Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 5157 |
|
|
|
Үй жануарлары. Дыбыстық талдау
Тақырыбы: Үй жануарлары. Дыбыстық талдау
Мақсаты: 1.Үй жануарларымен танысу.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Үй жануарлары күте білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:үй жануарлары суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Үй құстары,олардың тіршілігі жайлы
әңгімелету.Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу: ОООО, ООООО, ОООООО, ООООООО.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін үй жануарларымен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Түйе-ботақан.
Сиыр-бұзау.
Жылқы-құлыншақ.
Қой-қозы.
Ешкі-лақ.
2.”Үй жануарлары”мәтінін құру.
Төрт түлік атасы: Түйе атасы -Ойсыл қара.
Сиыр атасы -Зеңгі баба.
Жылқы атасы –Қамбар ата..
Қой атасы -Шопан ата.
Ешкі атасы -Сексек ата.
3.Сұраққа жауап беру.Неге үй жануарлары дейді?
Олардың пайдасы жайлы не білесің?
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтаменжұмыс:
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Сөз,сөйлем құрастыру.
Сөйлем жазу.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Қой жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау
Дүниетану.
Тақырыбы:Отбасы. Мен және біз
Мақсаты: 1.Отбасы туралы оқушыларға мағлұмат беру.
2.Сурет бойынша еркін әңгіме құрай білуге,өз ойын ортаға салып,отбасы
мүшелерін атай білуге,оларға тигізетін көмектері жайлы айта білуге
дағдыландыру.
3.Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.
Көрнекілігі:отбасы суреттері.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
-Сурет бойынша әңгіме құру.
-“Менің отбасым” туралы әңгімелеу.
3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
4.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Отбасы.”
-Сурет бойынша әңгімелеу.
-Суретке ат қой.
-Отбасы туралы әңгімелеу.Отбасы мүшелерін атау.
Әке,шеше,ұл,қыз-қосылып отбасын құрайды.Үлкен-кішілігіне қарай:аға,іні,
әпке,сіңлі,қарындас деп аталады.Отбасы-әр адамға жылы ұядай қадірлі.Ондағы әр адам бір-бірін сыйлайды.Әке мен шешенің ата-анасы бірге тұрса оларды,балалары ата,әже деп атайды да,отбасы мүшелеріне қосылады.Ал егер олар бөлек тұрса,олар жеке отбасы болып саналады.
4.Сергіту сәті.
5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2.Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
6.Дәптермен жұмыс:
1.Отбасы суретін салу.
2.Отбасы деген:әке,шеше,балалары.
Қорытындылау.
-Өз отбасыңда кімдер бар?
-Ата-анаңнан басқа үлкендер болса,олардың кімдер екенін айт.
-Отбасыңа сенің қандай көмегің тиеді?
-Үлкендер саған қандай көмек береді?
7.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.“Менің отбасым” туралы оқу,мазмұндау,әңгіме жазу.
8.Бағалау
Ана тілі.
Тақырыбы:Наурыз-жыл басы.С.Мұқанов.
Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
2.Оқушыларды ұлттық мейраммен,оның маңызымен таныстыру,сауатты
жазуға машықтандыру.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Ақын тілегі ”мәтінін оқыту,мазмұндау.
3. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
2. Қорытындылау
4. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Наурыз-жыл басы.С.Мұқанов.
109-110 жаттығу
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.
Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін және атын білдіреді.
-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз-жыл аттары.
-Биыл қай жыл?
-Сен қай жылы туғансың?
3.Сергіту сәті
6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2.Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Заттың қимылын білдіретін сөздер” тақырыбын
қайталау.
Көркем жазу минуты.Әә \сөздер жазу\.
109-жаттығу. 1.Әңгімені оқып,мазмұнын айтып беріңдер.
2.Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Қорытындылау.
Есте сақта!
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың
қимылын,іс-әрекетін білдіреді:оқыды,жазды,жүгірді,жүзді,жылтырады.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 110-жаттығу.
9.Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |