Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дара және күрделі сын есім.


Дара және күрделі сын есім.

Дара және  күрделі сын есім.

Тақырыбы:  Дара және  күрделі сын есім.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:    Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру
  •  Дамытушылық:  Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету
  •  Тәрбиелік:  Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа,әдептілікке,сауаттылыққа жетелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі :Кестелер, үлестірмелі қағаздар,  слайдтар, суреттер.  

 Жоспары:

1-кезең: Ұйымдастыру кезеңі

              -Сәлемдесу.

"Сәлем" деп амандасамыз қолымызбен,

"Сәлем" деп қараймыз көзімізбен,

"Сәлем" деп айтамыз аузымызбен.

"Сәлем! "

Қуаныш   сыйлаймыз    бәріңізге.

 

2-кезең:  Еске түсіру сәті

              -«Толықтыру тесті»

1 - нұсқа

1.Зат есім дегеніміз -____________________

 2.Зат  есімнің сұрақтары _________________

  3.Етістіктің сұрақтары ___________________

  4.Сын есімді  қойып жаз.

__  __  балаға айтсаң –білер,

______ балаға айтсаң –күлер.

5.Етістікті  тауып жаз.

Жанар, келді, биік,жиырма. ______________

 

2 - нұсқа

1.Етістік  дегеніміз -____________________

2.Етістіктің түрлері

_____________________________

3.Сан есімнің сұрақтары

_____________________________

4.Сын есімді  қойып жаз.

    ______балаға айтсаң –білер,    ______балаға айтсаң –күлер.

   5.Сан  есімді тауып жаз.

  Жанар, келді, биік,жиырма. _______________

Сын есім дара және күрделі болады.

   Дара сын есім бір сөзден жасалады:  сары,биік.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады:  сары ала, қара торы.

 

3-кезең:  Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз,

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

 

4-кезең:  Тіл дамыту жаттығулары

19-жаттығу.

* Мәтінді көшіріп жаз.

* Сын есімдердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Сонда не байқадың?

20-жаттығу.

  • Дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге

айналдырып жаз

21-жаттығу.

  • Берілген күрделі сын есімдерді қатыстырып,

сөйлем құрап жаз

 

5-кезең:  Ой сергіту жаттығулары

              - сызбаны толықтыр

Зат есім    етістік        сан есім       сын есім  

7-кезең:  Бағалау

8-кезең:  Үйге тапсырма 23 – 24 жаттығу 140 бет


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Сөз таптары
Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер
Сын есім
«Зат есім» тақырыбы бойынша
Дара және күрделі сын есімдерге жаттығулар орындау
Зат есім
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сан есім
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 13361 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык