымды оң бұра
Шалықтатып күй шертіп
Шертер аспап атандым.
-Ал, енді, балалар қарияның соңғы жұмбағын тыңдаңдар:
-Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған.
-Бұл жұмбақтың жауабы, дұрыс айтасыңдар,жауынгерге қайрат- күш беретін аспап- дабыл.Ортаға дұрыс жауабын берген оқушыны шақырып, қолына дабыл аспабын ұстатамыз.Осы кезде оқушылар күңіренген дабыл үнін дыңдайды.
-Күйші ақсақал балалардың өнерлеріне риза болып, сиқырлы сазды аспаптарының мұрагерлері табылып,өнерінің өшпейтініне көзі жетіп, ұлан- асыр той жасапты.
- Балалар, мен де сендердің тапқырлықтарыңа риза болып тұрмын.Сендер енді Өнербай қарттың жеті ұлысыңдар, қолдарыңдағы аспаптардың қалай ойналатынын білесіңдер, солай емес пе?Олай болса, біз сіздермен ертегіні қорытындылау мақсатында «Біздің оркестр» ойынын ойнаймыз.(Осылайша сабағымыздың 4-ші бөліміне көшіп кетеміз)
4. Музыка тыңдау бөлімі: Оқушылар Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып, күйдің әуенімен қолдарындағы аспаптардың қимылын салады.Осыдан оқушылардың аспаптар туралы түсінігінің қаншалықты кеңейгенін байқаймыз.Оқушылар күйдің әуенін тыңдай отырып, барларын салып аспапта ойнап отырғандай қимылын салады.
5.Ән үйрену. Сабағымыз Ж.Назаровтың «Ертегі» әнін үйренумен жалғасады.Алдымен қазақ халқа ертегілеріндегі «Ерте, ерте, ерте екен,Ешкі жүні бөрте екен» деген шумаққа дауыс жаттығуын жасаймыз.Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстардың бір қалыпты шығуына,тыныстың дұрыс алынуына және дауысты дыбыстардың еркін, ал дауыссыз дыбыстардың анық қысқа айтылып орындалуына көңіл бөлеміз. Бұл жерде тізбекті дем алу әдісін пайдаланамыз.Дауыс жаттығуы кезінде дикция таза болуы үшін дауысты дыбыстарды созып айтуды талап етеміз.
«Ертегі» әні балалардың үйренуіне жеңіл,дауыс диапазонына лайықты ән.Ән сөзі интерактивті тақтада жазулы тұрады.
6.Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен «Жасырынған аспапты тап» ойынын ойнаймыз.Интерактивті тақтада сандар жазылған ұяшықтар көрсетілген.Оқушылар осы ұяшықтарды кезек таңдап алады.Таңдаған ұяшықтың астында аспаптардың суреттері жасырынған, егер сол аспапты дұрыс атасаң атаған аспабыңның үнін тыңдай аласың.
7.Бағалау.
8.Үйге тапсырма.
Жеткен нәтежием:
1.Оқушылардың аңыз- ертегілер жөнінде түсінігі кеңейді.
2.Музыкалық ертегінің не екенін түсіне алды.
3.Аспаптарды атауымен ажырата білді.
4.Аспаптардың үнін тани алды.
5.Жаңа ән үйренді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |