Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 6592 |
|
|
|
Көксерек - табиғаттың тағы перзенті
Көксерек - табиғаттың тағы перзенті
Сабақтың мақсаты: 1. шығарманың мазмұнын талдай отырып
Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету; 2.
оқушыларды адалдыққа , табиғатқа қамқор болуға , әр қадамын ойланып
істеуге тәрбиелеу ; 3. балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету , іздендіру
арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі : сот сабақ.
Сабақтың әдісі: сұчбаттасу (қаралаушы , куә , күнәқар , ), айтыс дәлелдеу.
Пән аралық байланыс: жануартану.
Көрнекілігі : Мұхтар портреті , бүктеме , нақыл сөздер, сот киімін , қасқыр
«киімін» киген оқушылар .
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысын , мақсатын түсіндіру. Сот , адвокат,
прокурор , куәгер сөздерінің мағынысына тоқталу ашу.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1- ТОП
– Қасқырдың итпен қандай туысқандық жақтары бар , айырмашылықғы қайсы ? Қасқыр аулау қандай мұқтаждықтан туған ?
– Повесть қалай басталады .? Қасқыр інін бұзудағы үлкендер әрекетінен нені көруге болады ? Адамдар көзін аша қоймаған бөлікті ауылға не мақсатпен әкелді ?
2- ТОП
– Көксеректі қолға қалай үйретті ? Ол неге үйренді ? Нені түсінбеді ? Оны қолға үйреуде қандай ағаттықтар болды деп ойлайсындар ?
– Көксеректің ауыл иттеріне суықтығы неден пайда болды ? Көксеректі өз ортасына , тағылыққа жақындатқан нендей жағдай ? Қараадыр елінің малын қыруының , адамнан қаймықпауының себебі неде ?
3- ТОП
– Көксеректің ашынуына , ызақорлануына себеп болған оқиға қандай еді ? Мұнымен Құрмаш баланың өлімінің қандай байланысы бар ? Кек қалай алынды ? Повесть қалай аяқталады
– Аққасқаның жеңуі арқылы автор қандай ой айтқысы келген ?
Негізгі бөлім
« Көксерек » оқиғасы неліктен бұлай өтті , осыған байланысты
оқушылардың пікірін тыңдасақ.
Сот төрағасы сот үдерісін ашық деп жариялайды.
Прокурор сөз алып , «қылмыстық оқиғаға» қышқаша шолу жасайды ,
осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек
деген ұсыныс айтады.
Ақтаушылар Көксеректің ауыл иттерінен , ауыл адамдарының көбінен
не үшін таяқ жегенін , олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін , оның
себебі неде екенін айта келіп , адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке
түсініксіздігін , яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы , өз
қандастары бар екені туруалы айтады .Қасқыр адамдар арасындағы өмірге
көндікпейді , ол далада , тау – таста өмір сүру керек, бұл – табиғаттың заңы .
Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы , ерекшелігі бар . Көзін әлі ашпаған
Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де , бөрлік табиғатына тартып
екі аяақты пенднмен өштесіп өсті . Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.
Қаралаушы өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін ,
қалай тамақтандырып , қалай күткенін , сол үшін тіпті әжесінің қасынан
бөлініп , оны өзінің қасына алып жатқанын , ауыл иттерінен қорғанғанын
мәтіннен мысал келтіре отырып , Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына
зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп , оны жазалау керек деген райынан
қайтпады.
Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді.
Себебі ол – тағы . Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске
алады. Мысалы , Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көк шолақ
қаскыр болады» , «орасан боп өсті» , «жоталары дүңкиіп , жон жүндерді үрпиіп
алған», «зорайып қатты өсті » , «аяқтары жуандап , жүндерінің бәрі ұзарып
өсті» деп сипаттайды.
«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті» , «қорқ – қорқ асайды» ,
«қылқ – қылқ жұтады» , «қабырғаларын кірт – кірт сындырады» , «дүр – дүр
еткізіп келді » - бұл оның арланға тән қимылдары.
Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады» , «ызалы , долы ,
ашулы» , «долылық , жойқындық бар» , «әлі күнге бір рет жадырап ойнап
көрген емес » , «татулық жоқ , суық» , «Көксерек оңашада , елсізде қатты
ойыншыл болатын » , «ол түзде еркін ойнақы » деген тіркестермен
суреттейді . Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес , қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді. Ол өзіне тән ,
мінезіне тән әрекет жасады.
Айыпталушы Көксерек: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта
түсуіне итермелеген қосымша себептер : 1. адамдар менің ұяластарымды
өлтірді ; 2. ата – анама туған күн маған да туып , адамдар менің де күшіктерімді
өлтірді; 3. өзім адам щғына тап ьолдым , күшік кезімде де екі аяқтылардан
түрлі соққы көрдім.
Екі куәгердің сөздері .
Ақтаушылардың қорытынды сөздері : Көксеректің өзі келтірген
дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән
мінезі , табиғи қасиеті дедік . Сондықтан ол қанына тартып , иесі болса да
Құрмашты өлтірді .
Адам , жануар – табиғат жаратылысы . Олар өмір сүру үшін , ұрпақ
сақтап қалу үшін өмір сүреді .Қасқырлар жыртқыш та болса тіршілік иесі .
Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу , бөлтіріктерін өлтіру
– адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
Әңгімеде адамдар әлемінің қатігездігін көреміз, қиянатшы екенін
байқаймыз . Ойланбай істеген істің опық жегізеттінін көреміз. Құрмаш
үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді , қасқырды соймақшы болғанына
көнбеді . Ал үлкендер ертеңді ойламай , арланның өсіп жыртқыш болып
шығуына бар жағдайды жасады.
Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі
Көксерек емес.
Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі . Көксерек ,
біріншіден , тегіне тартып өлтірсе , бір жағынан оны мұндай қылыққа
итермелеген – адамдардан көрген жәбір – жапасы . Адамдар «Еккенің тікен
болса , орғаның балауса болмас » деген сөзді ескермеген . Көксерек күшік
емес , бөлтірік . «Бөрі бөрілігін істейді » , «Қасқырдың баласын қанша
асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды » деген ата – баба даналығына
сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отыр
ып оны жазадан босатамыз.
Мұғалімнің қортынды сөзі : Мұхтар Әуезовтің «Көксерек » әңгімесін
аяқтадық . Жазушының «Көксерегі» - оның ең таңдаулы шығармаларының бірі .
Үйге тапсырма : «Адамдардың ең асыл қасиеті – жақсылық »
тақырыбына эссе жазып келу .
Бағалау . Қорытынды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |