|
|
Ч ч дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ч ч дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаңа дыбысты таныту, таңбалап жазуды меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлауын, сөйлеуін, практикалық іс-әрекетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе, суреттер, чемпиондар, медальдар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта оқушылар түгел ме?
- Бүгін достарыңа не айтар едіңдер?
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы күн болсын!
Жұма күнгі күніміз,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестіктер болсын!
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Қазір бізде әліппе сабағы.
- Әліппе сабағы бізге не үйретеді?
- Әліппе сабағы бізге әріп, дыбыстарды үйретеді.
- Тағы нені үйретеді?
- Әріп, буын, сөз, сөйлем туралы үйретеді.
- Дұрыс балалар, осы әліппе сабағынан не үйренгенімізді көруге қонаққа цирк ойыншысы буратино келді.
- Қане, буратино біздің білімімізге риза болсын, сабаққа белсенді қатысып, өз білімімізді көрсетейік.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
- Әріп дегеніміз не?
- Әріпті біз көреміз, жазамыз.
- Әріпке әріпті қоссақ буын шығады.
- Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
- Дыбыстарды екіге бөлеміз.
- Дауысты, дауыссыз дыбыс.
-
Дыбыстарды қайталау.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстың?
- Ц ц дыбысы.
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Тақтаға жазайық.
- Ц дыбысына сөздер ойлайық...
- Цемент, цех, цирк.
- Үйге қандай тапсырма бердім?
- Цирк мәтіні, «Клоуынның сыры» жаттау.
- Мәтінді оқу, мазмұнын айту. «Клоуынның сыры» өлеңін жатқа айту.
- Аю сендерге, мына таңбаларға қарап не айтуға болатынын білгісі келеді.
- Не айтуға болады?
- Әріптер
- Осы әріптерге байланысты жаттаған жұмбақтарымызды еске түсірейікші.
Жұмбақтар айту. Ю, Х, З, Ф
III. Жаңа сабақ.
- Ал мынау не?
- Чемодан – киім саламыз, жол жүргенде ұстаймыз.
- Қане, буынға бөлейік. Ол бізге қажет.
Че-мо-дан
1-ші буында сөздің басында қандай дыбыс естіледі? Сөз ішінен бөліп айтайық.
Ч-дыбасы
- Айтылуына қандай дыбыс дейміз.
Ч дабыссыз, шұғыл айтылады, кедергімен қысқа айтылады. Орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
- Буынға бөле отырып, дыбыстық талдау жасайық.
Ч ооооооо
Сөйлем құрау
Ч дыбысын естісек, енді көреміз.
Мынау ч дыбысының ріп таңбасы. Баспа түрі, жазба түрі.
- –Балалар, кірпі сендерді бүгінгі өткен жаңа сабаққа байланысты жаңа сөздермн таныстырмақ. Қане, қандай сөздер екен оқиық.
- Сөздік жұмыс.
Чемпион – олимпиада чемпиондарын айту.
Чемпион – жарыс
Чек –
Почта –
- Оқулықпен жұмыс.
- Сурет бойынша жұмыс. Оқушылар шаңғы жарысына қатысты. Алмат, Азат шаңғы жарысына қатысты. Азат 1-ші болып келді. Жарысты тамашалауға ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар келді. Азат чемпион атанды.
Чемпион – I орын алған адам
Атақ алған адам Жеңімпаз Бәрін жеңген адам Спортпен айналысады
Чек туралы түсінік беру.
Буындық, дыбыстық талдау.
- «Болашақ чемпион» өлеңін оқу.
Мұғалімнің оқуы.
Оқушылардың оқуы.
Тізбектей оқу.
IV. Сергіту сәті.
«Қол күрес» ойыны
Чемпионды анықтау.
Дәптермен жұмыс.
- Балалар, біз ч дыбысының баспа түрін оқып таныстық. Енді, сиқырлы қарындаш сендерді жазба түрімен таныстыруға келді. Қане, сиқырлы қарындашымыз риза болсын, әдімі етіп жазайық.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
А) Ауаға жазу
Ә) Тақатға жазу
Б) Кіші, бас, ч әрпін жазу
V. Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ч дыбысы
- Қандай дыбыс?
- Ч дыбысы бар қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Чемодан, чемпион, чек, почташы.
- Қай жерлерінде ч дыбысы кездеседі?
Ойын «Қай әріпті жоғалттым?» (плакаттағы сөздерді оқып, керекті әріптерді жазу)
VI. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |