Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білімді тиянақтау. Септіктер. Ілік септік.


Білімді тиянақтау. Септіктер. Ілік септік.

Білімді тиянақтау. Септіктер. Ілік септік.

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Септіктер. Ілік септік
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Ілік  септіктегінің сұрақтары мен жалғаулары туралы білімдерін тиянақтап, бағалау.
2.Дамытушылық.Балалардың таным қабілеттерін дамыту,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөздік қорын,күнделікті сөйлеу тілін дамыту.


3.Тәрбиелік.Дәптермен жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу,білетінін дәлелдей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пән аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,топтық жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, алдын –ала дайындалған флипчарт.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.

- Балалар бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Олар-ұстаздар. Ендеше келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.
Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.-дей отырып қазақ тілі сабағымызды бастайық.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
4 –жаттығу.Оқушы дауыстап оқиды.Қалған оқушылар тексереді.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сыныпты топқа бөлу(атау)

Оқушылар біз бүгін топ арқылы білімдерімізді тексереміз.

1-топ: «Алғырлар» 2-топ: «Тапқырлар» 3-топ: «Білімділер»

«Сынық әріптер» әр топқа беріледі. «Септіктер» сөзін құрау.Қай топ бірінші тауып алады.

-Дұрыс,септіктерді өттік.

Қазір ассоциация құру.(ауызша сұрап кету.)

 

                    Дәптермен жұмыс:

Қаңтардың жиырма төрті

Сынып жұмысы

                                                                            

Көркем жазу: іі «Ілік» сөзі

 

Суретпен жұмыс:

 

Әр топ суретті септейді

 

Мақал-мәтел сайысы

 1-топ

Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

 

Біреудің сөзі әдемі, біреудің көзі әдемі.

Елі байдың-жері бай.

 

Өз жұрттың  - күншіл,

Нағашы жұрттың – сыншыл,

Қайың жұрттың  міншіл келеді.

 

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

 

Елшінің қылышы – тіл.

 

Аталар сөзі –

Ақылдың көзі

 

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

 

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

 

Адам елінде көгерер,

қоға көлінде көгерер.

 

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

 

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

 

Ел не демейді,

есек не жемейді.

Ел болам десең, бесігіңді түзе.

  

Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

Отанды сүю – от басынан басталады.

 

Пәлен жерде алтын бар,

Өз еліңдей қайда бар.

 

Туған жердің жуасы да тәтті.

 

Әркімнің өз жері - жұмақ.

 

Тақтамен жұмыс:

3- жаттығу. Көп нүктенің орнына ілік септік жалғауларын қойып,мақалдарды көшіріп жаз.

 

Егеменді ел... еңсесі биік. Еріншек... ертеңі таусылмас. Адалдық – ардың ісі. Жартыны бөліп жеген – татаулық.... белгісі. Ата – баланың қорғаны.

 

Жұмбақтар әлемі                                                                                     

 

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)
 

Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

 

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

 

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

 

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

4-жаттығу. Көп нүктенің орнына ілік септіктегі сөздерді тауып жаз.

......ішті                          өмірі                     інісі

       Терезесі                жасы                      баласы

        іргесі                    кітабы                   досы

Ілік септіктегі сөздерге сұрақ қой.

         ІV. Бекіту Тест жұмысы

V. Бағалау
“Төрт” дегенің- жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
“Бес” дегенің- үздік баға
Оқитын бол үздік қана.

VI. Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Септіктен алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық
5- жаттығу. Ережелерді қайталау.

Ойын автоматтары Aviator – бұл ақша тегін тырыс ойын, жеткілікті онлайн-казиноларда ойнауға болатын құмар ойыны. Осы ойындың дамуы сондай-ақ: көп ойыншылар ойын автоматтары Aviator-дан әзірлеуші, сондықтан осы ойын туралы ақпарат алу керек. Бұл мақала ойын автоматтары Aviator туралы болады, әрекет санаттары мен советтер арқылы бейнелеулік көрсетеді. бұл онлайн-казинода ойнауға болатын құмар ойыны. Осы ойында тиісті жеткізуші көтерілген куранты атырау жасау үшін көтерілген ақша ақпараттарының орналасқан графикалық көрінісін болады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ілік септік
Дауыссыз л мен р
Көмектес септік
Шығыс септік
Ілік септігі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі. Көмектес септігі.
Септіктер, 4-класс
Көмектес септік 4 сынып
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 77646 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык